Об определении порядка реализации продукции в стеклянной таре в местах проведения спортивно-массовых, зрелищных культурно-массовых мероприятий в Кызылординской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении порядка реализации продукции в стеклянной таре в местах проведения спортивно-массовых, зрелищных культурно-массовых мероприятий в Кызылординской области
- Атауы (қаз.)
- Қызылорда облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату тәртібін айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 21
- Қабылданған күні
- 22.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 20.12.2017 109316_276275.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.12.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16L0005702
- ЭКБ идентификаторы
- 109316
- Редакция идентификаторы
- 109316_276275
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:45
0 Қызылорда облысында
спорттық-бұқаралық, ойын-сауық,
мәдени-бұқаралық іс-шаралар
өткізілетін орындарда шыны
ыдыстағы өнімдерді сату
тәртібін айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қызылорда облысының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қызылорда облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату тәртібі айқындалсын.
2 2. «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Е.Г. Кимге жүктелсін.
4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Қызылорда облысы әкімінің
2016 жылғы «22» желтоқсандағы
№ 21 шешіміне қосымша
Қызылорда облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық,
мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда
шыны ыдыстағы өнiмдердi сату
тәртібі
1 1. Осы тәртіп Қызылорда облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату тәртібін «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 29-бабы, 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қызылорда облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату тәртібін айқындайды.