Кіру
Құжат мәтініне өту

О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану

Өзге акт · № 7/6-VI · қабылданған 22.12.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-109228/on/2026-09-11/
Басып шығарылды 2026-09-11 · adilet.kz
О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану Күшін жойған Өзге акт ·№ 7/6-VI ·22.12.2016
04.02.2022 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.02.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану

Күшін жойған Өзге акт ·№ 7/6-VI · 11.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану
Атауы (қаз.)
Жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
7/6-VI
Қабылданған күні
22.12.2016
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2017
Көрсетілген редакция
04.02.2022 109228_580475.kaz
Соңғы өзгеріс
04.02.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16VD004825
ЭКБ идентификаторы
109228
Редакция идентификаторы
109228_580475
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:46

0 Жеке оқыту жоспары бойынша

мүгедектер қатарындағы кемтар
балаларды үйде оқытуға жұмсаған
шығындарын өндіріп алу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11-бабы 1-тармағына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындар ай сайын оқу жылы ішінде төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.

2. Келесі тәртіп анықталсын:

1) шығындарын өндіру «Риддер қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-ахуал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылсын;

2) отбасының табысына қарамастан, мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды ( толықтай мемлекеттің қамтылуындағы мүгедек балалардан басқалары) үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіруі ата-аналарының біріне немесе мүгедек балалардың басқа да заңды өкілдеріне төленсін;

3) жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алуға қажетті құжаттардың тізімі «Әлеуметтік еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» (нормативтік-құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу реестерінде № 11342 нөмірімен тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес ұсынылсын;

4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында көрсетілгендей, кемтар баланы үйде оқытудың қажеттілігі танылған жағдайда, өтініш берген айдан бастап тағайындалсын;

5) шығындарды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау, мүгедек баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңінде), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылсын.

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 01 қаңтардан туындаған қатынастарға таратылады.

Қолданыстағы