Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения работникам органов по делам государственной службы и противодействию коррупции Республики Казахстан и его описания

Бұйрық · № 86 · қабылданған 14.12.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-108965/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения работникам органов по делам государственной службы и противодействию коррупции Республики Казахстан и его описания Күшін жойған Бұйрық ·№ 86 ·14.12.2016
24.06.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения работникам органов по делам государственной службы и противодействию коррупции Республики Казахстан и его описания

Күшін жойған Бұйрық ·№ 86 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения работникам органов по делам государственной службы и противодействию коррупции Республики Казахстан и его описания
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлеріне қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
86
Қабылданған күні
14.12.2016
Көрсетілген редакция
24.06.2021 108965_530738.kaz
Соңғы өзгеріс
24.06.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014649
ЭКБ идентификаторы
108965
Редакция идентификаторы
108965_530738
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:54

0 Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл органдарының
қызметкерлеріне қызметтік
куәлігін беру қағидаларын және
оның сипаттамасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына
сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлеріне қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Персоналды басқару қызметі:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығының» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлеріне қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2016 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 86 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлеріне қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлеріне қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарына қызметтік куәліктерін беру тәртібін және оның сипаттамасын анықтайды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік), Агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) (бұдан әрі – Ұлттық бюро) және оның аумақтық органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері жатады.

2 2. Қызметкердің қызметтік куәлігі (бұдан әрі –қызметтік куәлік) оның мемлекеттік лауазымын растайтын құжат болып табылады.

3 3. Агенттіктің және аумақтық органдары қызметкерлерінің қызметтік куәлігі осы Қағидалардың 1-қосымшасындағы сипаттамаға сәйкес және Ұлттық бюро мен оның аумақтық органдары қызметкерлерінің қызметтік куәлігі осы Қағидалардың 2-қосымшасындағы сипаттамаға сәйкес.

4 4. Сипаттамаға сәйкес келмейтін, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған қызметтік куәлік жарамсыз болып саналады.

2 2-тарау. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

5 5. Қызметтік куәлік:

1 1) Агенттіктің орталық аппараттының қызметкерлеріне, Агенттіктің аумақтық органдарының басшыларына және басшыларының орынбасарларына – Агенттік Төрағасының ;

2 2) Ұлттық бюроның мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне – Ұлттық бюро басшысының;

3 3) Агенттіктің аумақтық органдарының қызметкерлеріне – Агенттіктің аумақтық органы басшысының;

4 4) Ұлттық бюроның аумақтық органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне – Ұлттық бюроның аумақтық органы басшысының қолы қойылып беріледі.

6 6. Қызметтік куәлік қызметкерлерге лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан, тегін ауыстырған, мерзімі өткен, жоғалтқан кезде, сондай-ақ бұрын берілген қызметтік куәлік бүлінген жағдайда беріледі.

7 7. Қызметтік куәліктерді беру және қайтаруды есепке алу осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметтік куәлігін беру және қайтаруды есепке алу журналында жүзеге асырылады.

Қызметтік куәлік қызметкерге қолы қойыла отырып беріледі.

8 8. Қызметтік куәліктерді беру және қайтару журналдары Агенттіктің, Ұлттық бюроның және олардың аумақтық органдарының кадр қызметтерінде (бұдан әрі – кадр қызметі) сақталады.

9 9. Кадр қызметтері қызметтік куәліктерді тапсырған кезде барлық қызметкерлерге оларды пайдалану бойынша ауызша түсіндіру жүргізеді.

Лауазымы ауысқан, тегін ауыстырған жағдайларда, қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде бұдан бұрын берілген қызметтік куәлікті кадр қызметінің қызметкерлері қайтарып алады.

10 10. Қызметтік куәліктерді толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды тиісті кадр қызметтерінің басшылары жүзеге асырады.

11 11. Қызметтік куәлік жоғалған жағдайда, қызметкер үш жұмыс күні ішінде жазбаша (еркін) нысанда тиісті кадр қызметіне хабарландыру береді.

12 12. Қызметтік куәлікті жоғалтқан адам жоғалған қызметтік куәліктің жарамсыздығы туралы ақпаратты үш жұмыс күні ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға жібереді.

