Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и перечня работ и услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и перечня работ и услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором
- Атауы (қаз.)
- Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны және бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді орындайтын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2/2
- Қабылданған күні
- 12.01.2017
- Көрсетілген редакция
- 07.03.2019 109269_393481.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.03.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17KC004120
- ЭКБ идентификаторы
- 109269
- Редакция идентификаторы
- 109269_393481
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:26
0 Тапсырыс берушілер үшін
мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны және бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді орындайтын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражаттарын ұтымды және тиімді жұмсау мақсатындаТеміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Теміртау қаласы бойынша тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып «Теміртау қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесі айқындалсын.
2 2. Бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді орындайтын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес айқындалсын.
3
3. Тапсырыс берушілер, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге қажетті құжаттардың ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 Теміртау қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 12 қаңтардағы
№ 2/2 қаулысына
қосымша
Бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді орындайтын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі
№
р/с
Мемлекеттік сатып алудың атауы
1
Бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде объектілер салу және реконструкциялау кезінде тапсырыс беруші атынан техникалық қадағалау жүргізу бойынша инжирингтік қызметтерді көрсету
2
Автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу кезінде тапсырыс беруші атынан техникалық қадағалау жүргізу бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету
3
Бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде жаңа объектілер салу немесе салынғанын күрделі жөндеу және реконструкциялау
4
Бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу
5
Бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде объектілер салуға және реконструкциялауға жобалық-сметалық құжаттама жасау не бар жобалық-сметалық құжаттаманы түзету
6
Автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама жасау не бар жобалық-сметалық құжаттаманы түзету