Об утверждении Стандарта организации оказания оториноларингологической и сурдологической помощи в Республике Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасында оториноларингологиялық және сурдологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында отоларингологиялық және сурдологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметтерді стандарттау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электрондық түрде оның көшірмелерін бір данада мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 1054 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында оториноларингологиялық және сурдологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында оториноларингологиялық және сурдологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 7- бабы 1- тармағы 6) тармақшасына сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Осы Стандарт амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын деңгейлерде меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан құлақ, тамақ және мұрын аурулары (бұдан әрі – ЛОР-ағзаларының аурулары) бар пациенттерге және есту қабілеті бұзылған пациенттерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруға қойылатын жалпы қағидаттар мен талаптарды белгілейді.
Тармақ 3
3. Осы Стандартта пайдаланылатын анықтамалар:
Тармақша 1
1) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, «оториноларингология (сурдология) (ересектер және балалар)» мамандығы бойынша сертификаты бар медицина қызметкері;
Тармақша 2
2) динамикалық байқау – халық денсаулығының жай-күйін жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқау нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;
Тармақша 3
3) естуді протездеу – адамның коммуникативтік мүмкіндіктерін есту аппараттары немесе электродты естуді протездеу арқылы дыбыс сигналдарын күшейту жолымен қалпына келтіру;
Тармақша 4
4) емдеуге жатқызу бюросы порталы (бұдан әрі – Портал) – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде пациенттерді стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу жолдамаларын электрондық тіркеудің, есепке алудың, өңдеу мен сақтаудың бірегей жүйесі;
Тармақша 5
5) оториноларингологиялық көмек – ЛОР-ағзаларының аурулары бар пациенттерге диагностиканы, емдеуді, профилактиканы және медициналық оңалтуды қоса алғандағы медициналық көрсетілетін қызметтердің кешені;
Тармақша 6
6) пациент – медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы болып табылатын жеке тұлға;
Тармақша 7
7) профилактика - аурулардың пайда болуының, олардың ерте сатыда өршуінің алдын алуға және орын алған асқынуларды, ағзалар мен тіндердің бүлінулерін бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешені;
Тармақша 8
8) сурдологиялық көмек – есту қабілетінің бұзылуы бар тұлғалардың профилактикаға, уақтылы анықтауға, диагностикаға, емдеуге, есту мүшесін протездеуге және оңалтуға бағытталған медициналық, әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық көмек қызметтерінің кешені;
Тармақша 9
9) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға көрсетілетін медициналық қызметтер көрсетудің тізбесі бойынша бірыңғай медициналық көмектің көлемі.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасында оториноларингологиялық және сурдологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдар, сондай-ақ медициналық ұйымдардың құрамындағы құрылымдық бөлімшелер (бұдан әрі – МҰ) ЛОР-ағзаларының аурулары бар пациенттердің диагностикасына, емдеуге және медициналық оңалтуға бағытталған іс-шараларды уақтылы жүргізу, сондай-ақ есту мүшесін протездеу, есту-сөйлеу оңалтуды және есту ағзаларының патологиясы бар тұлғаларға арнайы түзету-педагогикалық көмекті жүргізу мақсатында құрылады.
Тармақ 5
5. МҰ мынадай түрлерде ұйымдастырылады:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң міндетін атқарушының 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 263 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі шараларға сәйкес аудандық, қалалық емханалардың, медициналық ұйымдардың, ведомстволық медициналық ұйымдардың және жекеменшік нысандағы медициналық ұйымдардың құрылымында оториноларингологиялық кабинет;
Тармақша 2
2) консультациялық-диагностикалық орталықтың, амбулаториялық-емханалық ұйымдардың, стационарлардың, ведомстволық медициналық ұйымдардың және жекеменшік нысандағы медициналық ұйымдардың құрамындағы оториноларингологиялық амбулаториялық-емханалық бөлімше;
Тармақша 3
3) амбулаториялық-емханалық ұйымдардың, консультациялық-диагностикалық орталықтың (бөлімшелердің), ведомстволық медициналық ұйымдардың және жекеменшік нысандағы медициналық ұйымдардың мамандандырылған (фониатриялық, сурдологиялық) кабинеті;
Тармақша 4
4) оториноларингологиялық көмек орталығы бар, оның ішінде балалардың оториноларингологиялық стационарлық бөлімшесі.
Тарау 2. 2-тарау. Қазақстан Республикасында оториноларингологиялық және сурдологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру
2-тарау. Қазақстан Республикасында оториноларингологиялық және сурдологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру
Тармақ 6
6. ЛОР-ағзаларының аурулары бар халыққа және есту қабілетінің бұзылуы бар пациенттерге медициналық көмек «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне сәйкес ТМККК шеңберінде көрсетіледі.
Тармақ 7
7. МҰ штаттары «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 болып тіркелген) денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтеріне сәйкес белгіленеді.
Тармақ 8
8. Оториноларингологиялық және сурдологиялық көмек көрсету мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) амбулаториялық–емханалық көмек, оның ішінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) және консультациялық -диагностикалық көмек (бұдан әрі – КДК);
Тармақша 2
2) стационарлық көмек;
Тармақша 3
3) стационарды алмастыратын көмек.
Тармақ 9
9. Оториноларингологиялық көмек көрсететін МҰ негізгі міндеттері мен функциялары, сондай-ақ оториноларингологиялық көмек көрсету және пациенттерге оториноларингологиялық көмек бойынша медициналық көрсетілетін қызметтердің кешені «Қазақстан Республикасының халқына оториноларингологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 801 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8196 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының халқына оториноларингологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережемен регламенттеледі.
Тармақ 10
10. Пациенттерге сурдологиялық көмек көрсету тәртібі және сурдологиялық көмек көрсету бойынша медициналық көрсетілетін қызметтердің кешені «Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 338 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11406 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсету қағидаларымен регламенттеледі, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 263 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6231 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі шаралармен қамтамасыз етілген.
Тармақ 11
11. ЛОР-ағзаларының аурулары бар пациенттерге МСАК «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11268 болып тіркелген) Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларына және Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларына сәйкес ұсынылады.
Тармақ 12
12. Амбулаториялық-емханалық деңгейде оториноларингологиялық және сурдологиялық көмек көрсету:
Тармақша 1
1) профилактикалық ЛОР-қарап-тексерулер, оның ішінде (халықтың нысаналы топтарына), жаңа туылғандар мен ерте жастағы балалардың есту ағзаларына скринингтік қарап-тексеру ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 2
2) диагностикалық зертханалық және аспаптық зерттеулер;
Тармақша 3
3) емдеу іс-шаралары, оның ішінде шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек, ЛОР-ағзаларының ауруларын диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес емдеу манипуляциялары;
Тармақша 4
4) мамандандырылған медициналық көмек және жоғары технологиялық медициналық қызмет ұсыну үшін медициналық ұйымдарға ТМККК шеңберінде жоспарлы емдеуге жатқызуға іріктеу және жолдама беру «Стационарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12204 болып тіркелген) Стационарлық көмек көрсету қағидаларына сәйкес Портал арқылы жүзеге асырылады;
Тармақша 5
5) ЛОР-ағзаларының аурулары бар пациенттерді және есту қабілеті бұзылған пациенттерді динамикалық байқау;
Тармақша 6
6) ЛОР-ағзаларының аурулары бар пациенттерді және есту қабілеті бұзылған пациенттерді медициналық оңалту;
Тармақша 7
7) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 907 бұйрық) бастапқы медициналық құжаттаманы ресімдеу және жүргізу.
Тармақша 8
8) «Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығымен бекітілген Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10964 болып тіркелген) сәйкес уақытша жұмысқа жарамсыздық сараптамасын жүргізу;
Тармақша 9
9) мүгедектікті және жұмысқа жарамдылықты жоғалту деңгейін белгілеу үшін ЛОР-ағзаларының аурулары бар пациенттерді және есту қабілеті бұзылған пациенттерді «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (бұдан әрі – № 44 бұйрық) бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 10589 болып тіркелген) Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау;
Тармақша 10
10) Саламатты өмір салтын насихаттау.
Тармақ 13
13. ЛОР-ағзаларының аурулары бар пациенттерге және есту қабілеті бұзылған пациенттерге КДК «Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 626 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11958 болып тіркелген) Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. КДК оториноларинголог дәрігерлер және сурдолог дәрігерлер жүзеге асырады және ол мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) ЛОР-ағзаларының аурулары бар және есту қабілеті бұзылған пациенттерге консультациялық, диагностикалық, емдеу және медициналық оңалту көмегін көрсету;
Тармақша 2
2) жедел медициналық әрекеттерді қажет ететін ЛОР-ағзаларының жіті жағдайлары және аурулары кезінде (жарақаттар, бөгде денелер, термиялық және химиялық күйіктер, жіті іріңді қабыну аурулары) кезінде шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету, ал стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсетуді талап ететін пациенттерді оториноларингологиялық бөлімшеге жолдау, мұнда тәулік бойы кезек күттірмейтін медициналық көмек қамтамасыз етіледі;
Тармақша 3
3) халық арасында ЛОР-ағзаларының онкологиялық патологиясын анықтау;
Тармақша 4
4) дәрігердің бақылауымен медициналық ұйымның стационарлық бөлімшелерінен шығарылған, оның ішінде операциялық араласулардан кейінгі пациенттерге медициналық көмек көрсету, қажет болған жағдайда медициналық ұйым жағдайында бірнеше сағат бойы медициналық қызметкерлердің қадағалауын қажет ететін емдеу іс-шараларын жүргізу;
Тармақша 5
5) емдеу курстарын қайталап жүргізуді қажет ететін созылмалы аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсету;
Тармақша 6
6) пациенттерді хирургиялық емдеу;
Тармақша 7
7) пациенттерде қосалқы патология болған жағдайда аралас маман дәрігерлерді тарту;
Тармақша 8
8) ЛОР-ағзаларының аурулары бар пациенттерді және есту қабілеті бұзылған пациенттерді динамикалық және диспансерлік байқау;
Тармақша 9
9) бекітілген халықтың профилактикалық қарап-тексеруге қатысуы;
Тармақша 10
10) ЛОР-ағзаларының функционалдық жай-күйін қалпына келтіруге бағытталған медициналық оңалтуды жүргізу;
Тармақша 11
11) қалпына келтіру емін ұйымдастыру, бекітілген халық арасында кереңдік пен саңыраулықтың дамуының профилактикасына бағытталған іс-шараларды жүргізу;
Тармақша 12
12) № 44 бұйрықпен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес мүгедектікті және жұмысқа жарамдылықты жоғалту деңгейін белгілеу үшін ЛОР-ағзаларының аурулары бар пациенттерді және есту қабілеті бұзылған пациенттерді медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау;
Тармақша 13
13) № 907 бұйрыққа сәйкес бастапқы медициналық құжаттаманы ресімдеу және жүргізу.
Тармақ 15
15. ЛОР-ағзаларының аурулары бар пациенттерге және есту қабілеті бұзылған пациенттерге стационарлық көмек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12204 болып тіркелген) Стационарлық көмек көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Стационарлық оториноларингологиялық және сурдологиялық көмек мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) ЛОР-ағзаларының аурулары бар пациенттерге ЛОР-ағзаларының ауруларын диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес мамандандырылған медициналық көмек, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық қызметтер, оториноларингологиялық және сурдологиялық көмек көрсету;
Тармақша 2
2) дәрігердің күн сайынғы қарап-тексеруі, емді түзетуі;
Тармақша 3
3) келіп түскен кезде және кейіннен – аптасына кемінде бір рет бөлімше меңгерушісінің қарап-тексеруі;
Тармақша 4
4) пациенттерге аралас мамандықтар дәрігерлерінің консультацияларын ұйымдастыру (көрсетілімдер болған кезде);
Тармақша 5
5) диагнозды сәйкестендіруде қиындықтар туындағанда, жүргізілген ем нәтиже бермегенде республикалық деңгейдегі консультантты қоса алғанда, білктілігі жоғарырақ немесе басқа бейіндегі мамандарды (кемінде үш) қатыстыра отырып, пациентті қосымша қарап-тексеру арқылы, емдеу тәсілін нақтылай және ауруды болжай отырып, консилиумдар ұйымдастыру;
Тармақша 6
6) перинаталдық орталықтарда (көпбейінді стационарлардың босандыру бөлімшелерінде) жаңа туған балалардың есту ағзасын тексеру, есту қабілетінің бұзылуын уақтылы анықтау, медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңінде сабақтастықты сақтай отырып, ерте емдеуге және оңалтуға жолдау;
Тармақша 7
7) эпидемияға қарсы іс-шараларды және ауруханаішілік инфекциялардың профилактикасын жүргізу;
Тармақша 8
8) санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу, халықты гигиеналық тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау;
Тармақша 9
9) өз бейіні бойынша ауруларға талдау жүргізу және оларды азайту бойынша іс-шаралар әзірлеу;
Тармақша 10
10) № 907 бұйрыққа сәйкес медициналық құжаттамаларды рәсімдеу және жүргізу.
Тармақ 17
17. ЛОР-ағзаларының аурулары бар пациенттерге және есту қабілеті бұзылған пациенттерге стационарды алмастыратын көмек «Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 669 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12106 болып тіркелген) Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 18
18. ТМККК шеңберінде стационарды алмастыратын көмек күндізгі стационар жағдайында ұсынылады.
Тармақ 19
19. ЛОР-ағзаларының аурулары бар пациенттерге және есту қабілеті бұзылған пациенттерге көрсетілетін стационарды алмастыратын көмекке мыналар қосылады:
Тармақша 1
1) күндізгі стационар жағдайында емдеуге жататын (тәулік бойғы бақылауды қажет етпейтін) ЛОР ауруларының диагностикасы және оларды емдеу;
Тармақша 2
2) № 907 бұйрықпен бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес бастапқы медициналық құжаттаманы ресімдеу.
Тармақ 20
20. ЛОР-ағзаларының аурулары бар пациенттерге жедел медициналық көмек көмек «Жедел медициналық көмек көрсету және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 269 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11263 болып тіркелген) Жедел медициналық көмек көрсету және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 21
21. ЛОР-ағзаларының аурулары бар пациенттерге жедел медициналық көмек:
Тармақша 1
1) уақтылы медициналық көмек көрсетілмеген жағдайда жағдайдың ауырлауына немесе өлімге алып келетін өмірге тікелей төнген қауіп;
Тармақша 2
2) өмірге тікелей қаупі жоқ, бірақ патологиялық жағдайға байланысты қауіпті кезең кез келген уақытта басталуы мүмкін;
Тармақша 3
3) пациенттің өміріне қаупі жоқ, бірақ қоршаған ортаға тікелей қауіп төндіретін жай-күй кезінде ұсынылады.
Тармақ 22
22. ЛОР-ағзаларының аурулары бар пациенттерге жедел медициналық көмекті «жедел медициналық көмек бригадаларының фельдшері» мамандығы бойынша даярлықтан өткен фельдшерлік көшпелі жедел медициналық көмек бригадалары; дәрігерлік көшпелі жедел медициналық көмек бригадалары; «жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек» мамандығы бойынша даярлықтан өткен оңалту бейінінің мамандандырылған көшпелі жедел медициналық көмек бригадалары жүзеге асырады.
Тармақ 23
23. ЛОР-ағзаларының аурулары бар пациенттер және есту қабілеті бұзылған пациенттер медициналық көрсетілімдер болған жағдайда оңалту іс-шараларын жүргізу үшін мамандандырылған медициналық және санаторийлік-курорттық ұйымдарға жіберіледі.
Тармақ 24
24. ЛОР-ағзаларының аурулары бар пациенттерді және есту қабілеті бұзылған пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету МҰ-да ТМККК шеңберінде «Денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу және келісу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 23 қарашадағы № 762 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5900 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярын әзірлеу және келісу ережелеріне сәйкес әзірленген және бекітілген дәрілік формулярлар негізінде ұсынылады.
Тарау 3. 3-тарау. Оториноларингологиялық және сурдологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдар қызметінің негізгі бағыттары
3-тарау. Оториноларингологиялық және сурдологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдар қызметінің негізгі бағыттары
Тармақ 25
25. ЛОР-ағзаларының аурулары бар пациенттерге және есту қабілеті бұзылған пациенттерге медициналық көмек ТМККК шеңберінде көрсетіледі.
Тармақ 26
26. МҰ қызметінің негізгі бағыттары:
Тармақша 1
1) ЛОР-ағзаларының аурулары бар пациенттерге және есту қабілеті бұзылған пациенттерге білікті, мамандандырылған медициналық көмек және жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсету;
Тармақша 2
2) медициналық көмектің қолжетімділігін және медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ететін тиімді жүйе құру болып табылады.
Тармақ 27
27. ЛОР-ағзаларының аурулары бар пациенттерге білікті медициналық көмекті жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлері диагностика, емдеу және медициналық оңалту бойынша мамандандырылған әдістерді қажет етпейтін аурулар кезінде «терапия» (бұдан әрі – терапевт), «педиатрия» (бұдан әрі – педиатр), «жалпы дәрігерлік тәжірибе» (бұдан әрі – ЖДТ), «жалпы хирургия» мамандығы бойынша дәрігерлер) көрсетеді.
Тармақ 28
28. ЛОР-ағзаларының аурулары бар пациенттерге және есту қабілеті бұзылған пациенттерге мамандандырылған медициналық көмекті бейінді мамандар көрсетеді және өзіне арнайы әдістер мен күрделі медициналық технологияларды пайдалануды, сондай-ақ медициналық оңалтуды талап ететін аурулар мен жағдайлардың профилактикасын, диагностикасын және емдеуді қамтиды.
Тармақ 29
29. Жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді оториноларинголог дәрігерлер, сурдолог дәрігерлер көрсетеді және өзіне инновациялық, аз инвазивті және арнайы әдістер мен күрделі медициналық технологияларды пайдалануды, сондай-ақ медициналық оңалтуды қажет ететін аурулар мен жай-күйдің профилактикасын, диагностикасын және емдеуді қамтиды.
Тармақ 30
30. Оториноларинголог дәрігердің және сурдолог дәрігердің консультациясы МСАК мамандарының (терапевт, педиатр, ЖПД) жолдамасы бойынша болжамды (немесе қорытынды) диагнозды, қосалқы ауруларын, сондай-ақ қолда бар зертханалық және функционалдық зерттеулер деректерін көрсете отырып немесе МҰ-ға өздігінен жүгіну бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 31
31. Дауыс аппаратының аурулары анықталған кезде пациент диагностика, қажетті емдік және оңалту іс-шараларын жүргізу және динамикалық байқау үшін фониатриялық көмек көрсететін оториноларингологиялық кабинетке жіберіледі.
Тармақ 32
32. ЛОР-ағзаларының онкологиялық аурулары анықталған кезде отолриноларинголог дәрігер диагнозды растау және одан әрі пациентті қадағалап қарау тактикасын анықтау үшін пациентті онкологиялық диспансерге жолдайды. Пациентті одан әрі емдеу және байқау «онкология» (ересектер, балалар) мамандығы бойынша дәрігер мен оториноларинголог дәрігердің өзара іс-әрекетінде жүзеге асырылады.
Тармақ 33
33. Қосымша сараланған диагностика жүргізілуі тиіс ЛОР-ағзаларының спецификалық инфекциялары (туберкулез, сифилис, склерома, адамның иммун тапшылығының вирусы, папиллома вирусы және басқалары) анықталған жағдайда пациенттерді медициналық ұйымдардың мамандандырылған бөлімшелеріне жіберу қажет.
Тармақ 34
34. Сурдологиялық көмекті қажет ететін есту қабілетінің бұзылуы анықталған кезде, емдеу тактикасын анықтау, қажетті емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізу және динамикалық байқау үшін пациент сурдолог дәрігерге жіберіледі.
Тармақ 35
35. Есту ағзаларының патологиясы бар пациенттерге мамандандырылған медициналық көмек немесе жоғары технологиялы медициналық қызметтер көрсететін МҰ кохлеарлық имплантация бойынша операцияларға жататын пациенттерді кейіннен іріктеу арқылы, бейінді мамандардың қатысуымен алдын ала консультациялар жүргізеді.
Тармақ 36
36. Стационарлық жағдайда мамандандырылған көмек немесе жоғары технологиялы медициналық қызметтер көрсету аяқталғаннан кейін № 907 бұйрықпен бекітілген № 027/е нысаны бойынша пациентке амбулаториялық, стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беріледі және жүргізілген зерттеп-қарау және емдеу нәтижелерімен амбулаториялық-емханалық деңгейде пациентті одан әрі қадағалап қарау тактикасы бойынша ұсыныстармен пациентте белсенді түрде динамикалық байқауға көрсетілімдер болған кезде ол туралы ақпарат бекітілген жері бойынша МСАК ұйымына жіберіледі.
Тармақ 37
37. Пациентті МҰ-ның стационарлық бөлімшесіне емдеуге жатқызу:
Тармақша 1
1) МСАК мамандарының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша жоспарлы тәртіпте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі №761 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12204 болып тіркелген) Стационарлық көмек көрсету қағидаларына сәйкес пациенттің МҰ еркін таңдау құқығы ескеріліп, Портал арқылы ТМККК шеңберінде емдеуге жатқызу жағдайларының жоспарланған санының шеңберінде;
Тармақша 2
2) меншік нысанына қарамастан МҰ жолдамасы бойынша жоспарлы тәртіпте;
Тармақша 3
3) шұғыл көрсетілімдер бойынша жолдаманың болу-болмауына қарамастан жүзеге асырылады.
Тармақ 38
38. Медициналық көрсетілімдер бойынша негізгі емдеу курсынан кейін пациент амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың жағдайларында жүргізілетін қалпына келтіру еміне жіберіледі.
Тармақ 39
39. МҰ-ның стационарлық бөлімшесінен шығарылатын кезде пациентке № 907 бұйрықпен бекітілген № 027/е нысаны бойынша амбулаториялық, стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беріледі, онда толық клиникалық диагнозы, жүргізілген зерттеп-қараулардың, емнің көлемдері және нәтижелері (операциялар техникасының ерекшеліктері көрсетіледі – болған жағдайда) және оны одан әрі байқау бойынша ұсынымдар беріледі.
Тармақ 40
40. Кезек күттірмейтін оториноларингологиялық көмек көрсетілгеннен кейін пациенттер тұрғылықты мекенжайы бойынша оториноларинголог дәрігерге амбулаториялық емге жіберіледі, емдеуге жатқызуды қажет ететін адамдар – МҰ-ның стационарлық бөлімшесіне жіберіледі.
Тармақ 41
41. Меншік нысаны мен ведомстволық тиістілігіне қарамастан МҰ-да медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу «Медициналық көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 173 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10880 болып тіркелген) Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 42
42. Оториноларингологиялық және сурдологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымы бөлімшелерінің өзінің процестері мен емшараларын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды енгізу, ішкі индикаторларды және сыртқы индикаторларды қолдану бойынша қызмет тиімділігін талдау динамикадағы индикаторлардың шекті мәндерінің сәйкестігін бағалау арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 43
43. ЛОР-ағзаларының аурулары бар пациенттерге және есту қабілеті бұзылған пациенттерге ақылы медициналық көрсетілетін қызметтерді «Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 304 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11341 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету қағидалары мен шарттарына сәйкес мемлекеттік және медициналық ұйымдар көрсетеді.