О некоторых вопросах бюджетных инвестиций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах бюджетных инвестиций
- Атауы (қаз.)
- Бюджеттік инвестициялардың кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 680
- Қабылданған күні
- 09.01.2017
- Көрсетілген редакция
- 29.09.2017 108931_241489.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.09.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17L0005697
- ЭКБ идентификаторы
- 108931
- Редакция идентификаторы
- 108931_241489
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:27
0 Бюджеттік инвестициялардың
кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» акционерлік қоғамы, «Қызылорда облысының аумақтық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Жобаларға сараптама жүргізу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:
1 1) облыстық бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерінің, сондай-ақ, республикалық бюджеттен берілетін кредиттер мен нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландыруға жоспарланатын облыстық бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын;
2 2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы облыстық бюджет қаражаты есебінен іске асыруға жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың, сондай-ақ, нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландыруға жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасын;
3
3) техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін облыстық бюджеттік инвестициялық жобаларды және қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын бюджеттiк кредиттеудiң экономикалық сараптамасын облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыруға заңды тұлғалар ретінде айқындалсын.
2
2. «Бюджеттік инвестициялардың кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 88 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5099 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 25 тамызда «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.