Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местными исполнительными органами Павлодарской, Карагандинской, Алматинской, Южно-Казахстанской, Костанайской и Жамбылской областей
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местными исполнительными органами Павлодарской, Карагандинской, Алматинской, Южно-Казахстанской, Костанайской и Жамбылской областей
- Атауы (қаз.)
- Павлодар, Карағанды, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай және Жамбыл облыстары жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 39
- Қабылданған күні
- 23.01.2017
- Көрсетілген редакция
- 23.01.2017 109609_153806.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.01.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700014755
- ЭКБ идентификаторы
- 109609
- Редакция идентификаторы
- 109609_153806
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:23
0 Павлодар, Карағанды, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай және Жамбыл облыстары жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 212-бабына және «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Павлодар, Карағанды, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай және Жамбыл облыстарының жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығарудың мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:
1 1) шарттар:
мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2017 жыл;
бағалы қағаздардың түрі – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберуге арналған, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;
2 2) көлемдері:
Павлодар облысы – 1 715 028 000 (бір миллиард жеті жүз он бес миллион жиырма сегіз мың) теңгеден артық емес;
Карағанды облысы – 1 526 620 000 (бір миллиард бес жүз жиырма алты миллион алты жүз жиырма мың) теңгеден артық емес;
Алматы облысы – 1 995 267 000 (бір миллиард тоғыз жүз тоқсан бес миллион екі жүз алпыс жеті мың) теңгеден артық емес;
Оңтүстік Қазақстан облысы – 2 773 345 000 (екі миллиард жеті жүз жетпіс үш миллион үш жүз қырық бес мың) теңгеден артық емес;
Қостанай облысы – 1 286 058 000 (бір миллиард екі жүз сексен алты миллион елу сегіз мың) теңгеден артық емес;
Жамбыл облысы – 1 371 028 000 (бір миллиард үш жүз жетпіс бір миллион жиырма сегіз мың) теңгеден артық емес;