О наименовании и переименовании улиц города Акколь
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О наименовании и переименовании улиц города Акколь
- Атауы (қаз.)
- Ақкөл қаласының көшелеріне атау беру және қайта атау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- С 8-6
- Қабылданған күні
- 23.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2016 109248_143820.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16BC005696
- ЭКБ идентификаторы
- 109248
- Редакция идентификаторы
- 109248_143820
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:40
0 Ақкөл қаласының көшелеріне атау беру және қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 5-1) тармағына сәйкес, қала халқының пікірін ескере отырып, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ақкөл қаласының көшелері:
50 лет Октября көшесі - Балуан Шолақ көшесіне;
Казарма 385 шақырым көшесі - Темір жол көшесіне;
Цурюпин көшесі – Көктал көшесіне қайта аталсын.
2 2. Ақкөл қаласының атауы жоқ көшелері мен ықшам ауданына келесі атаулар берілсін:
Тубгородок ауданындағы жаңа ықшам ауданына - Астана шағын ауданы;
Телемұнара ауданындағы атауы жоқ көшесіне – Өрлеу көшесі;
Ж. Бектұров көшесінің ар жағында орналасқан атауы жоқ көшелерге - Жаңа ел көшесі, Жерұйық көшесі, Кұрылыс көшесі;
Пушкин көшесінің бас жағындағы атауы жоқ көшеге – Шаңырақ көшесі;
Заготконтора ауданындағы атауы жоқ көшесіне – Оңтүстік көшесі;
Комсомольская - М. Мәметова көшелері арасындағы атауы жоқ көшеге - Ұлы көш көшесі.