Құжат мәтініне өту

О введении запрета на проведение санитарных рубок в пихтовых насаждениях на участках государственного лесного фонда Восточно-Казахстанской области

Бұйрық · № 287 · қабылданған 22.12.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-109338/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О введении запрета на проведение санитарных рубок в пихтовых насаждениях на участках государственного лесного фонда Восточно-Казахстанской области Қолданыста Бұйрық ·№ 287 ·22.12.2016
05.07.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О введении запрета на проведение санитарных рубок в пихтовых насаждениях на участках государственного лесного фонда Восточно-Казахстанской области

Қолданыста Бұйрық ·№ 287 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О введении запрета на проведение санитарных рубок в пихтовых насаждениях на участках государственного лесного фонда Восточно-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі қылқан жапырақты екпелерде санитариялық мақсатта ағаш кесуді жүргізуге тыйым салу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
287
Қабылданған күні
22.12.2016
Көрсетілген редакция
05.07.2023 109338_642875.kaz
Соңғы өзгеріс
05.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014690
ЭКБ идентификаторы
109338
Редакция идентификаторы
109338_642875
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:43

0 Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі майқарағай екпелерінде санитариялық мақсатта ағаш кесуді жүргізуге тыйым салу туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 3 ақпандағы № 32-Ө бұйрығының 15-тармағының 27)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Өрттерді тазарту жөніндегі кесілерді қоспағанда, Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі майқарағай екпелерінде санитариялық мақсатта ағаш кесуді жүргізуге тыйым салынсын.

2 2. Шығыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ведомстволық бағыныстағы мекемелері:

1 1) сүректі түбірімен босатудың жыл сайынғы мөлшеріне өтінімдер қалыптастыру кезінде қылқан жапырақты екпелерде санитариялық мақсатта ағаш кесуді жүргізуге тыйым салынғанын ескерсін;

2 2) осы бұйрықтың 1-тармағын iске асыру жөнiнде өзге де шараларды қолдансын.

3 3. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциялары осы бұйрықтың іске асырылуына бақылау жасалуын қамтамасыз етсін.

4 4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) майқарағай екпелерінің түбірлі тамырқұлақты жұқтыру дәрежесін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

3

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

4 4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

5 5) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

5 5. Осы бұйрық ол алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы