Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламентов государственных услуг в области животноводства

Қаулы · № 549 · қабылданған 09.12.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-108583/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об утверждении регламентов государственных услуг в области животноводства Күшін жойған Қаулы ·№ 549 ·09.12.2016
08.01.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламентов государственных услуг в области животноводства

Күшін жойған Қаулы ·№ 549 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламентов государственных услуг в области животноводства
Атауы (қаз.)
Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
549
Қабылданған күні
09.12.2016
Көрсетілген редакция
08.01.2020 108583_437914.kaz
Соңғы өзгеріс
08.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16N0006764
ЭКБ идентификаторы
108583
Редакция идентификаторы
108583_437914
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:59

0 Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1

2 2) «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін;

3 3) «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2

2. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 500 «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6079 болып тіркелді, 2015 жылғы 26 желтоқсанда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Әкімдіктің
2016 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 549 қаулысына
1-қосымша
«Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

9 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Әкімдіктің
2016 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 549 қаулысына
2-қосымша
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы
өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы («Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттiк қызметті көрсетудің нәтижесін беру «электрондық үкiметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).

3

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11284 болып тіркелген) бекітілген «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға арналған өтінімді қарастыру нәтижелері туралы хабарлама не көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша бас тарту туралы уәжді жауабы.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
Көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы хабарлама жолданады.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

4 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арқылы көрсетілмейді.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

5 5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арқылы көрсетілмейді.

4 4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

6 6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы арқылы көрсетілмейді.

7 7. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жүгіну тәртібін және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркелуді, авторизациялауды жеке сәйкестендіру нөмірі, ЭЦҚ арқылы жүзеге асырады;

2 2) көрсетілетін қызметті алушы электрондық мемлекеттік қызметті таңдайды, электрондық сұраным жолдарын толтырады және құжаттар топтамасын тіркейді;

3 3) көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үшін электрондық сұранымды куәландыруды жүргізеді;

4 4) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұранымын өңдеуді (тексеруді, тіркеуді) жүзеге асырады;

5 5) көрсетілетін қызметті алушы Порталдағы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» электрондық сұранымның мәртебесі және Стандарттың 4-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі туралы хабарламаны алады;

6 6) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдайды;

7 7) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» алады.

8 Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

8. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдары осы Регламенттің қосымшасына сәйкес диаграммада көрсетілген.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған
ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы
Шартты белгілер:

29 «Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Әкімдіктің
2016 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 549 қаулысына
3-қосымша
«Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете
қайта өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған шығындарын
субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы («Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесін беру «электрондық үкiметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

3

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – субсидияны аудару туралы хабарлама не Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11284 болып тіркелген) бекітілген «Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау» осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті ұсынудан уәжді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
Көрсетілетін қызметті алушыға Стандарттың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы хабарлама жолданады.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

4 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арқылы көрсетілмейді.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

5 5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арқылы көрсетілмейді.

4 4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

6 6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы арқылы көрсетілмейді.

7 7. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жүгіну тәртібін және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркелуді, авторизациялауды жеке сәйкестендіру нөмірі, электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы жүзеге асырады;

2 2) көрсетілетін қызметті алушы электрондық мемлекеттік қызметті таңдайды, электрондық сұраным жолдарын толтырады және құжаттар топтамасын тіркейді;

3 3) көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үшін электрондық сұранымды куәландыруды жүргізеді;

4 4) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұранымын өңдеуді (тексеруді, тіркеуді) жүзеге асырады;

5 5) көрсетілетін қызметті алушы Порталдағы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» электрондық сұранымның мәртебесі және Стандарттың 4-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі туралы хабарламаны алады;

6 6) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының электрондық почтасының мекенжайына және «жеке кабинетіне» ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдайды;

7 7) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының электрондық почтасының мекенжайынан және «жеке кабинетінен» алады.

8 Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

8. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдары осы Регламенттің қосымшасына сәйкес диаграммада көрсетілген.
«Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған
ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы
Шартты белгілер:

Қолданыстағы