Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Новошумное Федоровского района Костанайской области

Ереже · № 82 · қабылданған 22.12.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-109548/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Новошумное Федоровского района Костанайской области Күшін жойған Ереже ·№ 82 ·22.12.2016
14.09.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Новошумное Федоровского района Костанайской области

Күшін жойған Ереже ·№ 82 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Новошумное Федоровского района Костанайской области
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы Федоров ауданы Новошумный ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
82
Қабылданған күні
22.12.2016
Көрсетілген редакция
14.09.2023 109548_656108.kaz
Соңғы өзгеріс
14.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16NT006813
ЭКБ идентификаторы
109548
Редакция идентификаторы
109548_656108
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:47

0 Қостанай облысы Федоров ауданы Новошумный ауылының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Федоров ауданы Новошумный ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы бекітілсін.

2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Федоров ауданы Новошумный ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

3. Мәслихаттың 2014 жылғы 27 ақпандағы № 210 «Қостанай облысы Федоров ауданы Новошумный ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4562 тіркелген, 2014 жылғы 25 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Новошумный ауылының әкімі
____________ В. Клочко

5 Қостанай облысы Федоров ауданы Новошумный ауылының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидалары

Мәслихаттың
2016 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 82 шешімімен
бекітілген
Қостанай облысы Федоров ауданы Новошумный ауылының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қостанай облысы Федоров ауданы Новошумный ауылының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Новошумный ауылы тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Новошумный ауылының аумағы учаскелерге (ауылдар) бөлінеді.

4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Новошумный ауылының әкімі шақырады және ұйымдастырады.

6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Новошумный ауылының әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

7. Новошумный ауылы шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Новошумный ауылының әкімі ұйымдастырады.

8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Новошумный ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Новошумный ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Федоров аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Новошумный ауылы әкімінің аппаратына беріледі.

22 Қостанай облысы Федоров ауданы Новошумный ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Мәслихаттың
2016 жылғы «22» желтоқсандағы
№ 82 шешіміне
2-қосымша
Қостанай облысы Федоров ауданы Новошумный ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Қостанай облысы Федоров ауданы Новошумный ауылының тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Қостанай облысы Федоров ауданы Новошумный ауылының тұрғындарына
65

Қолданыстағы