О квоте рабочих мест для инвалидов
Күшін жойған
Қаулы
·№ 790
·
19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О квоте рабочих мест для инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 790
- Қабылданған күні
- 05.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 02.08.2018 109624_695051.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.08.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16VF004816
- ЭКБ идентификаторы
- 109624
- Редакция идентификаторы
- 109624_695051
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:03
0 Мүгедектер үшін жұмыс
орындарының квотасы туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 6-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, мүгедектерді жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санынан қосымшаға сай мөлшерінде белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Ш. Жоргекбаевқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квота мөлшері
Аягөз ауданы әкімідігінің
2016 жылғы 5 желтоқсан
№ 790 қаулысына
қосымша
Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квота мөлшері
Тізімдік саны
бар ұйымдар
Квота мөлшері (%)
елуден жүз адамға дейін
2
жүзден екі жүз елу адамға дейін
3
екі жүз елуден артық адам
4