Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Качирскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Качирскому району
- Атауы (қаз.)
- Качир ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 17
- Қабылданған күні
- 23.01.2017
- Көрсетілген редакция
- 17.04.2019 109420_401091.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17PH005351
- ЭКБ идентификаторы
- 109420
- Редакция идентификаторы
- 109420_401091
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:23
0 Качир ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Качир ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Качир ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыскерлердің төмендегідей тізімдік саны бар ұйымдарға елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Качир ауданы әкімінің орынбасары Р.Қ. Ыбыраеваға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Качир ауданы бойынша мүгедектерге арналған жұмыс орындары квотасы
Качир ауданы әкімдігінің
2017 жылғы «23» қаңтардағы
№ 17 қаулысына қосымша
Качир ауданы бойынша мүгедектерге арналған жұмыс орындары квотасы
р/с №
Ұйымдардың атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны (ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде), адам
Үлес мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік саны %)
Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының саны (адам)
1
2
3
4
5
1
Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Качиры аграрлық-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
59
2
1
2
«Максим-Горький орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекеме» мемлекеттік мекемесі
78
2
1
3
Качир ауданы әкімдігінің «Бастау» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
63
2
1
4
Качир ауданы әкімдігінің «Өркендеу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
56
2
1