Құжат мәтініне өту

Об утверждении Методики составления счета других изменений в объеме активов

Бұйрық · № 321 · қабылданған 22.12.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-109201/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Методики составления счета других изменений в объеме активов Қолданыста Бұйрық ·№ 321 ·22.12.2016
22.12.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Методики составления счета других изменений в объеме активов

Қолданыста Бұйрық ·№ 321 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Методики составления счета других изменений в объеме активов
Атауы (қаз.)
Активтер көлеміндегі басқа да өзгерістер шотын құру әдістемесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
321
Қабылданған күні
22.12.2016
Көрсетілген редакция
22.12.2016 109201_143806.kaz
Соңғы өзгеріс
22.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014683
ЭКБ идентификаторы
109201
Редакция идентификаторы
109201_143806
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:44

0 Активтер көлеміндегі басқа

да өзгерістер шотын құру
әдістемесін бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағы 258) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Активтер көлеміндегі басқа да өзгерістер шотын құру әдістемесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ұлттық шоттар басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап осы бұйрықтың көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ұлттық шоттар басқармасы осы бұйрықты жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жеткізсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г.М. Керімханова) жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Активтер көлеміндегі басқа да өзгерістер шотын құру әдістемесі

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
міндетін атқарушының
2016 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 321 бұйрығымен бекітілді
Активтер көлеміндегі басқа да
өзгерістер шотын құру әдістемесі

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Активтер көлеміндегі басқа да өзгерістер шотын құру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

2 2. Осы Әдістеме халықаралық стандарттарға сәйкес активтер көлеміндегі басқа да өзгерістер шотын қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің пайдалануына арналған және Ұлттық шоттар жүйесінің мақсаттары үшін қолданылады.

3 3. Осы Әдістеменің мақсаты активтер көлеміндегі басқа да өзгерістер шотын құру алгоритмін сипаттау, әдеттегіден тыс, күтпеген жағдайлармен, жіктелімдегі өзгерістермен және операциялар болып табылмайтын басқа да ағындармен байланысты активтер ағындарын анықтау болып табылады.

4 4. Активтер көлеміндегі басқа да өзгерістер шоты (бұдан әрі – Шот) активтер мен пассивтердің бастапқы және соңғы теңгерімдерінің арасындағы кезең үшін баптардың құны мен құрылымындағы елеулі өзгерістерді көрсетеді.

5 5. Шот институционалдық бірліктердің арасында операцияларды болдырмайтын себептерден туындаған активтер құнының және бағалардың өзгеру шамасын көрсетеді (олардың нәтижелері капиталмен операциялар шотында және қайта бағалау шотында көрсетіледі).

2 2-тарау. Активтер көлеміндегі басқа да өзгерістердің шотын қалыптастыру

6 6. Шот өзгерістер себептеріне сәйкес активтер құнының өзгеруінің жеке алты санатын қамтиды. Активтер көлеміндегі басқа да өзгерістер шотының нысаны осы Әдістемеге қосымшада келтірілген.

7 7. Шотты қалыптастыру үшін ақпараттық база:

1 1) ресми статистикалық ақпарат;

2 2) орталық мемлекеттік органдардың әкімшілік деректері болып табылады.

8 8. Бірінші санатта:

активтердің экономикалық пайда болуы активтердің келесі типтері бойынша топтастырылады:

1 1) өндірілген қаржылық емес активтер;

2 2) өндірілмеген қаржылық емес активтер.

9 9. Табиғи ресурстардың экономикалық пайда болуын бағалау пайдалы қазбалар және жер асты сулары бойынша жүргізіледі.

10 10. Пайдалы қазбалардың экономикалық пайда болуы жүйелі ғылыми барлама кезінде, ізденістер немесе запастарды кездейсоқ табу кезінде табылған, пайдалануға жарамды жаңа кен орындарын ашу нәтижесінде болады.

