Құжат мәтініне өту

Об утверждении правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения «Аппарат маслихата города Балхаша» и его описания

Ереже · № 7/70 · қабылданған 23.12.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-109386/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения «Аппарат маслихата города Балхаша» и его описания Күшін жойған Ереже ·№ 7/70 ·23.12.2016
11.11.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения «Аппарат маслихата города Балхаша» и его описания

Күшін жойған Ереже ·№ 7/70 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения «Аппарат маслихата города Балхаша» и его описания
Атауы (қаз.)
«Балқаш қаласының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
7/70
Қабылданған күні
23.12.2016
Көрсетілген редакция
11.11.2020 109386_492286.kaz
Соңғы өзгеріс
11.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16KD004109
ЭКБ идентификаторы
109386
Редакция идентификаторы
109386_492286
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:42

0 «Балқаш қаласының

мәслихат аппараты»
мемлекеттік мекемесінің
қызметтік куәлікті беру
қағидаларын және оның
сипаттамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес, қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес «Балқаш қаласының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидалары;

2 2) осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес «Балқаш қаласының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы бекітілсін.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Қалалық мәслихаттың

2016 жылғы
23 желтоқсандағы
№7/70 шешіміне
1-қосымша
«Балқаш қаласының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы «Балқаш қаласының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Балқаш қаласының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәліктерді беру тәртібін айқындайды.

2 2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі – Қызметтік куәлік) оның мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылады.

3 3. Тиісінше рәсімделмеген, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған куәлік жарамсыз болып саналады.

2 2. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

4 4. Қызметтік куәлік «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне – қалалық мәслихат хатшысының қолы қойылып беріледі.

5 5. Қызметтік куәлік қызметкерлерге лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан және бұған дейін берілген куәліктің мерзімі өткен, жоғалған, сондай-ақ бүлінген жағдайда беріледі.

Қызметкерлер алған қызметтік куәлік үшін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Балқаш қаласының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналына қол қояды (бұдан әрі – есепке алу журналы).

6 6. Қызметтік куәліктер мен есепке алу журналы «Балқаш қаласының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысының сейфінде сақталады.

7 7. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшіге қызметтік куәлікті тапсырған кезде пайдалану және оны сақтау тәртібі бойынша түсіндіру жүргізіледі.

Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде бұрын берілген қызметтік куәлік, жоғалту жағдайын қоспағанда, «Балқаш қаласының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысына қайтарылып берілуі тиіс.

8 8. «Балқаш қаласының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы жыл сайын, 1 қаңтардағы жағдай бойынша, қызметтік куәліктердің есептік деректерге сәйкестігіне салыстырып тексеру жүргізеді.

9 9. Қызметтік куәліктерін толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды «Балқаш қаласының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы жүзеге асырады.

10 10. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі дереу «Балқаш қаласының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысына жазбаша (еркін) нысанда хабарлайды және бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру береді.

11

11. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, бүлдірудің, сондай-ақ оны басқа адамдарға берудің немесе мақсатқа сай пайдаланбаудың әрбір фактісі бойынша «Балқаш қаласының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы қызметтік тергеп-тексеру туралы өкімнің шығуынан кейін он күнтізбелік күн мерзімінде қызметтік тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша «Балқаш қаласының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің тәртіптік комиссиясы кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарайды.

12 12. Жоғалғанның орнына жаңа қызметтік куәлікті қызметтік тексеру жүргізілгеннен кейін «Балқаш қаласының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы береді.

13 13. Жұмыстан босатылған кезде қызметкер қызметтік куәлікті «Балқаш қаласының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысына тапсырады.

Куәлікті тапсырған кезде кету парағына қызметтік куәлікті беру үшін жауапты адамның қолы қойылады.

14 14. Қызметкерлер жұмыстан босатылған не бүлінген кезде тапсырған қызметтік куәліктер еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасала отырып, бір жылда бір рет жойылуға жатады.

22 «Балқаш қаласының мәслихат

аппараты»
мемлекеттік мекемесінің
қызметтік куәлікті беру
қағидаларына қосымша
нысан
«Балқаш қаласының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы

Қызметтік куәліктің нөмірі
Тегі, Аты, Жөні (бар болған жағдайда)
Атқаратын лауазымы
Берілген күні
Алғаны жөнінде жеке қолы
Қызметтік куәлікті ауыстыруы және тапсырғаны (тағайындалуы, лауазымының өзгеруі, мерзімінің өтуі, жұмыстан босатылуы, жоғалуы) туралы белгі
Қызметтік куәлікті жою (актінің нөмірі мен күні)
Ес­керт­пе
Ескертпе: «Балқаш қаласының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы тігіліп, нөмірленіп және «Балқаш қаласының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысының қолымен және мөрімен расталады.

23 Қалалық мәслихаттың

2016 жылғы 23 желтоқсандағы
№7/70 шешіміне
2 қосымша
«Балқаш қаласының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы

1 1. Куәліктің мұқабаларының көлемі 19 см х 6,5 см (ашып көрсетілген түрінде), көк (көгілдір) түсті экобылғарыдан немесе жоғары сапалы жасанды былғарыдан болады.

2 2. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен «КУӘЛІК», «УДОСТОВЕРЕНИЕ» деген типографиялық қаріппен жазба жазылады.

3

3. Куәліктің ішкі жағында ақ түс аясында шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасын қолдана отырып көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде (қазақ және орыс тілдерінде) «Балқаш қалалсының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі, одан төмен мәтіннен көк түсті үзік жолақпен бөлектелген «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазулар орналастырылған.

4 4. Сол жағында: көлемі 2,5 х 3,5 см фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), қалалық мәслихат хатшысының қолымен және елтаңбалы мөрмен расталған қазақ тіліндегі мәтін.

5 5. Оң жағында: көгілдір түс аясында көлемі 3 х 4 см Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында көгілдір жасыл түсті «ҚАЗАҚСТАН» деген жазу және орыс тіліндегі мәтін. Төменгі жағында куәліктің жарамдылық мерзімі (бес жыл мерзімге беріледі) көрсетіледі.

Қолданыстағы