Об утверждении Инструкции по производству дел об административных правонарушениях органами Транспортной инспекции Республики Казахстан Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Инструкции по производству дел об административных правонарушениях органами Транспортной инспекции Республики Казахстан Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiк инспекциясы органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiндегi өндiрiстiк iстерi бойынша Нұсқаулықты бекiту туралы"
- Акт түрі
- Кодекс
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 146
- Қабылданған күні
- 19.07.1995
- Көрсетілген редакция
- 12.12.2000 AI1088_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.12.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V950000089_
- ЭКБ идентификаторы
- 1088
- Редакция идентификаторы
- AI1088_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 02:33
"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiк инспекциясы органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiндегi өндiрiстiк iстерi бойынша Нұсқаулықты бекiту туралы"
1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Көлiк инспекциясы органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiндегi iстер өндiрiсi бойынша қоса берiлген Нұсқаулық бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiк инспекциясы органдарымен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары жөнiнде iстер жүргiзу бойынша Нұсқаулық
2. Заң актiлерiн дайындау, Жоғарғы Кеңеспен байланыс және заң жұмыстары басқармасы (Қ.С. Кәрiбжанов) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген Нұсқаулықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркесiн.
Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуникациялар
министрлiгiнiң
1995 жылғы 20 шiлдедегi N 146
бұйрығымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiк инспекциясы органдарымен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары жөнiнде iстер жүргiзу бойынша Нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1.4. Көлiк инспекциясының органдары Қазақ КСР әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiндегi Кодексiнiң (бұдан әрi КоАП) жолаушылар мен жүктердi көлiкпен тасу қызметiндегi кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялауға қатысты 169, 169-1 баптарда қарастырылған әкiмшiлiк құқық бұзушылықты айқындайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiнде iстер жасау
2.1. Көлiктегi лицензиялық қызметтiң әкiмшiлiк құқық бұзушылығына мыналар жатқызылады - Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Заңды және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 ж. 17.04. "Лицензиялау туралы" заң күшi бар Жарлығын мына себептермен бұзу:
- лицензия (патент) және лицензиялық карточканың әсер ететiн аймақтарының үйлесiмсiз болуы;
- лицензияланатын қызметтегi лицензияның (патенттiң) үйлесiмсiз болуы;
- лицензияның "Г", "П" түрлерi бойынша тасымалдау ережелерiнiң бұзылуы немесе тасымалдау ережелерiмен тыйым салынған олардың құрастырылып пайдаланылуы;
- лицензияның (патенттiң) немесе лицензиялық карточканың әсер ету мерзiмiнiң бiтуi;
- Көлiк инспекциясы органдарымен тыйым салынғаннан кейiн лицензиялауға жататын көлiкпен жолаушылар мен жүктердiң тасымалдануы;
- лицензияның (патенттiң) басқа адамға берiлуi;
- патенттiң немесе лицензиялық карточканың басқа көлiк құралына берiлуi;
- Көлiк инспекциясының органдарында мәлiметтерi тiркелген лицензиялық карточка мен лицензияда (патентте) нөмiрi мен сериясының жоқ болуы немесе үйлесiмсiз болуы;
Лицензия (патент) мен лицензиялық карточканың немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiндегi хаттама түбiршегiнiң қолдан iстелуi немесе лицензиялық қызметтiң бiрнеше рет (жылына екi реттен артық) тұрпайы бұзылуы болған жағдайда тексеру материалдары олар бойынша тиесiлi шараларды қабылдау үшiн құқық қорғау органдарына тапсырылады.
2.2. Көлiк инспекциясының органдары көлiктi дербес ретiнде және құзырлы органдардың келiсiмi бойынша бiрлесiп пайдалану кезiнде көлiк заңдарының, экологиялық талаптар мен қауiпсiздiк ережелерiнiң бұзылуын анықтайды және тексеру жүргiзедi.
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң 1993 ж. 22.12. N 148 бұйрығы мен Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң 1993 ж. 28.12. N 468 "Көлiк инспекциясы органдары мен Мемлекеттiк автомобиль инспекциясының iс-әрекеттесуi туралы" бiрлескен бұйрықтарының негiзiнде МАИ қызметкерлерiмен бiрлесiп лицензиялау жағдайларының бұзылғандығы туралы рапорт құрастырылады.
