О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1130
- Қабылданған күні
- 29.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 04.11.2020 109457_491352.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600014717
- ЭКБ идентификаторы
- 109457
- Редакция идентификаторы
- 109457_491352
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:33
0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 34-бабының 4-тармағына, «Мемлекеттік қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11356 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 шілдеде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысандағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тіркеу науқанына қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес келмейтіні) туралы хаттамадан үзінді көшірме;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі жөніндегі қызметтерді (бұдан әрі – ТМККК) беру үшін әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес келмейтіні) туралы хаттамадан үзінді көшірме.»;
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Көрсетілетін қызметті алушы қызметтер берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
МСАК көрсететін әлеуетті қызметтер беруші Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тіркеу науқанына қатысу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тіркеу науқанына қатысу үшін әлеуетті қызмет берушілерді айқындау рәсіміне қатысуға арналған өтінімді (бұдан әрі – қатысуға арналған өтінім) мемлекеттік қызметтердің осы стандартына
3-қосымшаға сәйкес мынадай құжаттарды қоса берумен:
1) мыналардың:
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың (анықтаманың электрондық нұсқасын нотариат куәландырмайды);
тиісті мемлекеттік орган берген, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың (жеке тұлға үшін);
сенімгерлік шартты (бар болса);
МСАК әлеуетті қызметтер берушісінің тиісті медициналық қызметтер көрсетуге арналған құқығын растайтын медициналық қызметпен айналысуға лицензиялар мен оларға қосымшалардың (электрондық лицензияны және оған қосымшаларды нотариат куәландырмайды) нотариат куәландырған көшірмелерін;
2) мыналардың:
жеке басын куәландыратын құжаттың (жеке тұлға үшін);
жарғының (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмесе, сондай-ақ құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді көшірме немесе құрылтай шартының нотариат куәландырған көшірмесі немесе акцияларды ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірме ұсынылады);
аккредиттеу туралы куәліктің көшірмелері (бар болса);
3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық білімі бар медицина қызметкерлерінің біліктілігі туралы мәліметтер (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 127 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10735 болып тіркелген) бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларына сәйкес берілген аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда бұл мәліметтер ұсынылмайды);
ТМККК көрсетуге үміткер әлеуетті қызметтер беруші мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі қызметтерін берушіні таңдау рәсіміне қатысуға арналған өтінімді ұсынады:
1) мыналардың:
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың (анықтаманың электрондық нысанын нотариат куәландырмайды);
тиісті мемлекеттік орган берген, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың (жеке тұлға үшін);
сенімгерлік басқару шартының (бар болса);
медициналық қызметпен айналысуға арналған лицензияның және мәлімделген медициналық қызметтерді көрсетуге құқығын және қызметтер беруші өндірістік базасының тапсырыс беруші қызметтер берушіні таңдау рәсімін жүзеге асыру туралы хабарламада көрсеткен аумақта көрсету орны бойынша орналасуын растайтын қосымшалардың (электрондық лицензияны және оған қосымшаларды нотариат куәландырмайды);
стационарлық медициналық көмек көрсетуге өтінім берген жағдайда, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналысы саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның (электрондық лицензияны және оған қосымшаларды нотариат куәландырмайды) (қажет болса);
мәлімделген медициналық қызметтер көрсетуге құқықты растайтын, атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың (электрондық лицензияны және оған қосымшаларды нотариат куәландырмайды) нотариат куәландырған көшірмелерін (қажет болса);
2) мыналардың:
жеке басын куәландыратын құжаттың (жеке тұлға үшін);
жарғының (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмесе, сондай-ақ құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді көшірме немесе құрылтай шартының нотариат куәландырған көшірмесі немесе акцияларды ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірме ұсынылады);
аккредиттеу туралы куәліктің (бар болса);
көрсетілетін қызметтер бойынша ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) болуын растайтын құжаттың (бар болса);
Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық департаменті 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 42-бабымен айқындалған тәртіппен медициналық ұйымның жоғары технологиялық медициналық қызметтер (бұдан әрі – ЖТМҚ) көрсетуге өткізілген бағалау қорытындысының (консультациялық-диагностикалық, стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсетуге өтінім берген жағдайда);
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 534 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11743 болып тіркелген) бекітілген Тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесін қалыптастыру қағидаларымен айқындалған тәртіппен әлеуетті қызметтер берушіні тіндерді (тіндердің бөліктерін) немесе ағзалар (ағзалардың бөліктерін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесіне қосу туралы уәкілетті орган шешімінің көшірмелерін (ЖТМҚ көрсетуге өтінім берген жағдайда);