13

13. Қызметтік куәлікті дұрыс сақтамау нәтижесінде болған жоғалту, бүлдіру, сондай-ақ қызметтік куәлікті басқа адамдарға беру, қызметтік куәлікті жеке басы үшін қызметтен тыс мақсаттарда пайдаланудың әрбір фактісі бойынша тиісті кадр қызметі белгіленген тәртіппен қызметтік тергеп – тексеру жүргізу туралы бұйрық дайындайды.
Кадр қызметі тиісті бұйрық шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде қызметтік тергеп – тексеру жүргізеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген себептер бойынша мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлікті жоғалту фактісі расталған жағдайда, Агенттіктің, Ұлттық бюроның немесе олардың аумақтық органдарының тәртіптік комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметшіні тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдайды.

14 14. Жоғалғанның, бүлінгеннің орнына жаңа қызметтік куәлікті қызметтік тергеп – тексеру жүргізілгеннен кейін кадр қызметі береді.

15 15. Қызметкер жұмыстан шыққан, жаңа лауазымға тағайындалған кезде қызметтік куәлік тиісті бұйрық шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кадр қызметіне тапсырылады.

Қызметтік куәлікті тапсырған кезде кету парағына қызметтік куәлікті беруге және есепке алуға жауапты адамның қолы қойылады.

16

16. Қызметкерлер жұмыстан шыққан, жаңа лауазымға тағайындалған, не мерзімі өткен, бүлінген кезде тапсырған қызметтік куәліктер еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасала отырып, комиссиямен жойылуға жатады. Қызметтік куәлікті жою туралы комиссия құрамы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметтік куәліктерді беруге және есепке алуға жауапты қызметкерін, қаржы-шаруашылық қызметінің қызметкерін және өзге құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерін қосқанда кемінде үш адамнан құралады.

1 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның аумақтық органдары қызметкерлерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлеріне қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның аумақтық органдары қызметкерлерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы

1 1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) және оның аумақтық органдары қызметкерлерінің қызметтік куәлігінің мұқабасы қою қызыл түсті жоғары сапалы былғарыдан көлемі 6,5х19 см ашық түрінде дайындалады.

2 2. Қызметтік куәліктің сыртқы бетінің ортасында алтын түсті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ» деген типографиялық қаріппен жазба жазылған.

3 3. Қызметтік куәліктің ішкі сол және оң жақ бөліктері белгіленген үлгіде көгілдір түсте тангир торы реңкінде күн астында қалықтап бара жатқан қыранның бейнесімен орындалған.

4 4. Қызметтік куәліктің ішкі сол жақ бөлігінде:

1 1) жоғарғы бөлігінде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ» деген жазу қара түсте орындалған, одан төмен «Қазақстан Республикасы» деген қызыл түсте шағын мәтін орналасқан;

2 2) Агенттіктің аумақтық органдарында шағын мәтін астында тиісті органның атауы қара түсте орналастырылады;

3 3) сол жақ бұрышында Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, оның астында «ҚАЗАҚСТАН» деген жазу қара түсте орналастырылған және қара түсте қызметтік куәлік бланкісінің нөмірі көрсетілген;

4 4) ортасында ««№ __ КУӘЛІК» деген жазу қызыл түспен орналастырылған, оның астында қазақ тілінде қара түспен қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және атқаратын лауазымы көрсетіледі;

5 5) төменгі бөлігінде қызметтік куәліктің жарамдылық мерзімі көрсетіледі.

5 5. Қызметтік куәліктің ішкі оң жақ бөлігінде:

1 1) жоғарғы бөлігінде «АГЕНТСТВО РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ И ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ» деген жазу қара түсте орындалған, одан төмен «Қазақстан Республикасы» деген қызыл түсте шағын мәтін орналасқан;

2 2) Агенттіктің аумақтық органдарында шағын мәтін астында тиісті органның атауы қара түсте орналастырылады;

3 3) сол жақ бұрышында 3х4 см көлемінде қызметкердің түрлі түсті фотосуреті (анфас) орналастырылады. Қызметкерлер фотосуретке ақ түсті реңде іскерлік стильдегі киіммен бас киімсіз түседі;

4 4) ортасында «УДОСТОВЕРЕНИЕ № __» деген жазу қызыл түспен орналастырылған, оның астында орыс тілінде қара түспен қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және атқаратын лауазымы көрсетіледі.

6 6. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген адамдар Агенттіктің және оның аумақтық органдарының қызметтік куәліктеріне қол қояды және Агенттіктің немесе оның аумақтық органдарының елтаңбалы мөрлерімен бекітіледі.

2 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) және оның аумақтық органдары қызметкерлерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
органдарының қызметкерлеріне қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) және оның аумақтық органдары қызметкерлерінің
қызметтік куәлігінің сипаттамасы

1

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) (бұдан әрі - Ұлттық бюро) және оның аумақтық органдары қызметкерлерінің қызметтік куәлігінің мұқабасы қою қызыл түсті жоғары сапалы былғарыдан көлемі 6,5х19 см ашық түрінде дайындалады.

2 2. Қызметтік куәліктің сыртқы бетінің ортасында алтын түсті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ» деген типографиялық қаріппен жазба жазылған.

3 3. Қызметтік куәліктің ішкі сол және оң жақ бөліктері белгіленген үлгіде көгілдір түсте тангир торы реңкінде күн астында қалықтап бара жатқан қыранның бейнесімен орындалған.

4 4. Қызметтік куәліктің ішкі сол жақ бөлігінде:

1

1) жоғарғы бөлігінде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ҰЛТТЫҚ БЮРОСЫ (СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ)» деген жазу қара түсте орындалған, одан төмен «Қазақстан Республикасы» деген қызыл түсте шағын мәтін орналасқан;

2 2) Ұлттық бюроның аумақтық органдарында шағын мәтін астында тиісті органның атауы қара түсте орналастырылады;

3 3) сол жақ бұрышында Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, оның астында «ҚАЗАҚСТАН» деген жазу қара түсте орналастырылған және қара түсте қызметтік куәлік бланкісінің нөмірі көрсетілген;

4 4) ортасында «№ __ КУӘЛІК» деген жазу қызыл түспен орналастырылған, оның астында қазақ тілінде қара түспен қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және атқаратын лауазымы көрсетіледі;

5 5) төменгі бөлігінде қызметтік куәліктің жарамдылық мерзімі көрсетіледі.

5 5. Қызметтік куәліктің ішкі оң жақ бөлігінде:

1 1) жоғарғы бөлігінде «НАЦИОНАЛЬНОЕ БЮРО ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ (АНТИКОРРУПЦИОННАЯ СЛУЖБА) АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ И ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ» деген жазу қара түсте орындалған, одан төмен «Қазақстан Республикасы» деген қызыл түсте шағын мәтін орналасқан;

2 2) Ұлттық бюроның аумақтық органдарында шағын мәтін астында тиісті органның атауы қара түсте орналастырылады;

3 3) сол жақ бұрышында 3х4 см көлемінде қызметкердің түрлі түсті фотосуреті (анфас) орналастырылады. Қызметкерлер фотосуретке ақ түсті реңде іскерлік стильдегі киіммен бас киімсіз түседі;

4 4) ортасында «УДОСТОВЕРЕНИЕ № __» деген жазу қызыл түспен орналастырылған, оның астында орыс тілінде қара түспен қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және атқаратын лауазымы көрсетіледі.

6 6. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген адамдар Ұлттық бюроның және оның аумақтық органдарының қызметтік куәліктеріне қол қояды және Ұлттық бюроның немесе оның аумақтық органдарының елтаңбалық мөрлерімен бекітіледі.

3 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметтік куәлігін беру және қайтаруды есепке алу журналы

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері жнәе сыбайлас демқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлеріне қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасына
3-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметтік куәлігін беру және қайтаруды есепке алу журналы
№№
Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да)
Ат­қа­ра­ты­н­ла­у­а­зы­мы
Қыз­мет­тік ку­ә­лік­тің нө­мі­рі
Бе­ру кү­ні
Қыз­мет­тік ку­ә­лік бе­рі­л­ген қыз­мет­кер­дің қо­лы
Тап­сыр­ған кү­ні
Қыз­мет­тік ку­ә­лік­ті тап­сыр­ған қыз­мет­кер­дің қо­лы
Ескерту: журнал тігілген, нөмірленген, мөрмен бекітілген болуы тиіс.

Қолданыстағы