Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества в Целиноградском районе и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества в Целиноградском районе и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества
- Атауы (қаз.)
- Целиноград ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 87/10-6
- Қабылданған күні
- 23.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 05.09.2022 109449_590047.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16BQ005728
- ЭКБ идентификаторы
- 109449
- Редакция идентификаторы
- 109449_590047
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:41
0 Целиноград ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қоса берілген Целиноград ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі бекітілсін.
2
2. «Целиноград ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» Целиноград аудандық мәслихатының 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 208/28-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4184 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 мамырда «Вести Акмола», «Ақмол ақпараты» аудандық газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Целиноград ауданының әкімі
________________ М. Таткеев
23.12. 2016
4 Целиноград аудандық
мәслихатының 2016 жылғы
23 желтоқсандағы № 87/10-6
шешімімен бекітілген
Целиноград ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық
жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу
үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің
санын айқындау тәртібі
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Целиноград ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39–3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді.