О снятии ограничительных мероприятий на территории села Бударино Бударинского сельского округа Акжаикского района Западно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий на территории села Бударино Бударинского сельского округа Акжаикского района Западно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округі Бударин ауылы аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 09.01.2017
- Көрсетілген редакция
- 09.01.2017 109334_146308.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.01.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17ZBB04667
- ЭКБ идентификаторы
- 109334
- Редакция идентификаторы
- 109334_146308
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:27
0 Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы Бударин
ауылдық округі Бударин ауылы
аумағында шектеу іс-шараларын
тоқтату туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңдарына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 655 ұсынысы негізінде Бударин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округі Бударин ауылы аумағында ұсақ мал арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 1 «Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округі Бударин ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3795 тіркелген, 2015 жылғы 11 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің және Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 15 «Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 1 «Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округі Бударин ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 4148 тіркелген, 2015 жылғы 30 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күштері жойылды деп танылсын.