О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 7/7-VI
- Қабылданған күні
- 20.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 14.10.2021 109488_569558.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.10.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16VN004851
- ЭКБ идентификаторы
- 109488
- Редакция идентификаторы
- 109488_569558
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:51
0 Мүгедектер қатарындағы
кемтар балаларды жеке
оқыту жоспары бойынша
үйде оқытуға жұмсаған
шығындарды өтеу туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 11 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындары ай сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.
2 2. Келесі тәртіп айқындалсын:
1 1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды «Шығыс Қазақстан облысы Күршімі ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүргізеді;
2 2) үйде оқытылатын мүгедектер қатарындағы кемтар балаларға (толық мемлекет қарауындағы мүгедек балалардан басқа) шығындарды өтеу ата-анасының біреуіне немесе мүгедек балалардың заңды өкіліне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;
3
3) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағына сәйкес ұсынылады (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 тіркелді);