3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дербес қатысу кезінде тамақтандыру ұйымының растауымен немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 234 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10982 болып тіркелген) бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес келетін аутсорсинг шарты бойынша ұйымды тарта отырып, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар бойынша, тамақ өнімдері бойынша кемінде бір ай мерзімге арналған материалдық ресурстар қорының болуын растайтын ақпарат қоса берілген кепілдік міндеттеме (бағдарламалық амбулаториялық гемодиализ қызметтерін көрсету кезінде стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсетуге өтінім берген жағдайда);
4) Кодекстің 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестігі жөніндегі кепілхат (аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда кепілхат ұсынылмайды);
5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның көлік құралының болуын және шарттық негізде көлік қызметтерін көрсететін ұйымды тартуды растайтын ақпаратты қоса бере отырып кепілдік міндеттеме (бағдарламалық амбулаториялық гемодиализ қызметтерін көрсету кезінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек, стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсетуге өтінім берген жағдайда);
6) ағымдағы кезеңге арналған кредиторлық берешегі туралы ақпарат;
7) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық білімі бар медицина қызметкерлерінің біліктілігі туралы мәліметтер (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 127 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10735 болып тіркелген) бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларына сәйкес берілген аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда бұл мәліметтер ұсынылмайды);
8) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық көмектің түрлері мен нысандары туралы мәліметтер;
9) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне бекіту науқанының қорытындылары бойынша хаттамадан үзінді көшірме немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне бекіту науқанына қатыспаған МСАК-тың әлеуетті қызметтер берушісіне бекітілген халық саны туралы мәліметтер;
10) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төсек қоры туралы мәліметтер;
11) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық техниканың болуы туралы мәліметтер.
Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы сияқты құжаттарды не соларға ұқсас құжаттарды ұсынады.
Қатысуға арналған өтінімге және оған қоса берілетін құжаттарға әлеуетті қызметтер берушінің басшысы қол қояды.
Қатысуға арналған өтінімді әлеуетті қызметтер беруші тапсырыс берушіге тігілген түрде, нөмірленген парақтармен түзетулерсіз және жөндеулерсіз ұсынады. Бұл ретте өтінімнің соңғы парағы бірінші басшының қолымен куәландырылады және мөрімен бекітіледі (бар болса).
Қатысуға арналған өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды әлеуетті қызметтер беруші берген, басшының қолымен расталған және мөрімен бекітілген (бар болса), қатысуға өтінім беру құқығына сенімхаттың негізінде әлеуетті қызметтер берушінің сенім білдірілген тұлғасының ұсынуына жол беріледі.
10. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысуға арналған өтінімді көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тіркеу науқанына қатысу үшін әлеуетті қызмет берушілерді айқындау рәсімін өткізу туралы хабарламада көрсеткен соңғы мерзімі аяқталғанға дейін ұсынады.
Көрсетілетін қызметті беруші қызметті берушіні таңдау рәсімін жүзеге асыру туралы хабарландыруды жариялаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі қызметтерін берішіні таңдау рәсімне қатысуға арналған өтінімді ұсынады.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.»;
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 және 11-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 және 11-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:
осы бұйрыққа 12, 13 және 14-қосымшаларға сәйкес 12, 13 және 14-қосымшаларымен толықтырылсын;
2
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данада баспа және электрондық түрде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
______________________ Д. Абаев
2017 жылғы «___» _____________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы «___» _______________
1 Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне бекіту науқанына қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес келмейтіні) туралы хаттамадан үзінді көшірме*
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрығына
1-қосымша
«Тегін медициналық көмектің кепілдік
берілген көлемін көрсету жөніндегі
қызметтер берушінің қойылатын
талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін)
анықтау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне бекіту науқанына қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес келмейтіні) туралы хаттамадан үзінді көшірме*
__________________ 20__ жылғы «___» _____________
(орналасқан жері)
Бұйрықпен құрылған комиссия _________________________________________________
(ДСБ-ның атауы)
20___жылғы_______________________ №____ _____________________________________
(бұйрықтың атауы)
Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды медициналық-санитариялық
алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне _____________ жылға
бекіту науқанына қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушілерді айқындау рәсіміне
қатысуға арналған өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша ашық дауыс беру арқылы
мынадай ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ: ______________________________________________________
(әлеуетті қызметтер берушінің атауы)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 638 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11960 болып тіркелген) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларымен қойылатын талаптарға (сәйкес келмейді) және Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тіркеу науқанына қатысуға жіберілді (жіберілген жоқ).
ДСБ-ның басшысы ________________________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мөрдің орны
2 Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес келмейтіні) туралы хаттамадан үзінді көшірме
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрығына
2-қосымша
«Тегін медициналық көмектің кепілдік
берілген көлемін көрсету жөніндегі
қызметтер берушінің қойылатын
талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін)
анықтау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын
талаптарға сәйкестігі (сәйкес келмейтіні) туралы
хаттамадан үзінді көшірме
__________________ 20__ жылғы «___» _________
(орналасқан жері)
Бұйрықпен құрылған комиссия ___________________________________________________
(тапсырыс берушінің атауы)
20____жылғы_________________________________ №_________________________________
(бұйрықтың атауы)
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер
берушіні таңдау рәсіміне қатысуға арналған өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша
ашық дауыс беру арқылы мынадай ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
_______________________________________________________________________________
(әлеуетті қызметтер берушінің атауы)
мынадай негіздемелер бойынша: _____________________________________________
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 638 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11960 болып тіркелген) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларымен қойылатын талаптарға (сәйкес келмейді) және Қазақстан Республикасының азаматтары мен
оралмандарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ____________жылға орналастыру рәсіміне қатысуға жіберілді (жіберілген жоқ).
Тапсырыс берушінің басшысы __________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мөрдің орны
3 Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне бекіту науқанына қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушілерді айқындау рәсіміне қатысуға арналған өтінім
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрығына
3-қосымша
«Тегін медициналық көмектің кепілдік
берілген көлемін көрсету жөніндегі
қызметтер берушінің қойылатын
талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін)
анықтау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
Нысан
_______________________________________________________________________________
(әлеуетті қызметтер берушінің атауы)
Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне
бекіту науқанына қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушілерді
айқындау рәсіміне қатысуға арналған
өтінім
1
1. Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне бекіту науқанына қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушілерді айқындау рәсіміне қатысуға үміткер заңды (жеке) тұлға (бұдан әрі – МСАК-тың әлеуетті қызметтер берушісі) туралы мәліметтер:
МСАК әлеуетті қызметтер берушісінің заңды, пошталық мекенжайы мен байланыс телефондары;
МСАК әлеуетті қызметтер берушісінің банк деректемелері (ЖСН, БСН, ЖСК), сондай-ақ, МСАК-тың әлеуетті қызметтер берушісіне қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының атауы мен мекенжайы;
МСАК-тың әлеуетті қызметтер берушісі бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).
2 2. ________________________________________________________________________
(әлеуетті қызметтер берушінің атауы)
осы өтініммен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 638 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11960 болып тіркелген) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларының қағидаларында көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне
тіркеу науқанына қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушіні айқындау
рәсіміне қатысуға ниет білдіреді.
3 3. Осы өтініммен әлеуетті қызметтер берушілерге қойылатын талаптардың бұзылмағанын және ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын растайды.
Қосымша:
______________________________________________________________
(парақтардың санын көрсете отырып, құжаттың атауы)
______________________________________________________________
(МСАК-тың әлеуетті қызметтер берушісі басшысының лауазымы,
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және оның қолы)
Мөрдің орны (бар болса)
Толтырылған күні ______________
4 Медициналық білімі бар медицина қызметкерлерінің біліктілігі туралы мәліметтер
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрығына
4-қосымша
«Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемін көрсету
жөніндегі қызметтер берушінің
қойылатын талаптарға сәйкестігін
(сәйкес еместігін) анықтау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
4-қосымша
Нысан
Медициналық білімі бар медицина қызметкерлерінің біліктілігі туралы мәліметтер
_______________________________________________________
(әлеуетті қызметтер берушінің атауы)
р/с
№
ЖСН
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Атқара
тын лауазы
мы
Білімі
(дипломның
№, оқу рнының
атауы және бітірген жылы)
Жалпы медицина
лық өтілі
Маман
дығы бойынша
еңбек
өтілі
Біліктілік
санаты берілген (берілмеген) маман сертификаты (№ және берілген күні)
Соңғы 5 жылда біліктілігін арттырғаны туралы құжат (бар болса)
Ғылыми дәрежесінің, атағының болуы туралы құжат (бар болса)
Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық (№, күні)
Штат кестесіне сәйкес алатын мөлшерлемесі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
Ескертпе:
*аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда бұл мәліметтер
ұсынылмайды. ________________________________________________________________
(әлеуетті қызметтер беруші басшысының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса) және оның қолы)
Мөрдің орны (бар болса)
5 Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау рәсіміне қатысуға арналған өтінім
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрығына
5-қосымша
«Тегін медициналық көмектің кепілдік
берілген көлемін көрсету жөніндегі
қызметтер берушінің қойылатын
талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін)
анықтау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
5-қосымша
Нысан
__________________________________________________________________
(әлеуетті қызметтер берушінің атауы)
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету
жөніндегі қызметтер берушіні таңдау рәсіміне қатысуға арналған
өтінім
1 1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні (бұдан әрі - әлеуетті қызметтер беруші) таңдау рәсіміне қатысуға ниет білдірген заңды (жеке) тұлға туралы мәліметтер:
әлеуетті қызметтер берушінің заңды, пошталық мекенжайы және байланыс телефондары;
әлеуетті қызметтер берушінің банк деректемелері (ЖСН, БСН, ЖСК), сондай-ақ әлеуетті қызметтер берушіге қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы және мекенжайы;
әлеуетті қызметтер беруші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).
2 2. Мынадай медициналық көмектің нысаны(-дары) бойынша:
____________________________, оның ішінде мынадай жоғары технологиялық медициналық қызметтер (ЖТМҚ) бойынша: _______________ мынадай медициналық көмектің түріне(-леріне) өтінім береді: ____________________.
3 3. ________________________________________________________________________
(әлеуетті қызметтер берушінің атауы)
осы өтініммен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 638 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11960 болып тіркелген) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларында көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес әлеуетті қызметтер беруші ретінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушілерді таңдау рәсіміне қатысуға ниет білдіреді.
4 4. Осы өтініммен әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын талаптардың бұзылмағанын және ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын растайды.
Қосымша: ___________________________________________________________
(парақтардың санын көрсете отырып, құжаттың атауы)
____________________________________________________________________
(әлеуетті қызметтер беруші басшысының лауазымы, тегі,
аты, әкесінің аты (бар болса) және оның қолы)
Мөрдің орны (бар болса)
Толтырылған күні _________________________
6 Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрығына
6-қосымша
«Тегін медициналық көмектің кепілдік
берілген көлемін көрсету жөніндегі
қызметтер берушінің қойылатын
талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін)
анықтау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
6-қосымша
Нысан
_________________________________________________________________
(әлеуетті қызметтер берушінің атауы)
кепілдік міндеттемесі
мынадай ақпаратты қоса бере отырып, медициналық көмекті үздіксіз жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін кемінде бір ай мерзімге дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және тамақ өнімдері қорының болуына кепілдік береді:
1 1. Дәрілік заттардың қорлары туралы ақпарат
Р/с
№
Дәрілік заттың атауы
Өлшем бірлігі
Саны
Сомасы, теңге
1
2
3
4
5
2 2. Медициналық мақсаттағы бұйымдардың қорлары туралы ақпарат
Р/с
№
Медициналық мақсаттағы бұйымның атауы
Өлшем бірлігі
Саны
Сомасы, теңге
1
2
3
4
5
3 3. Тамақ өнімдерінің қорлары туралы ақпарат
Р/с
№
Тамақ өнімдерінің атауы
Өлшем бірлігі
Саны
Сомасы, теңге
1
2
3
4
5
Ескертпе:
* Шарттық негізде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 234 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10982 болып тіркелген) бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес келетін қоғамдық тамақтану объектісін
тартқан жағдайда, науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді жүргізуге жасалған шарттардың көшірмелері қоса беріледі:
р/с №
БИН/
ЖСН
Қызметтер берушінің атауы
Шарттың
№ мен күні
Қызметтер берушінің орналасу мекенжайы
1
2
3
4
5
__________________________________________________________________
(әлеуетті қызметтер беруші басшысының лауазымы, тегі,
аты, әкесінің аты (бар болса) және оның қолы)
Мөрдің орны (бар болса)
7 Денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестігі жөніндегі кепілхат
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрығына
7-қосымша
«Тегін медициналық көмектің кепілдік
берілген көлемін көрсету жөніндегі
қызметтер берушінің қойылатын
талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін)
анықтау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
7-қосымша
Нысан
Денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға
сәйкестігі жөніндегі кепілхат
___________________________________________________________
(әлеуетті қызметтер берушінің атауы)
қолданылуының барлық кезеңіне шарт жасасу кезінде денсаулық сақтау саласындағы
стандарттарға сәйкестігіне кепілдік береді:
_________________________________________________________________
(медициналық көмектің, мамандықтың түрі мен нысаны көрсетілсін)
_________________________________________________________________________ сәйкес
(уәкілетті орган бекіткен нормативтік-құқықтың актінің нөмірі мен күні және
толық атауы көрсетілсін)
_____________________________________________________________
(әлеуетті қызметтер беруші басшысының лауазымы, тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса) және оның қолы)
Мөрдің орны (бар болса)
8 Кепілдік міндеттеме
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрығына
8-қосымша
«Тегін медициналық көмектің кепілдік
берілген көлемін көрсету жөніндегі
қызметтер берушінің қойылатын
талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін)
анықтау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
8-қосымша
Нысан
Кепілдік міндеттеме
____________________________________________________________________
(әлеуетті қызметтер берушінің атауы)
мынадай ақпаратты қоса бере отырып, медициналық көмекті үздіксіз жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін көлік құралының болуына кепілдік береді:
1 1. Көлік құралдарының болуы туралы ақпарат:
р/с
№
Көлік құралының атауы
Өлшем бірлігі
Саны
1
2
3
4
Ескертпе:
* Көлік қызметтерін көрсететін ұйымды тартқан жағдайда, көлік қызметтерін көрсету жөнінде жасалған шарттардың көшірмелері қоса беріледі:
р/с №
БИН/
ЖСН
Қызметтер берушінің атауы
Шарттың № мен күні
Қызметтер берушінің орналасу мекенжайы
1
2
3
4
5
_________________________________________________________________
(әлеуетті қызметтер беруші басшысының лауазымы, тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса) және оның қолы)
Мөрдің орны (бар болса)
9 Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрығына
9-қосымша
«Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемін көрсету
жөніндегі қызметтер берушінің
қойылатын талаптарға сәйкестігін
(сәйкес еместігін) анықтау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 9-қосымша
Нысан
_____________________________________________________________________
(әлеуетті қызметтер берушінің атауы)
медициналық көмектің түрлері мен нысандары туралы мәліметтер
1 1. МСАК ұйымдарына соңғы 3 жылда бекітілген халық туралы мәліметтер*:
Медициналық көмектің көлемдері
20___ жыл
20___ жыл
20___ жыл
Ағымдағы жыл
Саны
Сомасы (теңге)
Саны
Сомасы (теңге)
Саны
Сомасы (теңге)
Саны
Сомасы (теңге)
Ескертпе:
* әлеуетті қызметтер беруші бекітілген халқы болған кезде көрсетеді.
Егер әлеуетті қызметтер берушінің медициналық көмек көрсету кезеңі үш жылдан кем болса, мәліметтер өзге кезең үшін ұсынылады.
2 2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде соңғы 3 жылда* көрсетілген және
___________ кезеңіне мәлімделген КДҚ қызметтерінің саны туралы мәліметтер
р/с
№
Қызметтің коды
Қызметтің атауы
Көрсетілген қызметтердің саны
20___ жылға өтінім
20___ жыл
20___ жыл
20___ жыл
Ескертпе:
* әлеуетті қызметтер беруші немесе қосалқы мердігер көрсетеді.
Егер әлеуетті қызметтер берушінің медициналық көмек көрсету кезеңі үш жылдан кем болса, мәліметтер өзге кезең үшін ұсынылады.
3 3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде соңғы 3 жылда**
көрсетілген және ___________ кезеңіне мәлімделген жоғары технологиялық медициналық қызметтердің (бұдан әрі – ЖТМҚ) тізбесі туралы мәліметтер***
Р/с
№
АХЖ-9 бойынша коды
ЖТМҚ технологияларының атауы
ЖТМҚ технологиялары бойынша
қызметтердің көлемі
Оның технологиялардың тізбесі бойынша мәлімделген кезеңге медициналық көмек көрсетуге талаптарға сәйкестігіне арналған қорытындының № мен күні
20___ жыл
20___ жыл
20___ жыл
20___ жылға өтінім
Ескертпе:
*ЖТМҚ технологияларын көрсетуге арналған өтінімдер болған жағдайда толтырылады;
** егер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде әлеуетті қызметтер берушінің медициналық көмек көрсету кезеңі үш жылдан кем болса, мәліметтер ЖТМҚ қызметтерін көрсетудің нақты кезеңі үшін ұсынылады.
*** шарттың қолданылу кезеңінде шарт сомасы шеңберінде ЖТМҚ технологиялар тізбесі өзгерген жағдайда қызметтер беруші тапсырыс берушіге уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қорытынды ұсынады.
4 4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде соңғы 3 жылдағы* және ___________ кезеңіне мәлімделген амбулаториялық бағдарламалық гемодиализ қызметтерінің көлемі туралы мәліметтер
Медициналық көмектің көлемдері
20___ жыл
20___ жыл
20___ жыл
20___ жылға өтінім
Науқастардың саны
Сеанстардың саны
сомасы
(теңге)
Науқастардың саны
Сеанстардың саны
Сомасы
(теңге)
Науқастардың саны
Сеанстардың саны
Сомасы
(теңге)
Науқастардың саны
Сеанстардың саны
Сомасы
(теңге)
Ескертпе:
* егер әлеуетті қызметтер берушінің медициналық көмек көрсету кезеңі үш жылдан кем болса, мәліметтер өзге кезең үшін ұсынылады.
5 5. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде соңғы 3 жылдағы* және ___________ кезеңіне мәлімделген мамандандырылған медициналық көмек туралы мәліметтер
Медициналық көмектің түрлері
Медициналық көмектің нысандары
Медициналық көмектің көлемдері
20___ жыл
20___ жыл
20___ жыл
20___ жылға өтінім
Төсек-орын саны
Емделіп шыққан жағдайлардың саны
Сомасы
(теңге)
Т
ө
с
е
к-о
ры
н саны
Емделіп шыққан жағдайлардың саны
Сомасы
(теңге)
Т
өс
ек-ор
ын саны
Емделіп шыққан жағдайлардың саны
Сомасы
(теңге)
Төсек-орын саны
Емделіп шыққан жағдайлардың саны
Сомасы
(теңге)
Ескертпе:
* егер әлеуетті қызметтер берушінің медициналық көмек көрсету кезеңі үш жылдан кем болса, мәліметтер өзге кезең үшін ұсынылады.
______________________________________________________________
(әлеуетті қызметтер беруші басшысының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса) және оның қолы)
Мөрдің орны (бар болса)
10 Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне бекіту науқанының қорытындылары бойынша хаттамадан үзінді көшірме
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрығына
10-қосымша
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
10-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне бекіту науқанының қорытындылары бойынша хаттамадан үзінді көшірме
__________________ 20__ жылғы «___» _________
(орналасқан жері)
Бұйрықпен құрылған комиссия _________________________________________
(ДСБ-ның атауы)
20____жылғы_______________________ №_________________________________
(бұйрықтың атауы)
Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне _____________ жылға бекіту науқанының қорытындыларын қарау нәтижелері бойынша ашық дауыс беру арқылы мынадай ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 638 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11960 болып тіркелген) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларымен қойылатын талаптарға сәйкес қызметтер берушіні таңдау рәсіміне жіберілді (жіберілген жоқ):
р/с№
БСН/
ЖСН
МСАК-тың әлеуетті қызметтер берушісінің атауы
Заңды мекенжайы
Өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке куәлігінің №, берген орган, берілген күні
«БХТ» порталында тіркелген, бекітілген халықтың саны
1
2
3
4
5
6
ДСБ-ның басшысы ______________________________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Мөрдің орны
11 _____ жылға Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне бекіту науқанына қатыспаған МСАК-тың әлеуетті қызметтер берушісіне бекітілген халық саны туралы мәліметтер
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрығына
11-қосымша
«Тегін медициналық көмектің кепілдік
берілген көлемін көрсету жөніндегі
қызметтер берушінің қойылатын
талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін)
анықтау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
11-қосымша
Нысан
_____ жылға Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне бекіту науқанына қатыспаған МСАК-тың әлеуетті қызметтер берушісіне бекітілген халық саны туралы мәліметтер
__________________ 20__ жылғы «___» _________
(орналасқан жері)
Бұйрықпен құрылған комиссия _____________________________________________
(ДСБ-ның атауы)
20____жылғы_______________________ №_____________________________________
(бұйрықтың атауы)
Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне бекіту науқанының нәтижелері бойынша «БХТ» порталында тіркелген, бекітілген халықтың саны _____________ жылға мыналарды құрайды:
р/с№
БСН/
ЖСН
МСАК-тың әлеуетті қызметтер берушісінің атауы
Заңды мекенжайы
Өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке куәлігінің №, берген орган, берілген күні
«БХТ» порталында тіркелген, бекітілген халықтың саны
1
2
3
4
5
6
Ақпараттандыру субъектісінің басшысы ____________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Мөрдің орны
12 Төсек қоры туралы мәліметтер
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрығына
12-қосымша
«Тегін медициналық көмектің кепілдік
берілген көлемін көрсету жөніндегі
қызметтер берушінің қойылатын
талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін)
анықтау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
12-қосымша
Нысан
Төсек қоры туралы мәліметтер
________________________________________________________________________________
(әлеуетті қызметтер берушінің атауы)
р/с
№
Төсек-орын бейінінің атауы
Төсек-орын саны
20___ жыл
20___ жыл
20___ жыл
20__ жылға жоспарланатын
1
2
3
4
5
6
Ересек халық үшін:
Балалар үшін:
ЖИЫНЫ (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету үшін төсек-орындардың жалпы саны)
Ескертпе:
* егер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде әлеуетті қызметтер берушінің медициналық көмек көрсету кезеңі үш жылдан кем болса, мәліметтер өзге кезең үшін ұсынылады.
____________________________________________________________
(әлеуетті қызметтер беруші басшысының лауазымы, тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса) және оның қолы)
Мөрдің орны (бар болса)
13 Медициналық техниканың болуы туралы мәліметтер
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрығына
13-қосымша
«Тегін медициналық көмектің кепілдік
берілген көлемін көрсету жөніндегі
қызметтер берушінің қойылатын
талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін)
анықтау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
13-қосымша
Нысан
Медициналық техниканың болуы туралы мәліметтер
______________________________________________________________________________
(әлеуетті қызметтер берушінің атауы)
р/с
№
Медициналық техниканың атауы
Оның ішінде қаржы лизингі шарттарында сатып алынған (иә/жоқ)
Шыққан жылы
Саны
Медициналық техниканың ағымдағы жағдайы (жұмыс істейді/жұмыс істемейді)
1
2
3
4
5
6
_______________________________________________________________________
(әлеуетті қызметтер беруші басшысының лауазымы, тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса) және оның қолы)
Мөрдің орны (бар болса)
14 Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрығына
14-қосымша
«Тегін медициналық көмектің кепілдік
берілген көлемін көрсету жөніндегі
қызметтер берушінің қойылатын
талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін)
анықтау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
14-қосымша
Нысан
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РММ-ның №___ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет көрсетуге Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1 1) _______________________________;
2 2) _______________________________;
3 3) . . . .
(мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
___________________________________________________________________________
(орталық қызметкерінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Орынд: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).
Тел: _________
Алдым: ____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
20__ жылғы «___» _________
15 Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрығына
15-қосымша
16 Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрығына
16-қосымша
17 Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрығына
17-қосымша
18 Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрығына
18-қосымша
19 Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрығына
19-қосымша
20 Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрығына
20-қосымша
21 Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрығына
21-қосымша
22 Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрығына
22-қосымша
23 Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрығына
23-қосымша
24 Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрығына
24-қосымша
25 Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрығына
25-қосымша
26 Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрығына
26-қосымша
27 Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрығына
27-қосымша
28 Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрығына
28-қосымша
29 Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрығына
29-қосымша
30 Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрығына
30-қосымша
31 Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрығына
31-қосымша
32 Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрығына
32-қосымша
33 Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрығына
33-қосымша
34 Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрығына
34-қосымша
35 Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрығына
35-қосымша
36 Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрығына
36-қосымша
37 Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрығына
37-қосымша
38 Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрығына
38-қосымша
39 Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрығына
39-қосымша
40 Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрығына
40-қосымша
41 Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрығына
41-қосымша