О присвоении наименования безымянным улицам города Форт - Шевченко
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О присвоении наименования безымянным улицам города Форт - Шевченко
- Атауы (қаз.)
- Форт - Шевченко қаласындағы атаусыз көшелерге атау беру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 7/54
- Қабылданған күні
- 29.11.2016
- Көрсетілген редакция
- 29.11.2016 108608_132889.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.11.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16MF003230
- ЭКБ идентификаторы
- 108608
- Редакция идентификаторы
- 108608_132889
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:07
0 Форт - Шевченко қаласындағы атаусыз
көшелерге атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Форт - Шевченко қаласының халқының пікірін ескере отырып және Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 9 қарашадағы қорытындысының негізінде, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Форт - Шевченко қаласының Жаңа Кетік шағын ауданының екінші кварталындағы атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:
орталық көше - Қосай Қаниұлы атындағы көше;
батыс бағытындағы бірінші көше - Тұрсын Қожықов атындағы көше;
батыс бағытындағы екінші көше - Дүйінбай Тарғынұлы атындағы көше.
2 2. Түпқараған аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (А.Ізбен) осы бірлескен қаулы мен шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Форт - Шевченко қаласының әкіміне (М.Дощанов) жүктелсін.
4 4. Осы бірлескен қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Түпқараған аудандық ішкі саясат
және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
А.Ордабаева
29 қараша 2016 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Форт - Шевченко қаласының әкімі
М.Дощанов
29 қараша 2016 жыл