11 11. Пайдалы қазбалар мен жер асты суларының экономикалық пайда болуын құндық бағалау келесі формула бойынша есептеледі:

мұнда:

12 12. Пайдалы қазбаларға бағалар бойынша ресми статистикалық ақпарат болмаған кезде түрлі-түсті және бағалы металдарға биржалық белгіленімдердің деректері қолданылады. Жер асты суларын бағалау үшін баға ретінде жер асты суларын өндіруге салық мөлшерлемелері қолданылады.

13 13. Екінші санатта:

өндірілмеген қаржылық емес активтердің экономикалық жойылуы табиғи ресурстардың таусылуын және басқа табиғи ресурстардың, келісімшарттар, жалдау шарттары, лицензиялар, гудвилл және маркетингтік активтердің экономикалық жойылуын көрсетеді. Экономикалық жойылу шоттың сол жағында теріс жазбалардың көмегімен көрсетіледі.

14 14. Табиғи ресурстардың таусылуы активтерді физикалық алуы және жұмсауы нәтижесінде пайдалы қазбалар запастары құнының төмендеуін қамтиды.

15 15. Пайдалы қазбалар және жер асты суларының экономикалық жойылуын құндық бағалау (1) формулаға сәйкес жүзеге асырылады.

16 16. Үшінші санат:

төтенше шығасылар активтердің елеулі көп санының жойылуына әкелетін елеулі, жеке және сәйкестендірілетін оқиғалардың нәтижесі болып табылады. Мұндай оқиғаларға жер сілкіністері, жанартау атқылаулары, цунами, ерекше қатты дауылдар, құрғақшылық және басқа да дүлей апаттар, әскери әрекеттер, көтерілістер және басқа да саяси оқиғалар, улы заттардың төгілуі немесе радиоактивті заттардың ауаға таралуы секілді техногендік сипаттағы апаттар жатады.

17 17. Сипатталған оқиғалар салдарынан қаржылық активтердің шағасылары аз таралған құбылыс болып табылады. Төтенше шығасыларға қолма-қол валютасының немесе меншік құқығы туралы куәлік көрсетілген бағалы қағаздардың табиғи апаты нәтижесіндегі кездейсоқ жою жатады.

18 18. Төртінші санат:

салықтарды, айыппұлдарды төлеумен байланысты емес себептер бойынша толық өтеусіз мемлекеттік басқару органдары немесе басқа институционалдық бірліктер басқа институционалдық бірліктерден активтерді алу кезінде туындайтын өтелмейтін тәркілеулер. Актив құнына сәйкес келмейтін өтеу кезінде айырмашылық институционалдық бірлік алған активтердің артуы және активті жоғалтқан институционалдық бірлік активтерінің қысқаруы ретінде көрсетіледі.

19 19. Кредиторлардың борышкерді кепілге алынған мүліктен айыруы және тауарларды меншігіне алуы шоттарда өтелмейтін тәркілеулер түрінде көрсетілмейді.

20 20. Бесінші санат:

басқа баптарға енгізілмеген көлемдегі басқа өзгерістер негізгі капиталды тұтынуды анықтау негізіндегі пайымдау қатесімен, материалдық айналым құралдарының шығасылар нормасы туралы қатемен байланысты түзетулерді қамтиды.

21 21. Алтыншы санат:

жіктелімдегі өзгерістер институционалдық бірліктер жіктелімінің секторлар бойынша өзгеруі және активтер мен міндеттемелердің жіктеліміндегі өзгерістердің нәтижесінде туындайды.

22 22. Қаржы активтері мен міндеттемелер бойынша басқа да өзгерістер шотын құру үшін ақпарат дереккөзі ретінде мемлекеттік органның ресми сайтында орналастырылған жалпы қол жетімді деректер қолданылады.

23 23. Шот әкімшілік дереккөздер негізінде құрылған және эксперименттік жұмыс болып табылады.

