О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 7-5
- Қабылданған күні
- 22.11.2016
- Көрсетілген редакция
- 28.09.2021 109059_540898.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.09.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16VK004786
- ЭКБ идентификаторы
- 109059
- Редакция идентификаторы
- 109059_540898
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:14
0 Мүгедектер қатарындағы
кемтар балаларды жеке оқыту жоспары
бойынша үйде оқытуға жұмсаған
шығындарды өтеу туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 11 бабының 1 тармағына сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындар оқу жылы ішінде төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын есептелсін.
2 2. Келесі тәртіп айқындалсын:
1 1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды «Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы жүзеге асырылады;
2 2) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларға үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (толық мемлекет қарауындағы мүгедек балалардан басқа) ата-анасының біреуіне немесе үйде оқытылатын мүгедек балалардың заңды өкіліне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;
3
3) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағына сәйкес ұсынылады (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11342 нөмірімен тіркелді);