Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Казыгуртского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Казыгуртского района
- Атауы (қаз.)
- Қазығұрт ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 302
- Қабылданған күні
- 26.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 03.11.2017 109410_263058.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.11.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16UF003960
- ЭКБ идентификаторы
- 109410
- Редакция идентификаторы
- 109410_263058
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:36
0 Қазығұрт ауданының аумағында
көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін
арнайы бөлінген орындарды
белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 – тармағының 4-2) тармақшасына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27 бабының 2 – тармағына және «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 тіркелген), Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазығұрт ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ.Ә. Төлеповке жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Қазығұрт ауданы
әкімдігінің 2016 жылғы
26 желтоқсандағы №302
қаулысына қосымша
Қазығұрт ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін
арнайы бөлінген орындар
№
Ауыл округінің атауы
Мекен жайы
1
Қазығұрт
Қазығұрт елді мекені, Қонаев көшесі, Болашақ ықшам ауданының қарама-қарсы алаңы №5 жасыл аймақ жаны
2
Шанақ
Шанақ елді мекені, М.Өтенов көшесінің бойы
3
Шарапхана
Шарапхана елді мекені, Қазына көшесі «Тілеген» базарының алды
4
Қарабау
Сынтас елді мекені, Бәйдібек көшесі №1, «Қарабау ЭТШ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жаны
5
Шарбұлақ
Шарбұлақ елді мекені, Т.Батырбеков көшесі, «Шарбұлақ» тойханасының қарама-қарсы алаңы
6
Алтынтөбе
Қаржан елді мекені, А.Қосанбаев көшесі, «Сенбі» базарының қарама-қарсы алаңы
7
Сабыр Рақымов
Көкібел елді мекені, А.Құралов көшесі, «Өмірбай ата» сауда орталығының жаны
8
Тұрбат
Тұрбат елді мекені, Бейбітшілік көшесі, «Тұрбат» орталық базарына қарма-қарсы дүкендер алды
9
Қызылқия
Қызылқия елді мекені, Д.Болыс көшесі №87 а, «Nomad Group RBC» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының алды
10
Қақпақ
Заңғар елді мекені, «Қақпақ-Қазығұрт» автомобиль жолының бойы
11
Жаңабазар
Жаңабазар елді мекені, Р.Абдрайымұлы көшесі, Т.Оспанов көшесіне қарама-қарсы алаңы
12
Жігерген
Айнатас елді мекені, Айнатас көшесі, «Жұма» базарының алды
13
Қарақозы Әбдәлиев
Рабат елді мекені, Жібек жолы көшесі, «Шерім ата» азық-түлік дүкенінің жаны