3 3-тарау. Активтер көлеміндегі басқа да өзгерістер шотының мақсаты мен мазмұны

24 24. Шоттың негізгі функциялары келесіні көрсетеді:

1 1) операциялар нәтижесі болып табылмайтын активтердің пайда болуы мен шығып қалуы (экономикалық пайда болу мен жойылып кетуі);

2 2) активтерден алынатын экономикалық пайдаға және олардың құнына әсер ететін әдеттегіден тыс, күтпеген жағдайлардан болған активтердің өзгеруі;

3 3) институционалдық бірліктердің, активтердің жіктеліміндегі және институционалдық бірліктердің құрылымындағы өзгерістер.

25 25. Шот экономиканың бес институционалдық секторы және басқа әлем бойынша құрылады. Активтердегі өзгерістер туралы жазбалар шоттың сол жағында, ал міндеттемелердегі өзгерістер туралы жазбалар шоттың оң жағында жүргізіледі.

26 26. Шоттың теңгерімделетін бабы активтердің көлеміндегі басқа өзгерістердің салдарынан капиталдың таза құнының өзгеруі болып табылады. Активтердегі өзгерістер құнының міндеттемелердегі өзгерістер құнынан асып кетуін көрсетеді және шоттың оң жағында есептеледі.

0.1 Активтер көлеміндегі басқа

да өзгерістер шотын құру
әдістемесіне қосымша
млн.теңге
Ак­тив­тер­де­гі өзге­рі­стер
Бас­қа ағым­дар
Мін­дет­те­ме­лер мен ка­пи­тал­дың та­за құ­нын­да­ғы өзге­рі­стер
Жиы­ны
S2
S15
S14
S13
S12
S11
S11
S12
S13
S14
S15
S2
Жиы­ны
Ак­тив­тер­дің эко­но­ми­ка­лық пай­да бо­луы
Өн­ді­ріл­ме­ген қар­жы­лық емес ак­тив­тер­дің эко­но­ми­ка­лық жой­ы­луы
Тө­тен­ше шы­ға­сы­лар
Өтел­мей­тін тәр­кі­ле­улер
Бас­қа бап­тар­ға ен­гі­зіл­ме­ген кө­лем­де­гі бас­қа өзге­рі­стер
Жік­те­лім­де­гі өзге­рі­стер
Кө­лем­де­гі бас­қа өзге­рі­стер жиы­ны
Өн­ді­рі­л­ген қар­жы­лық емес ак­тив­тер
Өн­ді­ріл­ме­ген қар­жы­лық емес ак­тив­тер
Қар­жы ак­тив­те­рі/мін­дет­те­ме­лер
Ак­тив­тер­дің эко­но­ми­ка­лық пай­да бо­луы
Өн­ді­ріл­ме­ген қар­жы­лық емес ак­тив­тер­дің эко­но­ми­ка­лық жой­ы­луы
Тө­тен­ше шы­ға­сы­лар
Өтел­мей­тін тәр­кі­ле­улер
Бас­қа бап­тар­ға ен­гі­зіл­ме­ген кө­лем­де­гі бас­қа өзге­рі­стер
Жік­те­лім­де­гі өзге­рі­стер
Кө­лем­де­гі бас­қа өзге­рі­стер жиы­ны
Өн­ді­рі­л­ген қар­жы­лық емес ак­тив­тер
Өн­ді­ріл­ме­ген қар­жы­лық емес ак­тив­тер
Қар­жы ак­тив­те­рі/мін­дет­те­ме­лер
B.10.2 Ак­тив­тер­дің кө­ле­мін­де­гі бас­қа өзге­рі­стер­дің сал­да­ры­нан ка­пи­тал­дың та­за құ­ны­ның өзге­руі
Дереккөз ҰШЖ 2008.
📌 Ескертпе.
S11 – қаржылық емес корпорациялар; S12 – қаржылық корпорациялар; S13 – мемлекеттік басқару; S14 – үй шаруашылықтары; S15 – үй шаруашылықтарына қызмет ететін коммерциялық емес ұйымдар; S2 – басқа әлем.

Қолданыстағы