Құжат мәтініне өту

О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану

Өзге акт · № 13/7-VI · қабылданған 23.12.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-109369/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану Күшін жойған Өзге акт ·№ 13/7-VI ·23.12.2016
17.09.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.09.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану

Күшін жойған Өзге акт ·№ 13/7-VI · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану
Атауы (қаз.)
Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
13/7-VI
Қабылданған күні
23.12.2016
Көрсетілген редакция
17.09.2021 109369_542136.kaz
Соңғы өзгеріс
17.09.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16VA004841
ЭКБ идентификаторы
109369
Редакция идентификаторы
109369_542136
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:42

0 Мүгедектер қатарындағы кемтар

балаларды жеке оқыту жоспары
бойынша үйде оқытуға жұмсаған
шығындарын өтеу туралы
Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабының 4 тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 11-бабының 1 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындары оқу жылы ағымында ай сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.

2 2. Келесі тәртіп анықталсын:

1 1) кемтар балаларды оқытуға шығындарды өтеу «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі;

2 2) мүгедектер қатарынан кемтар балаларға (толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі мүгедек балалардан басқа) шығындарды өтеу отбасының табысынан тәуелсіз, үйде оқитын мүгедек балалардың ата-анасының біріне немесе заңды өкіліне ұсынылады;

3

3) Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу үшін қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11342 тіркелген) «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет стандартының 9 тармағына сәйкес ұсынылады;

4 4) оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысында көрсетілген үйде кемтар баланы оқыту қажеттілігі танылған жағдайда өтініш жасаған айдан тағайындалады;

5 5) шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеліп соққан жағдайлар туындаған кезде (мүгедек бала он сегіз жасқа толғанда, мүгедек бала қайтыс болғанда, мүгедектігін алғанда, мүгедек баланың мемлекеттік мекемелерде оқыған кезеңінде) төлем сәйкес жағдай туындаған айдан келесі айда тоқтатылады.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы