Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Бухар-Жырауского района

Ереже · № 10 · қабылданған 23.12.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-109509/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Бухар-Жырауского района Қолданыста Ереже ·№ 10 ·23.12.2016
29.09.2023 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Бухар-Жырауского района

Қолданыста Ереже ·№ 10 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Бухар-Жырауского района
Атауы (қаз.)
Бұқар жырау ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
10
Қабылданған күні
23.12.2016
Көрсетілген редакция
29.09.2023 109509_658343.kaz
Соңғы өзгеріс
29.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16KK004131
ЭКБ идентификаторы
109509
Редакция идентификаторы
109509_658343
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:40

0 Бұқар жырау ауданының

Құрмет грамотасымен
наградтау туралы Ережені
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Бұқар жырау ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже бекітілсін.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

3 Бұқар жырау аудандық

мәслихатының 10 сессиясының
2016 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 10 шешімімен бекітілген
Бұқар жырау ауданының Құрмет грамотасымен
наградтау туралы Ереже

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Бұқар жырау ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже (бұдан әрі – Құрмет грамотасы) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

2 2. Құрмет грамотасы:

1 1) экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегі, білім берудегі, спорттағы, әскери және мемлекеттік қызметтегі, құқық қорғау және қоғамдық қызметтегі елеулі жетістіктері үшін;

2 2) халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты және мәдени байланыстарды нығайту бойынша жемісті қызметті жүзеге асырғаны үшін марапаттау және ынталандырудың бір нысаны болып табылады.

3 3. Құрмет грамотасымен Бұқар жырау ауданының дамуына қомақты үлес қосқан:

1 1) азаматтар, мекеме, кәсіпорын және ұйымдардың қызметшілері;

2 2) меншік нысанына қарамастан, еңбекте, қоғамдық-саяси қызметте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген шаруашылық жүргізуші субъектілер ұжымдары, ұйымдар, мекемелер, шығармашылық ұжымдары;

3 3) азаматтығы жоқ адамдар және шет мемлекеттердің азаматтары наградталады.

4 4. Құрмет грамотасымен:

1 1) наградтау сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған, сотталғандығы бар адамдар;

2 2) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдар;

3 3) сот сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп таныған адамдар марапаттала алмайды.

5 5. Бір тұлға (ұжым, ұйым) бес жыл ішінде аудандық Құрмет грамотасымен наградталуға екі рет ұсыныла алмайды.

6 6. Наградтау ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де Қазақстан Республикасының мерекелеріне орайластырылады.

2 2. Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі

7

7. Құрмет грамотасымен наградтауға ұсынысты аудан әкімінің аппаратына шараның өтетін күнінен кемінде жиырма күнтізбелік күн бұрын меншік нысанына қарамастан мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар, жергілікті өкілі және атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдар, шығармашылық бірлестіктер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары жолдайды.
Ұсыныста тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), атқаратын лауазымы немесе (ұйымның, ұжымның) ресми атауы көрсетіледі, нақты еңбек және шығармашылық еңбектері, ауданның дамуына қосқан үлесі баяндалған сипаттама беріледі. Ұсынысқа бірінші басшы қол қояды.
Ұсынысқа кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі не ұйымның, мекеменің немесе шығармашылық ұжымның құрылтайшылық құжаттары қоса тіркеледі.

8 8. Құрмет грамотасымен наградтау үшін өзінің кандидатурасын өзі ұсынған азаматтардан түскен материалдар қаралмайды.

9 9. Келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және наградтау жөнінде ұсыныс әзірленуі үшін, наградтау жөніндегі аудан әкімі жанындағы комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) жолданады.

10 10. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешімді аудан әкімі мен аудандық мәслихаттың төрағасы (немесе олардың міндетін атқарушы тұлғалар) Комиссияның оң қорытындысына сәйкес бірлескен өкім шығару жолымен қабылдайды.

11 11. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты жағдайда наградталушының жеке өзіне тапсырылады. Құрмет грамотасын аудан әкімі және (немесе) аудандық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсырмасы бойынша өзге тұлғалар тапсырады.

12 12. Наградтау бойынша материалдар аудан әкімінің аппаратында сақталады.

3 3. Құрмет грамотасының сипаттамасы

13 13. Құрмет грамотасы папкадан және ішіне салынатын айқарма беттерден тұрады. Папка көк түстен дайындалады. Папканың бет жағында 7х7 көлемінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және "Құрмет грамотасы" жазуы жазылған.

Құрмет грамотасы А3 форматында дайындалады, 1 биг, қағазы жылтыр, тегіс 250 гр/м2, түрлі-түсті басу, мемлекеттік символика – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын бейнелеумен екі жағынан алтын түстес.
Айқарма беттің ішкі сол жағында: ортада – желбіреген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының түрлі-түсті бейнесі орналасады.
Төменгі бөлігінде аудан әкімінің және аудандық мәслихат төрағасының қолдары үшін мемлекеттік тілде мәтін орналасады, қол елтаңбалық мөрлермен расталады, қолдан кейін мемлекеттік тілде марапаттау күні көрсетіледі.
Төменгі бөлігінде аудан әкімінің және аудандық мәслихат хатшысының қолдары үшін мемлекеттік тілде мәтін орналасады, қол елтаңбалық мөрлермен расталады, қолдан кейін мемлекеттік тілде марапаттау күні көрсетіледі.
Наградталушының тегі, аты, әкесінің аты жеке басты куәландыратын құжатына сәйкес көрсетіледі.
Ұйым, мекеме немесе шығармашылық ұжымның атауы құрылтайшылық құжаттарға сәйкес көрсетіледі.
Айқарма бет компьютермен терілген көлбеусіз қара түсті шрифтермен, принтерді пайдалана отырып толтырылады. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, айқарма бет қолмен, анық және түсінікті жазумен, түзетулерсіз қара түсті сиямен толтырылады.

Қолданыстағы