Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения «Аппарат Шемонаихинского районного маслихата» и его описания

Ереже · № 10/7-VI · қабылданған 22.12.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-109510/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения «Аппарат Шемонаихинского районного маслихата» и его описания Күшін жойған Ереже ·№ 10/7-VI ·22.12.2016
12.06.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения «Аппарат Шемонаихинского районного маслихата» и его описания

Күшін жойған Ереже ·№ 10/7-VI · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения «Аппарат Шемонаихинского районного маслихата» и его описания
Атауы (қаз.)
«Шемонаиха аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлік беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
10/7-VI
Қабылданған күні
22.12.2016
Көрсетілген редакция
12.06.2020 109510_468405.kaz
Соңғы өзгеріс
12.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16VS004868
ЭКБ идентификаторы
109510
Редакция идентификаторы
109510_468405
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:46

0 «Шемонаиха аудандық

мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің
қызметтік куәлік беру қағидаларын
және оның сипаттамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес «Шемонаиха аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлік беру қағидалары;

2 2) осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес «Шемонаиха аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы бекітілсін.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 «Шемонаиха аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлік беру қағидалары

Шемонаиха аудандық мәслихатының
2016 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 10/7-VI шешіміне
1 қосымша
«Шемонаиха аудандық мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлік беру қағидалары
1. Жалпы ережелер

1 1. Осы «Шемонаиха аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлік беру қағидалары (бұдан әрі –Қағидалар) «Шемонаиха аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – аудандық мәслихат аппараты) қызметтік куәліктерді беру тәртібін белгілейді.

2 2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі – қызметтік куәлік) мемлекеттік қызметшінің атқарып отырған лауазымын растайтын құжат болып табылады.

2 2. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

3 3. Қызметтік куәлік аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне аудандық мәслихат хатшысының қолы қойылып беріледі.

4 4. Қызметтік куәліктер мемлекеттік қызметшілерге лауазымға тағайындалғанда, лауазымы ауысқанда, және де бұған дейін берілген куәліктің мерзімі өткен, жоғалған, бүлінген жағдайда үш жылға беріледі.

Мемлекеттік қызметшілер алған қызметтік куәлік үшін осы Қағидаларға қосымша нысан бойынша аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беруді және қайтаруды есепке алу журналына (бұдан әрі – есепке алу журналы) қол қояды.

5 5. Қызметтік куәліктер және есепке алу журналы аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және кұқықтық бөлімінің сейфінде сақталады.

6 6. Мемлекеттік қызметшілер жұмыстан босатылғанда, лауазымдарын ауыстырғанда сәйкес өкім шыққан күннен кейінгі үш жұмыс күн ішінде қызметтік куәліктерін алған жерлеріне тапсырады.

7

7. Қызметкерлер жұмыстан босатылған, лауазымын ауыстырған, жарамдылық мерзімі өткен, немесе бүлінген кезде тапсырған қызметтік куәліктері аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және құқықтық бөлімінің қызметкерлерімен еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасала отырып, бір жылда бір рет жойылуға жатады.
Мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылғанда кезде қызметтік куәлікті тапсырғаннан кейін кету парағына қызметтік куәлікті беру үшін жауапты адамның қолы қойылады.

8

8. Қызметтік куәлікті жарамдылық мерзімі өткен, бұған дейін берілген куәлік бүлінген жағдайда ауыстыру кезінде (осы Қағиданың 4-тармағында көрсетілген), бұрын берілген қызметтік куәлікті аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және құқықтық бөлімінің қызметтік куәлік беруге жауапты қызметкері қайтарып алады.

9 9. Қызметтік куәлік жоғалған жағдайда оның иесі дереу аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және құқықтық бөлімін жазбаша (еркін) нысанда хабардар етеді және жоғалтылған қызметтік куәліктің жарамсыз екендігі туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру береді.

10

10. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, оны ықылассыз сақтаудың, және де басқа адамдарға берудің немесе қызметтік куәлікті мақсатына сай пайдаланбаудың салдарынан бүлдірудің әрбір фактісі бойынша аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және құқықтық бөлімі белгіленген тәртіпте кінәлі адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін қарастырады.

11 11. Аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және құқықтық бөлімі жыл сайын, 1 қаңтардағы жағдай бойынша, қызметтік куәліктердің есептік деректерге сәйкестігіне салыстырып тексеру жүргізеді.

12 12. Қызметтік куәліктерін толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және құқықтық бөлімінің басшысы жүзеге асырады.

19 Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік куәлік беруді және қайтаруды есепке алу журналы

«Шемонаиха аудандық
мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің
қызметтік куәлік беру
қағидаларына қосымша
Нысан
Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік куәлік беруді және қайтаруды есепке алу журналы

Қыз­мет­тік ку­ә­лік­тің нө­мі­рі
Те­гі, Аты, Жө­ні (бар болған жағ­дай­да)
Ат­қа­ра­тын ла­у­а­зы­мы
Бе­рі­л­ген кү­ні
Жа­рам­ды­лық мер­зі­мі
Ал­ға­ны жө­нін­де же­ке қо­лы
Қыз­мет­тік ку­ә­лік­ті ауы­сты­руы және тап­сыр­ға­ны (та­ғай­ын­да­луы, ла­у­а­зы­мы-ның өзге­руі, мер­зі­мі­нің өтуі, жұ­мыстан боса­ты­луы, жо­ға­луы) ту­ра­лы бел­гі
Қыз­мет­тік ку­ә­лік­ті жою (ак­ті­нің нө­мі­рі мен кү­ні)
Ес­керт­пе
Ескертпе: мемлекеттік қызметшілерге қызметтік куәлік беру және қайтаруды есепке алу журналы тігіліп, нөмірленіп және мемлекеттік мекеменің мөрімен расталады.

20 «Шемонаиха аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы

Шемонаиха аудандық
мәслихатының 2016 жылғы
22 желтоқсандағы № 10/7-VI
шешіміне 2 қосымша
«Шемонаиха аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің
қызметтік куәлігінің сипаттамасы

1 1. Куәлік мұқабасының көлемі 19 см х 6,5 см (ашып көрсетілген күйінде), қою көк түсті экобылғарыдан немесе жоғары сапалы жасанды былғарыдан жасалған.

2 2. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында (бүктелген күйінде) алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен осы қызметтік куәлігінің сипаттамасына 1-қосымшаға сәйкес үлгіде «КУӘЛІК» деген типографиялық қаріппен жазба жазылады.

3

3. Куәліктің оң және сол ішкі жағында: ақ түсті фонда шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасын қолдана отырып көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде ШЕМОНАИХА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АППАРАТЫ» мемлекеттік мекемесі, «Государственное учреждение «АППАРАТ ШЕМОНАИХИНСКОГО РАЙОННОГО МАСЛИХАТА», одан төмен мәтіннен қызыл түсті үзік жолақпен бөлектелген «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазулар орналастырылған, төменгі жағында осы қызметтік куәлік сипаттамасына 2-қосымшаға сәйкес үлгіде куәліктің нөмірі, мемлекеттік қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) атқаратын лауазымы көрсетіледі.

4 4. Сол жағында: көлемі 3 х 4 см фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), аудандық мәслихат хатшысының қолымен және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөрімен расталған осы қызметтік куәлік сипаттамасының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік тілдегі мәтін.

5

5. Оң жағында: көгілдір түсті фонда көлемі 3 х 4 см Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында «ҚАЗАҚСТАН» деген жазу және осы қызметтік куәлік сипаттамасының 3-тармағына сәйкес орыс тіліндегі мәтін. Төменгі жағында мемлекеттік және орыс тілдерінде куәліктің жарамдылық мерзімі көрсетіледі.

26 Куәлік мұқабасы

«Шемонаиха аудандық мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің
қызметтік куәлігінің сипаттамасына
1-қосымша
Куәлік мұқабасы

27 Куәліктің ішкі бөлігі

«Шемонаиха аудандық
мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің
қызметтік куәлігінің сипаттамасына
2-қосымша
Куәліктің ішкі бөлігі

Қолданыстағы