О некоторых вопросах административно-территориального устройства Мангистауского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах административно-территориального устройства Мангистауского района
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 6/73
- Қабылданған күні
- 08.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 23.02.2017 109190_171406.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.02.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16M0003257
- ЭКБ идентификаторы
- 109190
- Редакция идентификаторы
- 109190_171406
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:00
0 Маңғыстау ауданының
әкімшілік-аумақтық құрылысының
кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңына сәйкес және Маңғыстау аудандық мәслихаты мен Маңғыстау ауданы әкімдігінің пікірлерін ескере отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Маңғыстау ауданының Ұштаған ауылы, Жарма, Сазды елді мекендерінің аумағы кіретін Ақтөбе ауылдық округі құрылсын.
Ақтөбе ауылдық округінің әкімшілік орталығы болып Ұштаған ауылы белгіленсін.
2 2. Маңғыстау ауданының Онды ауылы, Бекі, Басқұдық елді мекендерінің аумағы кіретін Онды ауылдық округі құрылсын.
Онды ауылдық округінің әкімшілік орталығы болып Онды ауылы белгіленсін.
3 3. Маңғыстау ауданының Шайыр ауылы, Тиген, Тасмұрын елді мекендерінің аумағы кіретін Шайыр ауылдық округі құрылсын.
Шайыр ауылдық округінің әкімшілік орталығы болып Шайыр ауылы белгіленсін.
4 4. Маңғыстау ауданының Жыңғылды селолық округі Жыңғылды ауылы болып қайта құрылсын.
5 5. Маңғыстау ауданының Тұщықұдық селолық округінің шекарасы Тұщықұдық ауылы және Қияқты елді мекенінің шегінде белгіленсін.
Тұщықұдық селолық округінің мемлекеттік тіліндегі атауы «Тұщықұдық ауылдық округі» болып өзгертілсін.
6 6. Маңғыстау ауданының Сайөтес селолық округінің шекарасы Сайөтес ауылы және Боздақ елді мекенінің шегінде белгіленсін.
Сайөтес селолық округінің мемлекеттік тіліндегі атауы «Сайөтес ауылдық округі» болып өзгертілсін.