Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера
- Атауы (қаз.)
- Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 01
- Қабылданған күні
- 23.01.2017
- Көрсетілген редакция
- 22.05.2017 109516_190146.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.05.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17KM004132
- ЭКБ идентификаторы
- 109516
- Редакция идентификаторы
- 109516_190146
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:23
0 Табиғи сипаттағы төтенше
жағдайды жариялау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48 бабы және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулысына сәйкес Қарқаралы ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Қасым Аманжолов ауылдық округінің Белдеутас ауылында, Нұркен Әбдіров ауылдық округінің Ақшоқы ауылында, Қырғыз ауылдық округінің Борлыбұлақ, Кент ауылдарында, Қаракөл ауылдық округінің Қаракөл ауылында, Тегісшілдік ауылдық округінің Жарлы, Қарынши ауылдарында, Абай ауылдық округінің Айнабұлақ ауылында, Жаңатоған ауылдық округінің Ежебай ауылында, Қайнарбұлақ ауылдық округінің Жалпақшілік, Милыбұлақ ауылдарында, Қаршығалы ауылдық округінің Жаңа жол ауылында, Нығмет Нұрмақов атындағы ауылдық округінің Бастал ауылында, Темірші ауылдық округінің Қараағаш ауылында, Балқантау ауылдық округінің Айнабұлақ және Шарықты ауылдық округінің Қызылшілік, Шөптікөл ауылдарында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.