О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 8/68-VI
- Қабылданған күні
- 23.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 25.10.2021 109636_544477.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.10.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16VF004847
- ЭКБ идентификаторы
- 109636
- Редакция идентификаторы
- 109636_544477
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:43
0 Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11-бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындары оқу жылы ағымында ай сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.
2 2. Келесі тәртіп айқындалсын:
1 1) кемтар балаларды оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу «Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі;
2 2) үйде оқытылатын мүгедектер қатарындағы кемтар балаларға шығындарды өндіру (толық мемлекет қарауындағы мүгедек балалардан басқа) ата-анасының біреуіне немесе мүгедек балалардың заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;
3
3) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағына сәйкес ұсынылады (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 тіркелді);