Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера
- Атауы (қаз.)
- Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 01
- Қабылданған күні
- 17.01.2017
- Көрсетілген редакция
- 17.05.2017 109373_188186.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.05.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17KO004122
- ЭКБ идентификаторы
- 109373
- Редакция идентификаторы
- 109373_188186
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:25
0 Табиғи сипаттағы төтенше
жағдайды жариялау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48 бабы және 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес Осакаров ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Қарағанды облысы Осакаров ауданының Осакаровка, Молодежный кенттерінің, Сарыөзек ауылдық округінің Сарыөзек, Шокай ауылдарының, Батпақты ауылдық округінің Батпақты, Сарыөзен ауылдарының, Қарағайлы ауылдық округінің Қарағайлы ауылының, Николаев ауылдық округінің Николаевка, Комсомольское, Топан ауылдарының, Озерный ауылдық округінің Озерное, Ералы ауылдарының, Тельман ауылдық округінің Тельманское ауылының, Садовый ауылдық округінің Садовое ауылының аймағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.