Об определении специально отведенных мест для выездной торговли на территории города Арыс
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении специально отведенных мест для выездной торговли на территории города Арыс
- Атауы (қаз.)
- Арыс қаласы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы орындарды белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 370
- Қабылданған күні
- 15.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 29.05.2017 108581_191495.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.05.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16UB003949
- ЭКБ идентификаторы
- 108581
- Редакция идентификаторы
- 108581_191495
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:52
0 Арыс қаласы аумағындағы
көшпелі сауданы жүзеге
асыру үшін арнайы орындарды
белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының
27 бабына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы
27 наурыздағы №264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 болып тіркелген) сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Арыс қаласының аумағында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшін арнайы орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгiленсiн.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары
С.Дәрібайға жүктелсiн.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
4 Арыс қаласы
әкімдігінің 2016 жылғы
15 желтоқсандағы №370
қаулысына қосымша
Арыс қаласы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы орындар
№
Қала және елді мекен атаулары
Орналасатын орны
1
Арыс қаласы
Привокзальный көшесі, ескі Казпочта ғимаратының жаны
2
Арыс қаласы
М.Ауезов көшесінің соңы, Арыс ІІ теміржол вокзалы маңының батыс жағы
3
Арыс қаласы
Азизаев көшесі және Шпал зауыт көшелерінің қиылысы, дүкендердің алды
4
Арыс қаласы
Ақынбеков көшесі, №№127, 128, 129 көп қабатты тұрғын үйлердің алды
5
Арыс қаласы
Әль-Фараби көшесі, №№5, 45, 7 көп қабатты тұрғын үйлердің алды
6
Арыс қаласы
Әль-Фараби көшесі, №№36, 46 көп қабатты тұрғын үйлердің алды
7
Арыс қаласы
Майлықожа көшесі №№110, 112 көп қабатты тұрғын үйлердің алды
8
Арыс қаласы
Көктем 2 мөлтек ауданы, №1 көшесіндегі №1 және №3 көп қабатты тұрғын үйлердің алды
9
Монтайтас ауылдық округі
клуб ғимаратының алды
10
Ақдала ауылдық округі
Ақдала ауылдық округіне кіре-беріс жол бойындағы, «Жас қанат» жанар жағар-май бекетінің артқы жағындағы алаң