Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи и описания служебного удостоверения государственных служащих государственного учреждения «Аппарат Уланского районного маслихата»

Ереже · № 67 · қабылданған 23.12.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-109490/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи и описания служебного удостоверения государственных служащих государственного учреждения «Аппарат Уланского районного маслихата» Күшін жойған Ереже ·№ 67 ·23.12.2016
17.06.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи и описания служебного удостоверения государственных служащих государственного учреждения «Аппарат Уланского районного маслихата»

Күшін жойған Ереже ·№ 67 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи и описания служебного удостоверения государственных служащих государственного учреждения «Аппарат Уланского районного маслихата»
Атауы (қаз.)
«Ұлан аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәліктерін беру қағидасы мен оның сипаттамасын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
67
Қабылданған күні
23.12.2016
Көрсетілген редакция
17.06.2020 109490_470646.kaz
Соңғы өзгеріс
17.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16VQ004865
ЭКБ идентификаторы
109490
Редакция идентификаторы
109490_470646
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:42

0 «Ұлан аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәліктерін беру қағидасы мен оның сипаттамасын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30–бабының 4–тармағына сәйкес, Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Ұлан аудандық мәслихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлікті беру Қағидалары;

2 2) осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Ұлан аудандық мәслихаты аппаратының қызметтік куәліктің сипаттамасы бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ұлані аудандық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Ұлан аудандық мәслихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидалары

Ұлан аудандық мәслихаттың
2016 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 67 шешіміне 1-қосымша
Ұлан аудандық мәслихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Ұлан аудандық мәслихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес бекітілген, және Шығыс Қазақстан облысының облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәліктерді беру тәртібін белгілейді.

2 2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі – қызметтік куәлік) мемлекеттік қызметшінің атқарып отырған лауазымын растайтын ресми құжат болып табылады.

2 2. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

3 3. Қызметтік куәлік Ұлан аудандық мәслихаты хатшысының қолы қойылып, Ұлан аудандық мәслихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне беріледі (бұдан әрі – қызметкер).

4 4. Қызметтік куәліктер мемлекеттік қызметшілерге лауазымға тағайындалғанда, лауазымы ауысқанда, және де бұған дейін берілген куәліктің мерзімі өткен, жоғалған, бүлінген жағдайда үш жылға беріледі. Сайланатын лауазымдарға қызметтік куәліктер сайлау мерзіміне беріледі.

Мемлекеттік қызметшілер алған қызметтік куәлік үшін осы Қағидаларға қосымша нысан бойынша Ұлан аудандық мәслихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беруді және қайтаруды есепке алу журналына (бұдан әрі – есепке алу журналы) қол қояды.

5 5. Қызметтік куәліктер және қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметінің сейфінде сақталады.

6 6. Мемлекеттік қызметшілер жұмыстан босатылғанда, лауазымдарын ауыстырғанда сәйкес акті шыққан күннен кейінгі үш жұмыс күн ішінде қызметтік куәліктерін алған жерлеріне тапсырады.

7

7. Қызметкерлер жұмыстан босатылған, лауазымын ауыстырған, жарамдылық мерзімі өткен, немесе бүлінген кезде тапсырған қызметтік куәліктері Ұлан аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің қызметкерлерімен еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасала отырып, бір жыда бір рет жойылуға жатады.
Мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылғанда кезде қызметтік куәлікті тапсырғаннан кейін кету парағына қызметтік куәлікті беру үшін жауапты адамның қолы қойылады.

8

8. Қызметтік куәлікті жарамдылық мерзімі өткен, бұған дейін берілген куәлік бүлінген жағдайда ауыстыру кезінде (осы Қағиданың 4-тармағында көрсетілген), бұрын берілген қызметтік куәлікті Ұлан аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің қызметтік куәлік беруге жауапты қызметкерлері қайтарып алады.

9 9. Қызметтік куәлік жоғалған жағдайда оның иесі дереу Ұлан аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің жазбаша (еркін) нысанда хабардар етеді және жоғалтылған қызметтік куәліктің жарамсыз екендігі туралы ауданда таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру береді.

10

10. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, оны ықылассыз сақтаудың, және де басқа адамдарға берудің немесе қызметтік куәлікті мақсатына сай пайдаланбаудың салдарынан бүлдірудің әрбір фактісі бойынша Ұлан аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөліміні белгіленген тәртіпте кінәлі адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін қарастырады.

11 11. Мемлекеттік органның персоналды басқару қызметтері жыл сайын, 1 қаңтардағы жағдай бойынша, қызметтік куәліктердің есептік деректерге сәйкестігіне салыстырып тексеру жүргізеді.

12 12. Қызметтік куәліктерін толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды Ұлан аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің басшылары жүзеге асырады.

21 Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік куәлік беруді және қайтаруды есепке алу журналы

Ұлан аудандық мәслихат
аппаратының
мемлекеттік қызметшілеріне
қызметтік куәлік беру
қағидаларына қосымша
Үлгі
Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік куәлік беруді және қайтаруды есепке алу журналы

Қыз­мет­тік ку­ә­лік­тің нө­мі­рі
Те­гі, Аты, Жө­ні (бар болған жағ­дай­да)
Ат­қа­ра­тын ла­у­а­зы­мы
Бе­рі­л­ген кү­ні
Жа­рам­ды­лық мер­зі­мі
Ал­ға­ны жө­нін­де же­ке қо­лы
Қыз­мет­тік ку­ә­лік­ті ауы­сты­руы және тап­сыр­ға­ны, (та­ғай­ын­да­луы, ла­у­а­зы­мы­ның өзге­руі, мер­зі­мі­нің өтуі, жұ­мыстан боса­ты­луы жо­ға­луы ту­ра­лы бел­гі)
Қыз­мет­тік ку­ә­лік­ті жою (ак­ті­нің нө­мі­рі мен кү­ні)
Ес­керт­пе
Ескертпе: мемлекеттік қызметшілерге қызметтік куәлік беру және қайтаруды есепке алу журналы тігіліп, нөмірленіп және мемлекеттік органның персоналды басқару қызметінің мөрімен расталады.

22 Ұлан аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы

Ұлан аудандық мәслихаттың
2016 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 67 шешіміне 2-қосымша
Ұлан аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы

1 1. Куәлік мұқабасының көлемі 19 см х 6,5 см (ашып көрсетілген түрінде), қою көк түсті экобылғарыдан немесе жоғары сапалы жасанды былғарыдан жасалған.

2

2. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында (бүктелген түрінде) алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен осы Шығыс Қазақстан облысының облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасына (бұдан әрі - қызметтік куәлік сипаттамасы) 1-қосымшаға сәйкес үлгіде «КУӘЛІК» деген типографиялық қаріппен жазба жазылады.

3

3. Куәліктің оң және сол ішкі жағында: ақ түсті фонда шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасын қолдана отырып көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде тиісті мемлекеттік органның атаулары (мемлекеттік және орыс тілдерінде), одан төмен мәтіннен қызыл түсті үзік жолақпен бөлектелген «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазулар орналастырылған, төменгі жағында осы қызметтік куәлік сипаттамасына 2-қосымшаға сәйкес үлгіде куәліктің нөмірі, мемлекеттік қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) атқаратын лауазымы көрсетіледі.

4 4. Сол жағында: көлемі 3 см х 4 см фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), тиісті мемлекеттік орган басшысының қолымен және елтаңбалы мөрімен расталған осы қызметтік куәлік сипаттамасының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік тілдегі мәтін.

5

5. Оң жағында: көгілдір түсті фонда көлемі 3 см х 4 см Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында «ҚАЗАҚСТАН» деген жазу және осы қызметтік куәлік сипаттамасының 3-тармағына сәйкес орыс тіліндегі мәтін. Төменгі жағында мемлекеттік және орыс тілдерінде куәліктің жарамдылық мерзімі көрсетіледі.

28 Куәлік мұқабасы

Ұлан аудандық мәслихат
аппаратының мемлекеттік
қызметшілерінің қызметтік
куәлігінің сипаттамасына
1-қосымша
Куәлік мұқабасы

29 Куәліктің ішкі бөлігі

Ұлан аудандық мәслихат
аппаратының мемлекеттік
қызметшілерінің қызметтік
куәлігінің сипаттамасына
2-қосымша
Куәліктің ішкі бөлігі

Қолданыстағы