Об утверждении формы, Правил и сроков представления нотариусами сведений по сделкам и договорам физических лиц
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении формы, Правил и сроков представления нотариусами сведений по сделкам и договорам физических лиц
- Атауы (қаз.)
- Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары бойынша мәліметтерді нотариустардың ұсыну нысанын, қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 702
- Қабылданған күні
- 29.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2021 109395_501219.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600014732
- ЭКБ идентификаторы
- 109395
- Редакция идентификаторы
- 109395_501219
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:33
0 Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары бойынша мәліметтерді нотариустардың ұсыну нысанын, қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 583-бабы 7-3-тармағының 1) және 3) тармақшаларына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мыналар:
1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары бойынша мәліметтердің нысаны;
2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары бойынша мәліметтерді нотариустардың ұсыну қағидалары және мерзімдері бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жiберілуін;
3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдануын;
4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
_______________ М. Бекетаев
201_ жылғы «___»___________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің Төрағасы
_______________ Н. Айдапкелов
201_ жылғы «___»___________
1 Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсан
№ 702 бұйрығына
1-қосымша
Нысан
Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары бойынша
мәліметтерді нотариустардың ұсыну нысанын, қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы
Есептік кезең: 20 _ жыл
Индекс: 1-ЖТМШМ
Кезеңділігі: жылсайын
Ұсынатын адамдар тобы: Мәліметтерді мемлекеттік нотариаттық кеңселерде жұмыс істейтін нотариустар және жеке тұлғалардың мәмілелері және келісімдері бойынша жеке практикамен айналысатын нотариустар ұсынады
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне
Ұсыну мерзімі: жылсайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей ұсынылады
№
р/с
Сатып алушы (жылжымайтын мүлік), алушы (ол бар болса) туралы мәліметтер
Шарттың немесе мәміленің тарапы болып табылатын тұлғаның БСН/ЖСН
Мәлімет-тер коды
Шарттың немесе мәміленің мәндік атауы (ол бар болса)
Нотариат-тық іс -әрекеттерді тіркеу күні
Шарттың немесе мәміленің құны (ол бар болса), теңгемен
Када-стрлық нөмірі (ол бар болса)
Жеке тұлғаныңЖСН
Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (ол бар болса)
А
В
С
D
E
F
G
H
I
___________________________________________________/____________________________
Мәліметтер ұсынатын нотариустың (электрондық-цифрлық қолтаңбасы)
Т.А.Ә. (ол бар болса)
Орындаушының телефон нөмірі ___________________________________________________
Мәліметтерді ұсынатын нотариустың адресі _________________________________________
2 Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсан
№ 702 бұйрығына
2-қосымша
Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары бойынша
мәліметтерді нотариустардың ұсыну нысанын, қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы
1
1. Осы Жеке «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 583-бабы 7-3-тармағының 1) және 3) тармақшаларына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке тұлғалардың мәмілелері және келісімдері бойынша нотариустардың мәліметтер беру мерзімін және тәртіптерін (бұдан әрі - Мәлімет) айқындайды:
1 1) мемлекеттiк немесе өзге де тiркеуге жататын мүлiк, сондай-ақ ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмiлелер мемлекеттiк немесе өзге де тiркеуге жататын мүлiк туралы;
2 2) егер мәмiледе (шартта) көзделген баға республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының 160 еселенген мөлшерiнен асып кеткен жағдайда, осы тармақта көрсетiлмеген басқа да мәмiлелер және келісімдері туралы.
2 2. Мәліметтерді мемлекеттік нотариаттық кеңселерде жұмыс істейтін нотариустар және жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары бойынша жеке практикамен айналысатын нотариустар (бұдан әрі – нотариустар) ұсынады.
3 3. Мәліметтер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық тәсілмен, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей ұсынылады. Есепті кезең күнтізбелік жыл болып табылады.
4 4. Мәліметтер осы бұйрықпен насыны бекітілген қосымша 1 бойынша ұсынылады, онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1 1) А бағанында – жолдың реттік нөмірі, араб цифрлармен;
2
2) В бағанында – жеке тұлғаның – ол бойынша мәліметтер ұсынылатын сатып алушының (жылжымайтын мүлікті), алушының (жұмыстар, қызмет көрсету) жеке сәйкестендіру нөмірі. Егер сатып алушылар бірнеше болған жағдайда, әрбір сатып алушы (жылжымайтын мүлікті), алушының (жұмыстар, қызмет көрсету) жеке жолмен көрсетіледі, бұл ретте А бағанындағы реттік нөмір мәмілеге қатысушылар санына байланыссыз өзгертілмей қалады;
3 3) С бағанында – жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);
4 4) D бағанында – келісім немесе мәміле тарапы болып табылатын тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі. Егер тараптар бірнеше болған жағдайда, әрбір тарап бойынша деректер жеке жолмен көрсетіледі;
5 5) E бағанында – Мәліметтер коды:
001 – осы Қағиданың 1-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген;
002 – осы Қағиданың 1-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген;