Об установлении границы (черты) села Умирзак
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении границы (черты) села Умирзак
- Атауы (қаз.)
- Өмірзақ ауылының шекарасын (шегін) белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 6/68
- Қабылданған күні
- 09.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 10.10.2024 109519_724789.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.10.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16MA003266
- ЭКБ идентификаторы
- 109519
- Редакция идентификаторы
- 109519_724789
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:59
0 Өмірзақ ауылының
шекарасын (шегін) белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 31 баптарына сәйкес Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы бірлескен қаулы және шешімге қосымшаға сәйкес Ақтау қаласының Өмірзақ ауылының шекаралары белгіленсін.
2
2. Ақтау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 15 қазандағы № 1039 және Ақтау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 15 қазандағы № 13/126 «Өмірзақ ауылының шекарасын белгілеу туралы» бірлескен қаулысы мен шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-1-98 болып тіркелген, 2008 жылғы 15 қарашадағы «Маңғыстау» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3
3. «Ақтау қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы − Д.Телегенова) осы бірлескен қаулы және шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бірлескен қаулының және шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің орынбасарына (Ө.Бисақаевқа) және Ақтау қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелері және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ы.Көшербай) жүктелсін.
5 5. Осы бірлескен қаулы және шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтау қалалық жер қатынастары
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
басшысы
______________ Е.Е.Кенған
«20» желтоқсан 2016 ж.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтау қалалық сәулет және
қала құрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
______________ Е.А.Саркенов
«21» желтоқсан 2016 ж.
«КЕЛІСІЛДІ»
Өмірзақ ауылының әкімі
______________ Е.Р.Сарыев
«21» желтоқсан 2016 ж.
6 Ақтау қаласының Өмірзақ ауылының шекаралары
Ақтау қаласы әкімдігінің 2016
жылғы 9 желтоқсандағы № 2266
және Ақтау қалалық мәслихатының
2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 6/68
бірлескен қаулысы мен шешіміне
қосымша
Ақтау қаласының Өмірзақ ауылының шекаралары
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтау қалалық сәулет
және қала құрылысы
бөлімі» мемлекеттік мекемесі
«КЕЛІСІЛДІ»
Өмірзақ ауылының әкімі
Ескертпе:
аббревиатураның ажыратылып жазылуы: га – гектар