Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения местных исполнительных органов Западно-Казахстанской области, финансируемых из областного, городского и районного бюджетов, и его описания

Қаулы · № 370 · қабылданған 29.12.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-109081/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения местных исполнительных органов Западно-Казахстанской области, финансируемых из областного, городского и районного бюджетов, и его описания Күшін жойған Қаулы ·№ 370 ·29.12.2016
30.07.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения местных исполнительных органов Западно-Казахстанской области, финансируемых из областного, городского и районного бюджетов, и его описания

Күшін жойған Қаулы ·№ 370 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения местных исполнительных органов Западно-Казахстанской области, финансируемых из областного, городского и районного бюджетов, и его описания
Атауы (қаз.)
Батыс Қазақстан облысының облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
370
Қабылданған күні
29.12.2016
Көрсетілген редакция
30.07.2020 109081_474928.kaz
Соңғы өзгеріс
30.07.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16Z0004657
ЭКБ идентификаторы
109081
Редакция идентификаторы
109081_474928
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:33

0 Батыс Қазақстан облысының

облыстық, қалалық және аудандық
бюджеттерден қаржыландырылатын
жергілікті атқарушы органдарының
қызметтік куәлігін беру қағидаларын
және оның сипаттамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) Батыс Қазақстан облысының облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру қағидалары;

2 2) Батыс Қазақстан облысының облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарының қызметтік куәлігінің сипаттамасы бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Қ.Ш.Қанаевқа жүктелсін.

3 3. Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы (Г.Ж.Рахметова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

7 2016 жылғы «29» желтоқсандағы № 370

Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген
Батыс Қазақстан облысының облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Батыс Қазақстан облысының облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Батыс Қазақстан облысының облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру тәртібін белгілейді.

2 2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі – Қызметтік куәлік) оның мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылады.

3 3. Қызметтік куәлік осы қаулымен бекітілген сипаттамаға сәйкес келеді.

4 4. Тиісінше ресімделмеген, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған куәлік жарамсыз болып саналады.

2 2. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

5 5. Қызметтік куәлік қолданыстағы заңнамаға сәйкес, осы лауазымға тағайындауға құқығы бар лауазымды тұлғаның (басшының) қолы қойылып беріледі.

6 6. Қызметтік куәлік мемлекеттік қызметшілерге лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан, бұған дейін берілген куәліктің мерзімі өткен, жоғалған, сондай-ақ бүлінген жағдайда 2 жыл мерзімге беріледі.

Мемлекеттік қызметшілер алған қызметтік куәлік үшін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Батыс Қазақстан облысының облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беруді есепке алу журналына (бұдан әрі – есепке алу журналы) қол қояды.

7 7. Қызметтік куәліктер және есепке алу журналы персоналды басқару қызметтерінің сейфінде сақталады.

8 8. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшіге қызметтік куәлікті тапсырған кезде оны пайдалану және сақтау тәртібі жөнінде түсіндіру жүргізіледі.

Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде бұрын берілген қызметтік куәлікті персоналды басқару қызметтерінің қызметтік куәлікті беруге жауапты қызметкерлері қайтарып алады.

9 9. Персоналды басқару қызметтері жыл сайын, 1 қаңтардағы жағдай бойынша қызметтік куәліктердің есептік деректерге сәйкестігіне салыстыра тексеру жүргізеді.

10 10. Қызметтік куәліктерді толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды персоналды басқару қызметтерінің басшылары жүзеге асырады.

11 11. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі персоналды басқару қызметіне жазбаша (еркін) нысанда дереу хабарлайды, бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру береді.

12

12. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, бүлдірудің, сондай-ақ оны басқа адамдарға берудің немесе мақсатқа сай пайдаланбаудың әрбір фактісі бойынша персоналды басқару қызметі қызметтік тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың тәртіптік комиссиясы кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарайды.

13 13. Жоғалған қызметтік куәліктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарамсыз деп жарияланады, бұл туралы персоналды басқару қызметі хабардар етіледі. Жоғалғанның орнына жаңа қызметтік куәлік қызметтік тексеру жүргізілгеннен кейін, персоналды басқару қызметімен беріледі.

14 14. Мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылған кезде қызметтік куәлікті персоналды басқару қызметіне тапсырады.

Куәлікті тапсырған кезде кету парағына қызметтік куәлікті беруге жауапты адамның қолы қойылады.

15 15. Мемлекеттік қызметшілер жұмыстан босатылған не бүлінген кезде тапсырған қызметтік куәліктер еркін нысандағы жою туралы тиісті акті жасала отырып, бір жылда бір рет жоюға жатады.

25 Батыс Қазақстан облысының облыстық,

қалалық және аудандық бюджеттерден
қаржыландырылатын
жергілікті атқарушы органдарының
қызметтік куәлігін беру
қағидаларына қосымша
нысан
Батыс Қазақстан облысының облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беруді
есепке алу журналы

Қыз­мет­тік ку­ә­лік­тің нө­мі­рі
Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да)
Ат­қа­ра­тын ла­у­а­зы­мы
Бе­рі­л­ген кү­ні
Ал­ға­ны жө­нін­де­гі же­ке қо­лы
Қыз­мет­тік ку­ә­лік­ті ауы­стыр­ға­ны және тап­сыр­ға­ны (та­ғай­ын­да­луы, ла­у­а­зы­мы­ның өзге­руі, мер­зі­мі­нің өтуі, жұ­мыстан боса­ты­луы, жо­ға­луы) ту­ра­лы бел­гі
Қыз­мет­тік ку­ә­лік­ті жою (ак­ті­нің нө­мі­рі мен кү­ні)
Ес­керт­пе
Ескертпе: Батыс Қазақстан облысының облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беруді есепке алу журналы тігіледі, нөмірленеді және персоналды басқару қызметінің қолымен және мөрімен расталады.

26 2016 жылғы «29» желтоқсандағы № 370

Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген
Батыс Қазақстан облысының облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарының қызметтік куәлігінің сипаттамасы

1 1. Қызметтік куәліктің мұқабасы қара көк түсті жасанды былғарыдан немесе бумвинилден, көлемі 19 сантиметр х 6,5 сантиметр (ашып көрсетілген түрінде) болады.

2 2. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында алтын түсті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орналасқан, одан төмен мемлекеттік тілде типографиялық қаріппен ____________________________жазылады.

(мемлекеттік мекеменің атауы)

3

3. Куәліктің ішкі жағында ақ түс аясында шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасын қолдана отырып көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ», «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКАЯ ОБЛАСТЬ» деген жазулар, одан төмен, мәтіннен қызыл түсті үзік жолақпен бөлектелген «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазулар орналастырылған.

4 4. Сол жағында: көлемі 2,5 сантиметр х 3,5 сантиметр фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), осы лауазымға тағайындауға құқығы бар лауазымды тұлғаның (басшының) қолымен және елтаңбалы мөрмен расталған қазақ тіліндегі мәтін - тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және лауазымы.

5 5. Оң жағында: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында көгілдір жасыл түсті «ҚАЗАҚСТАН» деген жазу және орыс тіліндегі мәтін - тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және лауазымы. Төменгі жағында куәліктің жарамдылық мерзімі көрсетіледі.

Қолданыстағы