Әкiмшiлiк құқық бұзған тұлға хаттамаға қол қоюға бас тартқан кезде бұл жөнiнде куәгерлерi көрсетiле отырып хаттамаға арнайы жазба түсiрiледi. Ұсталған адамның қол қоюдан бас тарту себебiн айта отырып хаттамаға жеке түсiнiктеме жазуына, сондай-ақ өзiнiң қарсы пiкiрiн хаттамаға енгiзуге құқығы бар.
2.7. Құқық бұзушылық жасалу бойынша хаттама құрастырған кезде 2.5., 2.6 тармақтарда көрсетiлген тұлғалардан тiлхат ала отырып iстi қарау орны мен уақыты хабарландырылады, олардың КоАП-тың 261-бабында қарастырылған құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiледi.
2.9. Хаттаманың түбiршегi оның берiлген мезетiнен бастап 15 тәулiктен асырмай тасымалдау қызметiн жүзеге асыру үшiн көлiк құралын пайдалануға, осы рейстi, сапарды аяқтауға ғана құқық бередi. Хаттама түбiршегiнде күндi өзгертуге немесе ұзартуға тыйым салынады.
2.10. Хаттама және хаттама түбiршегiнiң сериясы мен нөмiрi бiрдей болады. Оларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiндегi iстердi қарау уақыты мен орны туралы мәлiметтер көрсетiледi.
2.11. Хаттаманы рәсiмдегеннен кейiн лауазымды тұлға оны бiр тәулiк iшiнде және шаралар қабылдау үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiндегi iстердi қарауға уәкiлденген органға (лауазымдық тұлғаға) белгiленген тәртiппен бұдан әрi тапсыруға Көлiк инспекциясы органына жiбередi.
- құқық бұзушылық жасалған туралы рапортының немесе актiлердiң, хабарлардың, сондай-ақ көлiк қызметiн тұтынушылардан негiздi шағымдардың түсуi;
- лицензия заңдары талаптарының, қозғалыс қауiпсiздiгi мен экология ережелерiнiң заңды және жеке тұлғалармен сақталуын тексеру;
- Қазақстан Республикасының көлiгiнде мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру бойынша жоспарлы тексерудi жүргiзу;
- Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен қарастырылған басқа жағдайлардың болуы.
2.14. Кешендi тексеру актiсiнде мыналар болуы тиiс:
2.15.-2.24. Тармақтар алынып тасталды - ҚР Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 1996.04.24. N 94 бұйрығымен .
3. Атқарушылық iс жүргiзу
3.1. Әкiмшiлiк айып салу туралы қаулысын мемлекеттiк органдар, кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар (меншiк нысаны мен ведомстволық қатыстылығына қарамастан), лауазымдық тұлғалар, жеке тұлғалар (шаруашылық субъектiлер) мiндеттi түрде атқаруы және ол шығарылған мезеттен бастап орындауы тиiс.
3.2. Айыппұл түрiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық салынған жағдайда құқық бұзушы өзiне қаулы тапсырылғаннан кейiнгi 15 тәулiктiң iшiнде көрсетiлген соманы төлеуге мiндеттi. Айыппұл жергiлiктi бюджетке төленедi.
3.3. Ерiктi түрде айыппұл төленбеген жағдайда қаулының көшiрмесi құқық бұзушының еңбекақысынан лажсыз көндiру арқылы айып алу үшiн оның жұмыс орнына жiберiледi.
3.4. Қазақстан Республикасының басқа аймақтарында тұратын және жұмыс iстейтiн лауазымдық тұлғаларға қатысты iс қаралған жағдайда, қаулының көшiрмесi лицензия және лицензиялық карточкамен бiрге қаулының орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшiн аймақ бойынша Көлiк инспекциясының органына жiберiледi.
3.6. Құқық бұзушының айыппұлды төлеуi жүзеге асырылатын лицензияланатын қызметтегi құқық бұзуды жою мiндетiнен босатпайды.
3.7. Лицензияны (патенттi) алу арқылы әкiмшiлiк айып салынған кезде (соның iшiнде - белгiсiз уақытқа), лицензия iс жөнiндегi шешiммен бiрге Көлiк инспекциясының органдары тапсырылады.
3.8. Айыппұл салу, лицензияны қайтып алу және басқа әкiмшiлiк айыптар заңмен белгiленген тәртiппен шағымдалатын болады.
4-бөлiм. Бөлімнің күшi жойылды - ҚР Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 1996.04.24. N 94 бұйрығымен .
