Об изменении границ села Бейнеу и Саргинского сельского округа Бейнеуского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об изменении границ села Бейнеу и Саргинского сельского округа Бейнеуского района
- Атауы (қаз.)
- Бейнеу ауданының Бейнеу ауылы мен Сарға ауылдық округінің шекарасын өзгерту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 6/72
- Қабылданған күні
- 08.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 08.12.2016 109191_143943.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16M0003256
- ЭКБ идентификаторы
- 109191
- Редакция идентификаторы
- 109191_143943
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:00
0 Бейнеу ауданының Бейнеу ауылы
мен Сарға ауылдық округінің
шекарасын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес жалпы алаңы 7200,0 гектар Сарға ауылдық округінің өнеркәсіп жерлерінің бір бөлігін Бейнеу ауылы шекарасына қосу жолымен Бейнеу ауданы Бейнеу ауылының және Бейнеу ауданы Сарға ауылдық округінің шекаралары өзгертілсін.
2 2. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы осы қаулының және шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Ғ. Нұрғазиеваға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы және шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы
8 желтоқсандағы № 366 қаулысына және
Маңғыстау облыстық мәслихатының
2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 6/72
шешіміне қосымша
Бейнеу ауданы Сарға ауылдық округінің
шекараларынан шығарылатын және Бейнеу ауданы Бейнеу
ауылының шекарасына қосылатын жерлердің экспликациясы
Жер пайдаланушылардың атауы
Жалпы алаңы (гектар)
Сарға ауылдық округінің шекарасынан шығарылғанға дейінгі жерлер алаңы
32204,2380
Сарға ауылдық округінің шекарасының бір бөлігінен шығарылатын жерлерінің алаңы
7200,0
Сарға ауылдық округінің шекарасынан шығарылғаннан кейінгі жерлерінің алаңы
25004,2380
Бейнеу ауылының шекарасына қосқанға дейінгі жерлерінің алаңы
43622,0427
Бейнеу ауылының шекарасына қосылатын жердің бір бөлігінің алаңы
7200,0
Бейнеу ауылының шекарасына жерді қосқаннан кейінгі жердің алаңы
50822,0427