Құжат мәтініне өту

О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану

Өзге акт · № 8/65-VI · қабылданған 23.12.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-109648/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану Күшін жойған Өзге акт ·№ 8/65-VI ·23.12.2016
26.10.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.10.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану

Күшін жойған Өзге акт ·№ 8/65-VI · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану
Атауы (қаз.)
Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп беру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
8/65-VI
Қабылданған күні
23.12.2016
Көрсетілген редакция
26.10.2021 109648_551757.kaz
Соңғы өзгеріс
26.10.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16VM004850
ЭКБ идентификаторы
109648
Редакция идентификаторы
109648_551757
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:42

0 Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары

бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп беру туралы
«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 11-бабы 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындары оқу жылы ағымында ай сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.

2 2. Келесі тәртіп айқындалсын:

1 1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп беру «Катонқарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы жүргізіледі;

2 2) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп беру (толықтай мемлекет қарауындағы мүгедек балалардан басқа) үйде оқытылатын мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-аналарының біреуіне немесе заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз ұсынылады;

3

3) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп беру үшін қажетті құжаттардың тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 тіркелген) «Әлеуметтік еңбек саласында мемлекеттік қызметтер стандараттарын бекіту туралы» № 279
бұйрығымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес ұсынылады;

4 4) оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп беру психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында көрсетілгендей, кемтар баланы үйде оқытудың қажеттілігі танылған жағдайда өтініш берілген айдан бастап тағайындалады;

5 5) шығындарды өндіріп беруді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар туындағанда (мүгедек баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау, мүгедек баланың мемлекеттік мекемелерде оқуы кезеңінде), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы