Об установлении Правил общего водопользования в Акмолинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении Правил общего водопользования в Акмолинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақмола облысында ортақ су пайдаланудың қағидаларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6С-7-9
- Қабылданған күні
- 12.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 14.04.2026 109314_818981.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.04.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16B0005715
- ЭКБ идентификаторы
- 109314
- Редакция идентификаторы
- 109314_818981
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:57
0 Ақмола облысында ортақ су пайдаланудың қағидаларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38 бабына сәйкес, Ақмола облыстық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Ақмола облысында ортақ су пайдалану қағидалары белгіленсін.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақмола облысының табиғи
ресурстар және табиғатты
пайдалануды реттеу басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
___________________ Р. Әубәкіров
2016 жылғы « 12 » 12
«Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі
Есіл бассейіндік инспекциясы»
республикалық мемлекеттік
мекеме басшысының
міндетін атқарушы
___________________М. Аяшев
2016 жылғы « 12 » 12
«Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің
Ақмола облысы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаменті»
республикалық мемлекеттік
мекеме басшысының
міндетін атқарушы
___________________А. Мусина
2016 жылғы « 12 » 12
3 Ақмола облыстық мәслихатының
2016 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 6С-7-9 шешімімен
бекітілді
Ақмола облысында ортақ су пайдаланудың қағидалары
1. Осы Ақмола облысында ортақ су пайдаланудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 38, 65 баптарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11434 тіркелген) бекітілген Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді және Ақмола облысында ортақ су пайдалану қағидаларын белгiлеу тәртiбiн анықтайды.
2. Ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн су объектiлерi жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмей және судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.
3. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.
4. Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдалану объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеуіне жол берілмейді.
5. Экологиялық, техникалық және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мақсатында ортақ су пайдалану шектелуi немесе оған тыйым салынуы мүмкiн.
6. Ортақ су пайдалануға:
1) шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін;
2) ықтимал сел қаупі бар су объектілерін қоспағанда, рекреациялық мақсаттарда, жаппай демалу, туризм және спорт мақсаттарында;
3) кеме қатынасы және шағын кемелерді пайдалану үшін;
4) мал суару үшін су объектілерін пайдалану жатады.
7. Шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін жер үсті су көздерінен су алу судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.
8. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердi экологиялық талаптар мен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келiсiм бойынша облыстың жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi.
9. Кеме қатынасы санатына жатқызылған Қазақстан Республикасының жер үстi су объектiлерi, оларды осы мақсаттарға пайдалануға толық немесе iшiнара тыйым салынған не олар оқшау пайдалануға берiлген жағдайларды қоспағанда, ортақ пайдаланудағы су жолдары болып табылады.
Су объектілерін кеме қатынасы санатына жатқызу тәртібін және кеме қатынасы су жолдарының тізбесін бекітуді су көлігі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
10. Су объектiлерiн мал суару үшiн пайдалануға санитарлық қорғау аймақтарынан тыс жерде және суат алаңдары мен су объектiлерiнiң ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болған жағдайда жол берiледi.
11. Адам өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында:
1) шомылуы жүзеге асырылмайды:
ескерту және тыйым салу белгілері орнатылған жерлерде;
шлюздерге, гидроэлектростанцияларға, ағынды суды жіберетін орындарға, малдардың тұрағына және суарылатын жерлерге және басқа да ластау көздеріне, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген ластау көздеріне кемінде 500 метр жақын ара қашықтықта;
температурасы төмен жерасты сулары шығатын, су иірімдері мен шұңқыр жерлерде;
судың ағысы секундына 0,5 метрден асатын жерлерде;
саз балшықты учаскелерде;
2
3) ортақ су пайдалану тәртібінде су объектілерінің ластануы мен қоқыстануының алдын алу үшін суату алаңдары мен басқа да құрылғылары болмаған жағдайда ауызсумен жабдықтау көздерін санитарлық қорғау аймағында мал суаруға жол берілмейді;
4) облыс аумағында орналасқан су объектілерінде, соның ішінде Ақмола облысының әкімшілік шекараларындағы Есіл және Нұра өзендерінде шағын көлемді кемелер мен басқа да суда жүретін заттардың қозғалуы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 354 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11197 тіркелген) бекітілген Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.