О предоставлении лекарственных средств дополнительно
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении лекарственных средств дополнительно
- Атауы (қаз.)
- Дәрілік заттарды қосымша беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 143
- Қабылданған күні
- 12.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 25.02.2021 108675_511223.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16K0004068
- ЭКБ идентификаторы
- 108675
- Редакция идентификаторы
- 108675_511223
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:57
0 Дәрілік заттарды
қосымша
беру туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қарағанды облысының мәслихаты, ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар тегін берілетін азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша: диагнозы бар азаматтарға дәрілік заттар (рецепт бойынша) беріледі:
«Муковисцидоз» - « Тобрамицин» дәрілік заты;
«Жүйелі склеродермия» - «Метилпреднизолон» дәрілік заты;
«Бехчета ауруы» - «Азатиоприн» дәрілік заты;
«Жүйелі қызыл жегі» - «Белимумаб» дәрілік заты;
«Аяқ артерияларының облитерациялайтын атеросклерозы» - «Ривароксабан» дәрілік заты;
«Жүрекшелердің созылмалы фибрилляциясы (жыпылықтайтын аритмия)» - «Ривароксабан» дәрілік құралы.