Об установлении квоты рабочих мест в городе Астане
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест в городе Астане
- Атауы (қаз.)
- Астана қаласында жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 158-2247
- Қабылданған күні
- 16.11.2016
- Көрсетілген редакция
- 05.05.2020 108788_461461.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16ABW01082
- ЭКБ идентификаторы
- 108788
- Редакция идентификаторы
- 108788_461461
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:16
0 Астана қаласында жұмыс
орындарының квотасын
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Астана қаласының жұмыс берушілеріне жұмыс орындар квотасын жұмыскерлердің тізімдік саны бар мүгедектерге:
елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
жүзбірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
екі жүз елубірден адамнан артық – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде белгіленсін.
1-1 1-1. Астана қаласының Жұмыс берушілеріне:
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
1-2
1-2. Астана қаласының жұмыс берушілеріне жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызды мөлшерінде ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгіленсін.
2
2. Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны, әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзiмдi баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3 3. Қосымшаға сәйкес Астана қаласы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.И. Лукинге жүктелсін.
5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Күші жойылған Астана қаласы әкімдігі қаулыларының тізбесі
Астана қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 16 қарашадағы
№ 158-2247 қаулысына
қосымша
Күші жойылған Астана қаласы әкімдігі қаулыларының тізбесі
1 1. «Астана қаласының мүгедектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 29 мамырдағы
№ 23-10-482қ қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 441 болып тіркелген, 2006 жылғы 24 маусымдағы «Астана хабары» № 96-98, 2006 жылғы 20 маусымдағы «Вечерняя Астана» № 91 газеттерінде жарияланған).
2 2. «Астана қаласының мүгедектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 29 мамырдағы
№ 23-10-482қ қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 17 маусымдағы № 23-570қ қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 584 болып тіркелген,
2009 жылғы 11 шілдедегі «Астана ақшамы» № 75 (2396), 2009 жылғы
11 шілдедегі «Вечерняя Астана» № 82 (2383) газеттерінде жарияланған).
3 3. «Астана қаласының мүгедектері үшін жұмыс орындарына квота
белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 29 мамырдағы
№ 23-10-482қ қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 23-1148қ қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 659 болып тіркелген, 2010 жылғы 20 қаңтардағы «Астана ақшамы» № 7 (2617),
2010 жылғы 15 қаңтардағы «Вечерняя Астана» № 6 (2615) газеттерінде жарияланған).
4 4. «Астана қаласында жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» 2006 жылғы 29 мамырдағы № 23-10-482қ Астана қаласы әкімдігінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы
24 мамырдағы № 158-636 қаулысы (Н ормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 731 болып тіркелген, 2012 жылғы
26 маусымдағы «Астана ақшамы» № 70 (2831), 2012 жылғы 26 маусымдағы «Вечерняя Астана» № 75 (2840) газеттерінде жарияланған).