Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача удостоверения реабилитированному лицу»

Қаулы · № 275 · қабылданған 29.11.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-108695/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача удостоверения реабилитированному лицу» Күшін жойған Қаулы ·№ 275 ·29.11.2016
25.12.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача удостоверения реабилитированному лицу»

Күшін жойған Қаулы ·№ 275 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача удостоверения реабилитированному лицу»
Атауы (қаз.)
«Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
275
Қабылданған күні
29.11.2016
Көрсетілген редакция
25.12.2019 108695_694805.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16T0003739
ЭКБ идентификаторы
108695
Редакция идентификаторы
108695_694805
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:08

0 «Ақталған адамға куәлік беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентін бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.И. Нәутиевке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Атырау облысы әкімдігінің

2016 жылғы «29» қарашадағы
№275 қаулысына
қосымша
Атырау облысы әкімдігінің
2016 жылғы «29» қарашадағы
№275 қаулысымен
бекітілген
«Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Атырау қаласы мен облыс аудандарының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: «Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру қағидаларын, ақталған адамның куәлігінің үлгісін бекіту және «Саяси қуғын-сүргінге ұшырап ақталған адамдарды куәлікпен қамтамасыз ету тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 22 қазандағы №1055 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі №184 қаулысымен бекітілген үлгідегі куәлік немесе оның телнұсқасы.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

4

4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11342 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде қабылдау, оларды тіркеуді жүзеге асырады және тіркелген күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген үзбелі талон береді және құжаттарды бұрыштама қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 10 (он) минут ішінде кіріс құжаттарымен танысады және мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы келіп түскен құжаттарды 4 (төрт) жұмыс күні ішінде қарайды, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ресімдейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне 10 (он) минут ішінде қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманына жолдайды;

5 5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін 30 (отыз) минут ішінде тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді.

3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

6 6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

7

7. Әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында, «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы 2-қосымшасында келтірілген.

23 «Ақталған адамға куәлік беру»

мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша
Әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы

24 «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша
«Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік қызметті көрсетудің
бизнес-процестерінің анықтамалығы

Қолданыстағы