Об установлении квоты рабочих мест
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест
- Атауы (қаз.)
- Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 291
- Қабылданған күні
- 30.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 20.11.2019 109426_430503.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.11.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16MC003267
- ЭКБ идентификаторы
- 109426
- Редакция идентификаторы
- 109426_430503
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:32
0 Жұмыс орындарына квота
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Бейнеу ауданының жұмыс берушілеріне жұмыс орындарына квота белгіленсін:
ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары жалпы санының 1 пайызы мөлшерінде;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары жалпы санының 1 пайызы мөлшерінде;
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмысорындары жалпы санының 1 пайызы мөлшерінде.
2
2. «Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Б.Өмірбеков) осы қаулының «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, аудан әкімдігінің интернет – ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.