Об утверждении Правил деятельности комиссии по лицензированию судебно-экспертной деятельности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил деятельности комиссии по лицензированию судебно-экспертной деятельности
- Атауы (қаз.)
- Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия қызметінің қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1200
- Қабылданған күні
- 29.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 30.03.2017 108869_169434.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.03.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600014653
- ЭКБ идентификаторы
- 108869
- Редакция идентификаторы
- 108869_169434
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:33
0 Сот-сараптама қызметін
лицензиялау жөніндегі
комиссия қызметінің
қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы» Казақстан Республикасы Заңының 15-бабының 4-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия қызметінің қағидалары бекітілсін.
2 2. Күші жойылды деп танылсын:
1
1) «Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия қызметі туралы ереже» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 106 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9242 болып тіркелген, 2014 жылғы 31 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2
2) «Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия қызметі туралы ереже» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 106 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 195 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13799 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3 3. Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрықтытың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
10 Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия қызметі туралы қағидалары
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1200 бұйрығымен бекітілген
Сот-сараптама қызметін лицензиялау
жөніндегі комиссия қызметі туралы қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1 1. Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленген және Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қызметінің тәртібін және құрамын айқындайды.
2 2. Комиссия Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (әрі қарай – Министрлік) жанынан құрылады.
3 3. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасының лицензиялау және сот сараптама қызметі саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
2 2-тарау. Комиссия құрамының қызметінің тәртібі
4 4. Комиссияның құрамы мүшелердің тақ санынан (кемінде бес адам) тұрады. Комиссия төрағасын Қазақстан Республикасының Әділет министрінің орынбасары Комиссия мүшелері қатарынан тағайындайды.
Комиссия құрамына Министрліктің Сот сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің және сот сараптама органдарының ғылыми дәрежесі немесе осы арнаулы ғылыми білім саласында кемінде 5 жыл ғылыми және сарапшылық жұмыс өтілі бар өкілдері енгізіледі.
5
5. Комиссияның негізгі міндеттері Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 48 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне арызданушының сәйкестігін анықтау (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10309 болып тіркелген) болып табылады.
6 6. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес келесі функцияларды жүзеге асырады:
1 1) жеке адамға сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияны беру, әрекетін тоқтата тұру, сондай-ақ қайта жалғастыру және тоқтату туралы шешім қабылдайды;
2
2) «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензиядан айыру туралы талап арызды дайындау туралы ұсыныс жасайды.
7 7. Комиссия төрағасы оның жұмысына басшылық жасайды, Комиссия отырысын өткізеді, Комиссия жұмысын жоспарлайды және оның жұмысына бақылауды жүзеге асырады.
Комиссия төрағасы болмаған жағдайда (іссапар, еңбекке уақытша жарамсыз, демалыс) оның міндетін бекітілген Комиссия құрамының тізімі бойынша бірінші тұрған Комиссия төрағасының орынбасары, ол болмаған жағдайда тізім бойынша келесісі атқарады.
8 8. Комиссия отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды деп есептеледі.
Комиссия мүшелері отырыстың уақыты мен орны туралы хабардар етіледі.
9 9. Комиссия мүшелері отырысқа қатысу жөніндегі өз өкілеттіктерін басқа адамдарға бермейді.
10 10. Комиссия хатшысы отырысты өткізуге арналған материалдарды дайындауды жүзеге асырады және оларды Комиссияға ұсынады, ісін жүргізеді.
Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
11 11. Комиссия шешімі лицензиялауға ұсынылған құжаттардың, Комиссия мүшелерінің қатысып отырған санының қарапайым көпшілігінің ашық дауыс беру арқылы қорытынды беруінің негізінде қабылданады және оны төрағалық етуші хабарлайды.
Дауыстардың саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.