О переименовании некоторых административно-территориальных единиц Курчумского, Бородулихинского районов Восточно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании некоторых административно-территориальных единиц Курчумского, Бородулихинского районов Восточно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысы Күршім, Бородулиха аудандарының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 365
- Қабылданған күні
- 06.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 06.12.2016 109290_144472.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16V0004829
- ЭКБ идентификаторы
- 109290
- Редакция идентификаторы
- 109290_144472
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:02
0 Шығыс Қазақстан облысы
Күршім, Бородулиха аудандарының
кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін
қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының
2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, «Күршім ауданы Теректі ауылдық округінің және Теректі ауылының атын өзгерту туралы» Күршім аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 қазандағы № 5/6-VI шешімі және Күршім ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 292 қаулысы, «Әкімшілік-аумақтық бірлікті және елді мекендердің құрамдас бөліктерін атау және қайта атау туралы» Бородулиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы
24 желтоқсандағы № 28-7-V шешімі және Бородулиха ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 307 қаулысы негізінде, облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 1 қарашадағы қорытындысын ескере отырып, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Шығыс Қазақстан облысының Күршім және Бородулиха аудандарының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктері:
Күршім ауданы бойынша:
Теректі ауылдық округі Марқакөл ауылдық округі;
Теректі ауылы Марқакөл ауылы;
Бородулиха ауданы бойынша:
Ленин ауылдық округі Құнарлы ауылдық округі болып қайта аталсын.