4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық iстерi бойынша iс жүргiзу
4.1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiндегi рапорттардың, хаттамалар бланкiлерi қатаң есептеу құжаттары болып табылады және Көлiк инспекциясының тапсырысы бойынша полиграфиялық кәсiпорындарда әзiрленедi (1,2 Қосымша). Көлiк инспекциясы осы бланкiлердi әзiрлеу құқығын өзiнiң бөлiмдерiне бере алады.
📌 Ескерту. 4.1-тармақ өзгертiлдi - ҚР Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 1996.04.24. N 94 бұйрығымен .
4.2. Көлiк инспекциясы органдарының басшылары жергiлiктi орындарда бланкiлердiң алынуы мен дер кезiнде әзiрленуiн, толықтырылуын, сондай-ақ оларды сақтау мен белгiленген мақсатта пайдаланылуын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге мiндеттi.
📌 Ескерту. 4.3-тармақ өзгертiлдi - ҚР Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 1996.04.24. N 94 бұйрығымен .
📌 Ескерту. 4.4-тармақ өзгертiлдi - ҚР Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 1996.04.24. N 94 бұйрығымен .
5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық бойынша iс жүргiзуге бақылауды ұйымдастыру
5.1. Көлiк инспекциясы органдарының басшыларымен iс жүргiзiлу мен есепте тұруын бақылау қамтамасыз етiледi.
5.2. Көлiк инспекциясы әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiндегi iстер бойынша өзiнiң бөлiмшелерiнде жоспарлы тексерудi жүзеге асырады. Тексеру барысында мына мәселелер зерттеледi:
құжаттардың дұрыс құрастырылуы;
- құжат бланкілерінің сақталу күйі, берілуімен мен түгенделуін қатаң есептеуі;
- шағымдар мен өтiнiштермен жұмыс iстеудiң халi.
📌 Ескерту. 5.2-тармақ өзгертiлдi - ҚР Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 1996.04.24. N 94 бұйрығымен .
К Бақылау парағы АА N 000001 Хаттама
5.3. Жұмыста қателiктер мен жетiспеушiлiктер анықталған жағдайда оларды жою бойынша шаралар қабылданады.
Нұсқаулыққа 1 қосымша
Ескерту. 1-Қосымша толықтырылды - ҚР Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 1996.04.24. N 94 бұйрығымен .
К Бақылау парағы АА N 000001 Хаттама
АА N 000001 ___________________________
Көлiк инспекциясының аты
Тексеру күнi______ Инспектордың Ф.А.Ж. қызметi____________________
Тексеру орны______ Тексеру күнi 19_ ж. "_"______
__________________ Уақытысы____сағ___мин. Тексеру орны__
Көлiктiң түрi_____ Тексеруге жататын көлiктiң түрi мен
Лицензияның оның сипаттамасы_____________________
(патенттiң) (маркасын, мемлекеттiк
сериясы, нөмiрi___ ______________________________________
__________________ немесе борттық, тiркеу нөмiрiн,
Қашан және кiммен ______________________________________
берiлдi сыныбын сипаттау)
Лицензиялық қызмет Лицензияның (патенттiң) немесе лицензиялық
үшiн жауапты немесе карточканың сериясы, нөмiрi_______________
лицензиялық қызметке Қашан және кiммен берiлдi_________________
қатысты лауазымдық Бұзушының жеке басы туралы мәлiмет________
тұлғаның Ф.А.Ж.___ __________________________________________
___________________ Лицензиялық қызмет үшiн жауапты немесе
Белгiленген бұзушы. лицензиялық қызметке қатысты лауазымдық
лықтар: тұлғаның Ф.А.Ж.___________________________
01,02,03,04,05,06, Көлiк иесiнiң мекен-жайы__________________
07,08,09 Қосымша мәлiметтер________________________
КИ Инспекторы: Белгiленген бұзушылықтар:
____________ 1. Лицензияның (патенттiң) немесе
қолы лицензиялық карточканың жоқ болуы.
Ф.А.Ж. 2. Лицензияның (патенттiң) немесе
Куәлiк N__________ лицензиялық карточканың пәрмендi аймақтарының
сәйкес болмауы.
3. Лицензияның "Г", "П" түрлерi бойынша
тасымалдау ережелерiн бұзу немесе тасымалдау
ережелерiмен тыйым салынған оларды қиыстырылып
пайдалану.
4. Лицензияның (патенттiң) немесе лицензиялық
карточканың пәрмендi мерзiмiнiң бiтуi.
5. Көлiк инспекциясы органдарымен тыйым
салынғаннан кейiн жолаушылар мен жүктердi
тасымалдау.
6. Лицензияны (патенттi) немесе лицензиялық
карточканы басқа адамға тапсыру.
7. Патенттi немесе лицензиялық карточканы
басқа көлiк құралына беру.
8. Көлiк инспекциясы органдарында тiркелген
мәлiметтер мен лицензияның (патенттiң) немесе
лицензиялық карточканың сәйкес келмеуi немесе
оларда серия мен нөмiрдiң болмауы.
9. Лицензияның (патенттiң) лицензияланатын
қызметке сәйкес болмауы.
Көлiк иесiнiң түсiнiктемесi____________________
Куәлардың Ф.А.Ж. және олардың мекен-жайы_______
_______________________________________________
куәлардың қолы_________________________________
Құқық бұзушылықты қарау орыны мен уақтысы____
_______________________________________________
Нұсқаулықтың __тармағына сәйкес айыппұл___
сомадан төлендi________________________________
жазбаша
КИ Инспекторы__________Куәлiк N_____ _________
Ф.А.Ж қолы
Хаттаманың түбiршегi АА N 000001 Көлiк иесiне
Тексеру күнi_______________________________________________
Тексеру орны_______________________________________________
Көлiктiң түрi_____________________________________________
Лицензияның (патенттiң) сериясы, нөмiрi____________________
___________________________________________________________
Иесiнiң мекен-жайы_________________________________________
___________________________________________________________
Ф.А.Ж._____________________________________________________
___________________________________________________________
Белгiленген бұзушылықтар: 01, 02, 03, 04, 05, 06, 07, 08, 09
КИ Инспекторы______________________________________________
Ф.А.Ж, қолы
Құқық бұзушылықты қарау
орны мен уақыты____________________________________________
__________________________________________________________
жауап. тұл. жүрг. Ф.А.Ж.
__________________________________________________________
Түбiршек 19__ ж. дейiн лицензияның (патенттiң, лиц.
карточканың) орнына жарамды
Хаттама түбiршегiн қолдан жасау ҚК 177 б. сәйкес қылмыстық
жауапкершiлiкке тартылады.
Нұсқаулықтың 2 Қосымшасы
_________________________________________
Көлiк инспекциясы органының аты АА N 000001 Р А П О Р Т
19__ж. "__" ______________мен___________________________________
(Ф.А.Ж. және қызметi)
________________________________________________________________
Көлiктiң түрi___________________________________________________
________________________________________________________________
Лицензияланатын қызметке жауапты лауазымды тұлғаның Ф.А.Ж.
________________________________________________________________
Көлiк иесiнiң Ф.А.Ж.____________________________________________
Бақылау орны____________________________________________________
Белгiленген бұзушылықтар:
1. Лицензияның немесе лицензиялық карточканың жоқ болуы.
2. Лицензияда немесе лицензиялық карточкада көрсетiлген аймаққа қызметiнiң сәйкес келмеуi.
3. Лицензияның "Г", "П" түрлерi бойынша тасымалдау ережелерiн бұзу немесе осы ережемен тыйым салынған олардың қиыстырылып пайдаланылуы.
4. Лицензияның немесе лицензиялық карточканың пәрмендi мерзiмiнiң бiтуi.
5. Көлiк инспекциясы органдарымен тыйым салынғаннан кейiн жолаушылар мен жүктердi тасымалдау.
6. Лицензияны (патенттi) немесе лицензиялық карточканы басқа адамға тапсыру.
7. Патенттi немесе лицензиялық карточканы басқа көлiк құрамына
8. Лицензияның (патенттiң) немесе лицензиялық карточканың Көлiк инспекциясы органдарында тiркелген мәлiметтермен сәйкес болмауы немесе нөмiрi мен сериясының жоқ болуы.
9. Лицензияның (патенттiң) лицензияланатын қызметке сәйкес болмауы.
КИ Инспекторы_____________ _________ Куәл. N____________
(Ф.А.Ж.) (қолы)
ДСП Инспекторы____________ _________ Куәл. N____________
(Ф.А.Ж.) (қолы)
Куәлар________________________________ __________________
(Ф.А.Ж., мекен-жайы) (қолы)
Көлiк инспекциясы органдарымен қабылданған шаралар_____________
_______________________________________________________________
Көлiк инспекциясының ________________________бастығы
(бөлiмi)
_______________
(қолы)
Рапорт екi дана болып құрастырылады.
Нұсқаулықтың 3 Қосымшасы
Ескерту. 3 қосымша алынып тасталды - ҚР Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 1996.04.24. N 94 бұйрығымен .