Құжат мәтініне өту

Об утверждении видов высокотехнологичных медицинских услуг

Бұйрық · № 1112 · қабылданған 28.12.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-108727/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении видов высокотехнологичных медицинских услуг Күшін жойған Бұйрық ·№ 1112 ·28.12.2016
16.10.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении видов высокотехнологичных медицинских услуг

Күшін жойған Бұйрық ·№ 1112 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении видов высокотехнологичных медицинских услуг
Атауы (қаз.)
Жоғары технологиялы медициналық қызметтердің түрлерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1112
Қабылданған күні
28.12.2016
Көрсетілген редакция
16.10.2020 108727_487780.kaz
Соңғы өзгеріс
16.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014630
ЭКБ идентификаторы
108727
Редакция идентификаторы
108727_487780
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:34

0 Жоғары технологиялы

медициналық қызметтердің
түрлерін бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 42-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жоғары технологиялы медициналық қызметтердің түрлері бекітілсін.

2 2. Мынадай бұйрықтар күші жойылды деп танылсын:

1

1) «Бейіндер бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 23 желтоқсандағы №750 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9086 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 22 мамырда жарияланған);

2

2) «Бейін бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмектің түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 750 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 210 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9874 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 24 қарашада жарияланған).

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспасөз басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

1 Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін жоғары технологиялы медициналық қызметтердің түрлері

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің 2016 жылғы
28 желтоқсандағы
№ 1112 бұйрығына
қосымша
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі
шеңберінде көрсетілетін
жоғары технологиялы медициналық қызметтердің түрлері

Код
Жоғары технологиялы медициналық қызметтердің атауы
1
00.50
Жалпы жүйенің дефибрилляторын ескертусіз бивентрикулярлық электрокардиостимуляторды импланттау (CRT-P)
2
39.65
Экстракорпоралдық мембраналық оксигенация
3
35.84
Басқа айдарларда жіктелмеген ірі тамырлардың транспозициясын толық қалпына келтіру
4
35.23
Тіндік транспланттаумен митралдық қақпақшаны ашық және басқаша ауыстыру
5
35.21
Аорталық қақпақшаны тіндік транспланттаумен ашық және басқаша ауыстыру
6
35.82
Өкпе веналарының аномалдық қосылысын толық қалпына келтіру
7
37.94
Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды импланттау
8
37.66
Имплантталатын қосалқы жүрек жүйесін енгізу
9
35.33
Аннулопластика
10
81.042
Эндокорректор фиксациясы арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі
11
39.72
Бас пен мойынның тамырларын эндоваскулярлық (жаппай) эмболиялау немесе окклюзиялау
12
00.65
Стенттерді бассүйекішілік артерияларға тері арқылы импланттау
13
02.93
Интракраниалдық нейростимулятордың электродын (электродтарын) импланттау немесе ауыстыру
14
03.7992
Негіздемелік стереотаксиялық жүйені қолданумен операция
15
03.7993
Стереотаксиялық жүйені қолданумен ми нейростимуляторын импланттау
16
81.073
Эндокорректордың ішкі фиксациясы арқылы бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, бүйір көлденең қол жеткізу, дискіні протездеу
17
81.062
Эндокорректордың ішкі фиксациясы арқылы бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі
18
81.041
Ішкі транспедикулярлық жүйе мен кейдждердің фиксациясы арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі
19
81.53
Сан-жамбас буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған
20
81.55
Тізе буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған
21
50.52
Кадаврдан бауырды транспланттау
22
55.62
Кадаврдан бүйректі транспланттау
23
50.59
Бауырды басқа транспланттау
24
86.66
Теріні аллотранспланттау
25
52.53
Радикалдық субтоталдық панкреатэктомия
Консультациялық-диагностикалық көмек шеңберінде қатерлі ісік аурулары бойынша технологиялар тізімі
26
92.201
Қуықасты безі обырының жоғары мөлшердегі брахитерапиясы
27
92.202
Қуықасты безінің оқшауланған обырының интерстициалдық сәулелік терапиясы (брахитерапия)
28
92.247
Сызықтық үдеткіште фотондарды қолдану арқылы қашықтықтан сәулелік терапия
29
92.291
Қалқанша безі ауруының радио-йод терапиясы
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жоспарлы емдеуге жатқызу шеңберінде көрсетілетін жоғары технологиялы медициналық қызметтердің түрлері

