О присвоении наименований отдельным улицам и переименовании некоторых улиц города Астаны
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О присвоении наименований отдельным улицам и переименовании некоторых улиц города Астаны
- Атауы (қаз.)
- Астана қаласының жекелеген көшелеріне атау беру және кейбір көшелерін қайта атау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 110-2159
- Қабылданған күні
- 08.11.2016
- Көрсетілген редакция
- 08.11.2016 108848_135796.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.11.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16ABW01083
- ЭКБ идентификаторы
- 108848
- Редакция идентификаторы
- 108848_135796
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:19
0 Астана қаласының жекелеген
көшелеріне атау беру
және кейбір көшелерін
қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»
1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының
4) тармақшасына сәйкес, Астана қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Астана қаласы Ономастика комиссиясының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 1 шешімінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссиясының негізінде Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Төмендегі көшелерге:
Астана қаласының «Алматы» ауданы бойынша:
жобалық атауы 23-17 көше
–
Темірбек Жүргенов көшесі деп;
жобалық атауы 23-31 көше
–
Кенен Әзірбаев көшесі деп;
Астана қаласының «Есіл» ауданы бойынша:
жобалық атауы 210 көше
–
Нияз би көшесі деп;
жобалық атауы 211 көше
–
Нұрпейіс Байғанин көшесі деп;
жобалық атауы 212 көше
–
Сұлтанбек Қожанұлы көшесі деп;
жобалық атауы № 24 көше
–
Орынбор көшесі деп;
жобалық атауы Е 250 көше
–
Қайым Мұхамедханов көшесі деп;
жобалық атауы Е 350 көше
–
Никола Тесла көшесі деп;
жобалық атауы Е 573 көше
–
Рабиға Есімжанова көшесі деп;
жобалық атауы Е 581 көше
–
Саттар Ерубаев көшесі деп;
жобалық атауы Е 602 көше
–
Ханшайым Сүйінбике көшесі деп;
жобалық атауы № 26 көше
–
Бұқар жырау көшесі деп атау берілсін.
2 2. Төмендегі көшелер:
Астана қаласының «Алматы» ауданы бойынша:
Иван Панфилов көшесі – Сәкен Жүнісов көшесі деп;
Б. Майлин көшесі және жобалық атауы А 193 көше біріктіріліп – Бейімбет Майлин көшесі деп;
Астана қаласының «Есіл» ауданы бойынша:
Орынбор көшесі – Мәңгілік Ел даңғылы деп;
Хусейн бен Талал көшесі – Ұлы Дала даңғылы деп;
Астана қаласының «Сарыарқа» ауданы бойынша:
Әлихан Бөкейхан көшесі – Әзірбайжан Мәмбетов көшесі деп қайта аталсын.
3 3. Астана қаласы «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандарының әкімдері, «Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы мен шешімді іске асыру жөнінде қажетті шара қабылдасын.
4
4. «Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы Астана қаласы әкімдігінің қаулысы мен Астана қаласы мәслихатының шешімін әділет органдарында мемлекеттік тіркегеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында жарияласын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын.