Құжат мәтініне өту

Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местными исполнительными органами Мангистауской, Акмолинской областей и городов Астаны и Алматы

Бұйрық · № 51 · қабылданған 25.01.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-109610/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местными исполнительными органами Мангистауской, Акмолинской областей и городов Астаны и Алматы Қолданыста Бұйрық ·№ 51 ·25.01.2017
22.06.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.06.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местными исполнительными органами Мангистауской, Акмолинской областей и городов Астаны и Алматы

Қолданыста Бұйрық ·№ 51 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местными исполнительными органами Мангистауской, Акмолинской областей и городов Астаны и Алматы
Атауы (қаз.)
Маңғыстау, Ақмола облыстары және Астана мен Алматы қалалары жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
51
Қабылданған күні
25.01.2017
Көрсетілген редакция
22.06.2017 109610_207961.kaz
Соңғы өзгеріс
22.06.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700014754
ЭКБ идентификаторы
109610
Редакция идентификаторы
109610_207961
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:22

0 Маңғыстау, Ақмола облыстары және Астана мен Алматы қалалары жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 212-бабына және «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Маңғыстау, Ақмола облыстарының және Алматы мен Астана қалаларының жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығарудың мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:

1 1) шарттар:

мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2017 жыл;
бағалы қағаздардың түрі – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберуге арналған, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;

2 2) көлемдері:

Маңғыстау облысы – 1 336 788 000 (бір миллиард үш жүз отыз алты миллион жеті жүз сексен сегіз мың) теңгеден артық емес;
Ақмола облысы – 410 198 000 (төрт жүз он миллион жүз тоқсан сегіз мың) теңгеден артық емес;
Астана қаласы – 6 922 232 000 (алты миллиард тоғыз жүз жиырма екі миллион екі жүз отыз екі мың) теңгеден артық емес;
Алматы қаласы – 4 219 856 000 (төрт миллиард екі жүз он тоғыз миллион сегіз жүз елу алты мың) теңгеден артық емес;

3 3) нысаналы мақсаты - мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті (Р.Т. Мейрханов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялауға жіберілуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы