Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Илийском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Илийском районе
- Атауы (қаз.)
- Іле ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 10-49
- Қабылданған күні
- 26.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 05.11.2020 109051_491404.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16DJ004063
- ЭКБ идентификаторы
- 109051
- Редакция идентификаторы
- 109051_491404
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:36
0 Іле ауданында мүгедектер қатарындағы
кемтар балаларды жеке оқыту жоспары
бойынша үйде оқытуға жұмсаған
шығындарын өндіріп алу мөлшерін және
тәртібін айқындау туралы
«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4) тармақшасына және «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11342 тіркелген) сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрі – кемтар балалар) ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) тоқсан сайын сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
2 2. Келесі тәртіп айқындалсын:
1 1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды «Іле ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі;
2 2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу кемтар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі – алушы) беріледі;
3 3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы келесі құжаттарды ұсынады:
өтініш, 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1 – қосымшасына сәйкес нысан бойынша;
алушының жеке басын куәландыратын құжат;
тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімінің анықтамасы);
психологиялық – медициналық – педагогикалық консультацияның қорытындысы;
«Медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10589 тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама;
банкте шоттың нөмірі болуы туралы құжат;
Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы;
4 4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық – медициналық – педагогикалық консультацияның қорытындысында көрсетілгендей, кемтар баланы үйде оқытудың қажеттілігі танылған сәттен бастап бір жылға тағайындалады және көрсетілген кезеңге тоқсан сайын төленеді;
5 5) алғашқы тағайындалған жағдайда оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу өтiнiш берген күннен бастап төленеді.
3
3. Іле аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 қарашадағы «Іле ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» № 39-185 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылдың 27 қарашасындағы № 2929 тіркелген, «Іле таңы» газетінде 2014 жылдың 5 желтоқсанда № 50 (4581) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.