Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах реорганизации республиканских государственных казенных предприятий, находящихся в ведении Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан

Қаулы · № 8 · қабылданған 18.01.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-109133/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О некоторых вопросах реорганизации республиканских государственных казенных предприятий, находящихся в ведении Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 8 ·18.01.2017
03.06.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах реорганизации республиканских государственных казенных предприятий, находящихся в ведении Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 8 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах реорганизации республиканских государственных казенных предприятий, находящихся в ведении Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
8
Қабылданған күні
18.01.2017
Көрсетілген редакция
03.06.2022 109133_578288.kaz
Соңғы өзгеріс
03.06.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1700000008
ЭКБ идентификаторы
109133
Редакция идентификаторы
109133_578288
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:25

0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.

2

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар заңнамада белгіленген тәртіппен байқау кеңестері енгізіле отырып, қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарына (бұдан әрі – кәсіпорындар) қайта ұйымдастырылсын.

3 3. Мыналар:

1 1) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;

2 2) денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру кәсіпорындар қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.

4 4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорындардың жарғыларын бекітуге енгізуді;

2 2) әділет органдарында кәсіпорындарды мемлекеттік тіркеуді;

3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

5 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1

2

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2017 жылғы 18 қаңтардағы
№ 8 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қарамағындағы қайта ұйымдастырылатын республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың тізбесі

1

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің байқау кеңесімен «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.

2

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің байқау кеңесімен «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.

3

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің байқау кеңесімен «Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.

4

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің байқау кеңесімен «Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.

5

5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Бурабай» республикалық оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің байқау кеңесімен ««Бурабай» республикалық оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.

Қолданыстағы