Об определении специально отведенных мест для выездной торговли на территории Ордабасынского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении специально отведенных мест для выездной торговли на территории Ордабасынского района
- Атауы (қаз.)
- Ордабасы ауданы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы орындарды белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 431
- Қабылданған күні
- 09.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 23.05.2017 108571_190093.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.05.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16UH003937
- ЭКБ идентификаторы
- 108571
- Редакция идентификаторы
- 108571_190093
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:59
0 Ордабасы ауданы аумағындағы
көшпелі сауданы жүзеге асыру
үшін арнайы орындарды
белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27 бабына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 болып тіркелген) сәйкес, Ордабасы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ордабасы ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Омарбековке жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Ордабасы ауданы әкімдігінің
9 желтоқсан 2016 жылғы
№431 қаулысына қосымша
Ордабасы ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы орындар
№
Мекен жайы
1
Қараспан ауыл округі, Қараспан елді мекенінің Сәрсенбеков көшесі мен Бимырза көшелері қиылысы
2
Бөржар ауыл округі, Ұялыжар елді мекенінің Төлеби көшесі мен С.Мұханов көшелері қиылысы
3
Жеңіс ауыл округі, Жеңіс елді мекенінің С.Қожанов көшесінің бойы
4
Бөген ауыл округі, Бөген елді мекенінің Б.Кенжебаев көшесінің бойындағы «Жетібай А» наубайханасы мен «Қарабала» шаруа қожалығының ғимаратының арасы
5
Бадам ауыл округі, Бадам елді мекенінің Б.Момышұлы көшесі мен Т.Жананов көшелерінің қиылысы
6
Төрткөл ауыл округі, Төрткөл елді мекенінің Батыс Еуропа, Батыс Қытай тас жолы бойы және Спатаев елді мекенінің Батыс Еуропа, Батыс Қытай тас жолы бойы
7
Шұбар ауыл округі, Шұбар елді мекенінің Райымбек батыр көшесі
8
Қарақұм ауыл округі, Қарақұм елді мекенінің Қажымұқан көшесі мен М.Маметова көшелері қиылысы
9
Шұбарсу ауыл округі, Шұбарсу елді мекенінің Д.Қонаев көшесі Қазыбек би көшелері қиылысы
10
Қажымұқан ауыл округі, Қажымұқан елді мекенінің Қажымұқан көшесінің бойындағы 170 үй мен 174 үйдің арасы