Код АХЖ-9
АХЖ -9 атауы
1
00.50
Жалпы жүйенің дефибрилляторын ескертусіз бивентрикулярлық электрокардиостимуляторды импланттау (CRT-P)
2
00.51
Жалпы жүйенің бивентрикулярлық дефибрилляторын импланттау (CRT-D)
3
00.65
Стенттерді бассүйекішілік артерияларға тері арқылы импланттау
4
00.93
Транспланттау үшін кадаврдан ағзаларды және/немесе тіндерді алу
5
01.53
Эпилепсия кезінде мидың лобэктомиясы
6
02.93
Интракраниалдық нейростимулятордың электродын (электродтарын) импланттау немесе ауыстыру
7
03.7992
Негіздемелік стереотаксиялық жүйені қолданумен операция
8
03.7993
Стереотаксиялық жүйені қолданумен ми нейростимуляторын импланттау
9
03.93
Арқалық нейростимулятордың электродын (электродтарын) импланттау немесе ауыстыру
10
20.95
Электромагниттік есту аппаратын импланттау
11
33.5
Өкпені транспланттау
12
33.6
«Жүрек – өкпе» кешенін аралас транспланттау
13
35.05
Аорталық қақпақшаны эндоваскулярлық ауыстыру
14
35.11
Ауыстырмай аорталық қақпақшаның ашық вальвулопластикасы
15
35.12
Ауыстырмай митралдық қақпақшаның ашық вальвулопластикасы
16
35.121
Митралдық тесік стенозының баллондық вальвулопластикасы
17
35.14
Ауыстырмай үшжармалы қақпақшаның ашық вальвулопластикасы
18
35.21
Аорталық қақпақшаны тіндік транспланттаумен ашық және басқаша ауыстыру
19
35.23
Тіндік транспланттаумен митралдық қақпақшаны ашық және басқаша ауыстыру
20
35.33
Аннулопластика
21
35.55
Протездеу арқылы қарыншааралық қалқаншаның ақауын жабық әдіспен жою
22
35.82
Өкпе веналарының аномалдық қосылысын толық қалпына келтіру
23
35.83
Артериялық діңді толық қалпына келтіру
24
35.84
Басқа айдарларда жіктелмеген ірі тамырлардың транспозициясын толық қалпына келтіру
25
35.91
Веналық ағудың жүрекшеаралық транспозициясы
26
35.9900
Интраоперациялық радиожиілік аблацияны пайдалана отырып жүрек қақпақшаларын протездеу
27
35.991
Митралдық тесікті клиптеу
28
36.1000
Интраоперациялық радиожиілік аблацияны пайдалана отырып аортокоронарлық шунттау
29
36.16
Қос ішкі маммарлық-коронарлық шунттау
30
37.32
Жүрек аневризмасын кесу
31
37.35
Парциалдық вентрикулоэктомия
32
37.36
Жүрекшенің сол жақ құлақшасын кесу, деструкциялау және алып тастау
33
37.51
Жүректі транспланттау
34
37.66
Имплантталатын қосалқы жүрек жүйесін енгізу
35
37.76
Трансвеналық атриалдық және/немесе вентрикулярлық электродты (электродтарды) ауыстыру
36
37.94
Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды импланттау
37
37.941
Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды, жалпы жүйені ауыстыру
38
37.96
Автоматты кардиовертердің/дефибриллятордың тек импульстарының генераторын ғана импланттау
39
38.12
Бастың және мойынның басқа артерияларының эндартерэктомиясы
40
38.34
Анастомозбен қолқаның резекциясы
41
38.341
Аорта доғасының үзілісін түзету
42
39.28
Экстра-интракраниалдық васкулярлық шунттау
43
39.591
Аорта-өкпе саңылауының пластикасы
44
39.65
Экстракорпоралдық мембраналық оксигенация
45
39.72
Бас пен мойынның тамырларын эндоваскулярлық (жаппай) эмболиялау немесе окклюзиялау
46
39.73
Кеуде аортасына протезді эндоваскулярлық имплантанттау
47
39.731
Аортаның коарктациясын стенттеу
48
41.01
Сүйек кемігінің мезенхималдық дің жасушаларын транспланттау
49
41.04
Аутологиялық гемопоэтикалық бағаналық жасушаларды тазартусыз транспланттау
50
41.05
Аллогендік гемопоэтикалық бағаналық жасушаларды тазартусыз транспланттау
51
41.06
Кіндік дің жасушаларын транспланттау
52
41.10
Феталдық бағаналық жасушаларды транспланттау
53
50.52
Кадаврдан бауырды транспланттау
54
50.59
Бауырды басқа транспланттау
55
52.53
Радикалдық субтоталдық панкреатэктомия
56
52.80
Ұйқыбезін транспланттау, нақтыланбаған
57
55.5016
Тромбэктомиямен түбегейлі нефрэктомия
58
55.62
Кадаврдан бүйректі транспланттау
59
56.7404
Блохин бойынша қосымша антирефлюксті механизмі бар Политано-Летбеттердің модификацияланған әдісі бойынша уретероцистонеостомия
60
63.8301
Обструкциялық азошәует кезіндегі микрохирургиялық инвагинациондық вазоэпидидимостомия
61
69.921
Классикалық экстракорпоралдық ұрықтандыру, ұзақ хаттама
62
69.922
Классикалық экстракорпоралдық ұрықтандыру, қысқа хаттама
63
69.923
АЖСИИ (аналық жасушаға сперматозоидты интрацитоплазмалық инъекциялау) жасай отырып, экстракорпоралдық ұрықтандыру, ұзын хаттама
64
69.924
АЖСИИ (аналық жасушаға сперматозоидты интрацитоплазмалық инъекциялау) жасай отырып экстракорпоралдық ұрықтандыру, қысқа хаттама
65
78.191
Кезеңдік түзетуді қажет ететін жамбас сүйектеріне сыртқы бекітуші құрылғыны пайдалану
66
81.041
Ішкі транспедикулярлық жүйе мен кейдждердің фиксациясы арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі
67
81.042
Эндокорректор фиксациясы арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі
68
81.062
Эндокорректордың ішкі фиксациясы арқылы бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі
69
81.073
Эндокорректордың ішкі фиксациясы арқылы бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, бүйір көлденең қол жеткізу, дискіні протездеу
70
81.53
Сан-жамбас буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған
71
81.55
Тізе буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған
72
81.9610
Сүйек ісігі кезінде буындарды және/немесе сүйекті ауыстыру
73
86.66
Теріні аллотранспланттау
74
99.791
Қанның гематопоэздік дің жасушаларын дайындау

Қолданыстағы